home
home home

Аудан әкімдігі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекен-жайы:Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75.
Электрондық почтаның мекен-жайы:zhkx_ryskulov@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:  8 (72631) 2-18-37, 8 (72631) 2-23-94

Атқарушы органның ережесі:

«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі 

1.         Жалпы ережелер

         1. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімнің қаулылары мен хаттамалық шешімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, ауданның қызметін үйлестіруші, методикалық ұйымдастыру, басқару функцияларын орындау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай  ведомстволары бар:

1) Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Энергожылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

2) Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Таза Су-2014» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

3. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен елтаңбасы мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіқұрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.  Заңды тұлғаның орналасқан жері. пошталық индексi 080900, Қазақстан

Республикасы Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, №75, жұмыс телефоны: 8 (72631) 2-23-94.

10.  Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11. Осы Ереже «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.         Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

 функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі миссиясы:

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімнің қаулылары мен хаттамалық шешімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындаолуына бақылауды қамтамасыз ету, қоғамның инфрақұрылымының сапалы қызметіне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жергілікті деңгейде жолаушылар көлігінің жұмысын ұйымдастыру мен автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, коммуналдық шаруашылықты дамыту, коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорын сақтау мен ұйымдастыру саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізуді реттеуге, уйлестіру және бақылау жасауға басшылықты жүзеге асырады.

15. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі міндеттері:

-Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімнің қаулылары мен хаттамалық шешімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылап, жүзеге асыру;

-аудан көлеміндегі мемлекеттік коммуналдық тұрңын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, бюджеттік коммуналдық мекемелер жұмыстарына сараптама жасап отыру. Олардың жаңа технологиялық әдістемелер енгізуіне, материалдық-техникалық базаларының нығаюына ықпал ету, аудан тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған бағдарламаларын үйлестіру, экономикалық дамуына ықпал етіп отыру;

-аудандағы мемлекеттік коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорының ұлғаюына жұмыс жүргізу, олардың сақталуын қадағалау (пайдалану), тұрғын үй қорын түгендеу, тұрғын үй құрылыстарын коммуналдық үй қорына алу, жаңа соғылған жеке тұрғын үйлерді қабылдауға комиссияға ұсыныс жасау, комиссия жұмысына қатысып отыру;

-елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған билбордтар мен көрнекі жарнамаларды орналастыру;

-коммуналдық меншік болып табылатын жылумен, электр қуатымен, дренаждық жүйе, тазалық, ауыз сумен қамтамасыз ететін нысандардың жұмысын ұйымдастыру, қалпына келтіру, құру және олардың тұрақты жұмыс істеуін тексеріп, дамуына ықпал етіп отыру;

-аудан аумағындағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау, жөндеу және қайта жөндеу, аудандағы көлік нысандары инфрақұрылымдарын соғу және пайдалануға беру, ауданда қоғамдық жолаушылар және жүк тасуды ұйымдастыру, қадағалау, аудан аумағына тиісті шекте жалпы пайдалынылатын автокөлік жолдарының сапасын арттыру, оның даму бағдарламасын жүзеге асыру, аудандық мәндегі жалпы пайдалынылатын автокөлік жолдары жүйесі мен мемлекеттік өкілетті органдардың арасындағы байланысын жетілдіруге басшылық жасау;

-елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-елді мекендерде абаттандыру мен көгалдандыру жүмыстарының жүргізілуін қадағалау,

-төтенше жағдайлар туындаған кезде уақытша тасымалдауды тоқтату туралы шешім қабылдауға ұсыныс енгізу, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру, құралдар мен күштер құру, оларды дайындықта ұстауды ұйымдастыру, халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру.

16. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары:

– тұрғын үй қорын  дұрыс пайдалану және сақтау шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

– мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік жекеменшік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес елді мекендер көшелерін, жалпы пайдалануға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңартылу және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастырады;

– елді мекендер көшелерін, жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін басқарады;

– ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;

– жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өзге де міндеттерін жүзеге асырады;

– мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды;

– мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама береді;

– облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат береді;

– аудан әкімі, аппарат басшысы, сала орынбасарларының рұқсатымен ауданның тиісті мекемелерімен мәжіліс өткізуге;

– бөлімге қарасты мекемелерден қажетті деректер, мәліметтер алуға, мекемелердің жұмыс жоспарының орындалуын бақылауға;

– аудан әкімінің, орынбасарларының мекеме басшыларына берілген тапсырмаларының орындалуы туралы хабарламалар алуға;

– бөлімге қатысты мекеме жұмыстарының нәтижесін, жетістігін аудан әкіміне, орынбасарларына хабарлап отыру, мекеме жұмыстарының кемшіліктерін жою мақсатында ұсыныстар енгізу;

– аудан әкімінеің шешімдері, өкімдері, қаулыларының жобасын дайындау;

– аудан экономикасының дамуына тиісті мекемелердің үлес қосуы үшін аудандық маслихатта қаралатын мәселелерге байланысты ұсыныс енгізу;

– бөлімге қатысты мәселелер бойынша түскен тұрғындардың арыз шағымына сараптама жасау, оларға тиісті көмек көрсету, уақтылы жауап қайтару;

– аудан әкімінің жанынан құрылған штаб, комиссия отырыстарында бөлімге қатысты мәселелер бойынша мәжілістерге қатысу және ұсыныстар енгізу.

17. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті, мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңына сәйкес аудан әкімінің құқықтары мен міндеттерін орындау бойынша әрекет етеді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты  мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бас мамандары болады.

21. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

– әкімнің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің бөлімдерде және басқа да мекемелерде уақтылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

– Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды;

– сенім хатсыз мекеменің атынан әрекет етеді, бөлім қызметкерлерінің құзыврын, міндеттерін белгілейді, бөлімнің мүлігіне иелік етеді, шарттар түзеді, сенім хаттар береді, Қазақстан Республиксының заңнамаларына сәйкес бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату, тәртәптәк жаза беру, марапаттау сұрақтарын шешеді. Бөлімнің жұмыс істеу режимін өкілетті органмен келісе отырып анықтайды;

– Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;

22. Бірінші басшы өз мамандарының өкілеттіктерін қолданысты заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Аудан әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі

          1) Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Энергожылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

         2) Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Таза Су-2014» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», «Рухани Жаңғыру» бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы», « Автомоболь жолдары туралы» , «Электр энергетикасы туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Конституция»,«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы»«Құқықтық актілер туралы» Заңдары.

  «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы

Дауытбеков Мақсат Арыстанбекұлы

8 (72631) 2-18-37, 2-23-94,  zhkx_ryskulov@mail.ru

Бас маман: Айғасқаев Талғат Нұрсұлтанұлы
Бас маман: Ақмолдаева Камила Қалдарханқызы
Бас маман: Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы
Хатшы: Кенішбек Айдынбек Темірғалиұлы

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Энергожылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

«Құлан-Энергожылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Иманбаев Мұрат Аширалыұлы 

Жұмыс телефоны: 8 (72631) 4-05-71  эл. почтасы: kulan_tazalyk@mail.ru

Мекен-жайы: Құлан ауылы, Оспанова көшесі №2.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Таза Су-2014» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Таза Су-2014» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Салимбаев Серик Тастанбекович

жұмыс телефоны: 8 (72631) 4-02-15  эл. почтасы: kulan_tazasu@mail.ru

Мекен-жайы: Құлан ауылы, Достық көшесі №1.

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта