home
home home

Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Почталық мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы №61
Электрондық почтаның мекенжайы: kulan_sobes@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары: 8 (72631) 2-12-81, 8 (72631) 2-16-44,

8 (72631) 2-23-07, 8 (72631) 2-27-04, 8 (72631) 2-19-84, (72631) 2-16-65,

Атқарушы органның ережесі:

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.      Жалпы ережелер

1. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру функциялары бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі

6. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі 61.

10.Мемлекеттік органның толық атауы: «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2.      Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасын және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясат құру және іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.

15. Міндеттері:

1) жұмыспен қамту мәселесі жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
2) аз қамтылғандар мен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету;

3) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

4) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

16.Функциялары:

1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

6) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;

7) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

8) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

9) уәкілетті орган 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындайды және төлейді;

9-1) уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек тағайындайды және төлейді;

9-2) уәкілетті орган тұрғын үй көмегін  тағайындайды және төлейді;

10)   әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және  мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

11)  мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

13)  мүгедек балаларды  үйде оқытуға  жұмсалған  шығындарды өтеу;

14) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;

15) ауылдық жерлерде тұратын және  әлеуметтік салада жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

16) семей ядролық сынақ полигонында  ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу,  біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

17)  мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға  құжаттарды рәсімдеу;

18) мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;

19)  жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

20) мүгедектерге  кресло-арбалар  беру үшін құжаттарды рәсімдеу;

21) мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен  қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;

22) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсету үшін  құжаттарды  рәсімдеу;

23) медициналық-әлеуметтік мекемелерде  (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін   құжаттарды  рәсімдеу;

24) жергілікті өкілді органдардың шешімдері  бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

25) атаулы әлеуметтік   көмек алушыларға өтініш (отбасы) берушінің жататынын растайтын анықтама беру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мекемеге мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметті атқару үшін заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар анықталады;

2) мекеме осы Ережеде бекітілген қызмет міндетіне және функциясына сәйкес келмейтін қызметтермен уәкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады;
3) мекеменің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер уәкілетті органның талап етуі бойынша заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

18. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) басшы – заңды тұлға болып есептелетін мекеменің басшы органы ретінде, өзін тағайындау жөніндегі аудан әкімінің өкімі негізінде немесе басшы мен өкілетті орган арасындағы шарт негізінде қызмет атқарады;
2) мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;

3) мекеменің функцияларына сай келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған мекеме басшысының әрекеттері еңбек міндеттемесін бұзу болып саналады және белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапқа тартуға негіз болады;
4) мекеме басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді, мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені өкілетті органмен берілген құзырының шегінде және осы Ережеге сәйкес өз бетімен шешеді;

5) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

6) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

7) өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
8) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
9) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
10) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) жұмыскерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;
13) бекітілген шығындар сметасы көлемінде ақша қаражаттарының жұмсалуына иелік етеді;

14) мекеменің басшысы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын тағайындайды және жұмыстан босатады.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23) «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

            24. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

25. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

            27. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», «Рухани Жаңғыру» бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұзеу арқылы қолдау туралы» Заңдары.

Басшыларының Т.А.Ә.А.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: Шамаев Берик Искакович, 8 (72631) 2-12-81, kulan_sobes@mail.ru
Басшының орынбасары: Умеева Сауле Умурзаковна
Қаржы секторының меңгерушісі: Кенесбаев Нурсултан Ержанович
Әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі: Назарбеков Айхан Жамбылұлы
Жұмыспен қамту секторының меңгерушісі: Әлі Жеңіс Бекқұлыұлы
Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі: Калыкова Мейрамкул Абжапаровна
Бас маман: Алчабаев Ерлан Рысбекович
Бас маман: Сабденова Агираш Орынбасовна
Бас маман: Молдабекұлы Женісбек
Бас маман: Санғышова Жадыра Серікқызы
Хатшы: Жайлауова Ұлбосын
Әлеуметтік маман: Даньярова Райхан Молдазимовна

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта