home
home home

Аудан әкімдігі ветеринарлық бөлімі

 

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекен жайы: Құлан ауылы Жібек жолы №75
Электрондық почтаның мекен жайы:  atokabaev@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:  8 (72631) 4-04-93,  8 (72631) 4-04-53

Атқарушы органның ережесі:

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы  Е Р Е Ж Е

1.Жалпы ережелер

1.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  аудан аумағында ветеринария саласында(ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай  ведомстволары бар:

1) «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің «Құлан-Малдәрігері» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны.

3.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетте жүзеге асырылады.

13. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  кәсіпкерлік субъектілерімен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер  республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері.

14. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Эпизоотиялық қолайлы жағдайды және ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

2)  жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

3)  ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4)  жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

16. Функциялары:

1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды

асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

ішкі сауда объектілерінде;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-тыю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

21) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;

3) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;

4)  аудан әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимінің белгілеу туралы ұсыныс шығаруға;

5) аудан әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға;

6) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;

7)  тиісті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

            18. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өзінің орынбасарының және мекеменің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңдарда белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) мекеменің актілеріне қол қояды;

5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;

6) қолданыстағы заңдармен және осы Ережемен белгіленген шектерде мекеменің мүлкіне өкімдік етеді;

7) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;

8) банкілік есеп-шоттарын ашады, өзге де мәмілелер жасасады;

9) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

            24. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі

1. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Малдәрігер» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», «Рухани Жаңғыру» бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңдары.

Басшыларының Т.А.Ә.А.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Малдәрігер» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тохабаев Аскар Тунгышович. 8(72631) 4-04-93, 4-04-93, atokabaev@mail.ru

  «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы: Токабаев Аскар Тунгышович

8 (72631) 4-04-93   atokabaev@mail.ru

Бөлім басшысының орынбасары: Туткабаев Сымбат Базарбаевич
Сектор меңгерушісі: Алибаев Канат Кожанович
Бас маман: Масалимова Доктаркуль Шаймаханбетовна
Бас маман: Аубакиров Сатыбалды Жамешович
Бас маман: Курмантаев Бакдаулет Жайлауович
Бас маман: Алимов Мухамбет Алимович
Хатшы: Есимова Асель Серикбаевна

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Малдәрігер» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.   

«Құлан-Малдәрігер» шаруашылық жүргізу құқығындағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Далибаев Серікбай Берикқожаевич 8(72631) 4-17-49  Dalibaev.Serikbau@mail.ru

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта