home
home home

Аудан әкімі Е.Садырқұловтың 2019 жылдың қорытындылары бойынша халық алдындағы есептік кездесулерде көтерілген сұрақтар мен берілгенұсыныстарды іске асырудың ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 24.07.2020 ж

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                     2020 жылғы 14 ақпандағы

       №30 қаулысымен бекітілген

 

Аудан әкімі Е.Садырқұловтың 2019 жылдың қорытындылары бойынша халық алдындағы есептік кездесулерде көтерілген сұрақтар мен берілгенұсыныстарды іске асырудың

                                                                               ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ                                                     24.07.2020 ж

 

Іс-шара атауы Орындалуына

жауаптылар

Орындалуы туралы мәлімет
1 2 3
1 80 пәтерлі 5 қабатты 2 тұрғын үй салуға дайындалған жобалық-сметалық құжаттарға сараптаманың оң қорытындысын алып, бюджеттік өтінім әзірлеу Р.Оразхан Қ.Абдрахманов

 

 

          Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты (1-нүкте) үйдің жобалық-сметалық құны  – 928000,0 мың теңге. 2020 жылға құрылыс – монтаж жұмыстарына 12,0 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілуде.

«Құлан ауылы «Арай» массивінен 5 қабатты 80-пәтерлі тұрғын үйдің (2 белгі)»  жобалық-сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы алынып, облыстық басқармаға қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім тапсырылды. ОРЫНДАЛДЫ

2 Малдыбай ауылындағы Малдыбай орта мектебіне екі кабинет, спорт зал, асхана құрылысын салу, қазандығын газ жүйесіне қосу нысандарына  дайындалған жобалық-сметалық құжатқа сараптаманың оң қорытындысын алып, бюджеттік өтінім әзірлеу Р.Оразхан Қ.Абдрахманов

 

          «Малдыбай ауылындағы Малдыбай орта мектебін газ жүйесіне қосу арқылы қазандығын газдандыру және екі кабинет, спорт зал, асхана құрылысын салу» нысанының жобалық–сметалық құжаттамасы сараптама қарауынан теріс қорытынды алынды.

Сараптамаға қайта жолдау үшін жоба қайта өңделуде.

3 Аудандағы 5 елді мекенге  (Жарлысу, Әбжапар, Құмарық, Алғабас, Бәйтелі) жаңа су құбыры құрылысын жүргізуге және Құлан ауылы ауыз су имараты мен жүйесін қайта жаңғыртуға қатысты жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету Р.Оразхан М.Дауытбеков,

Б.Ақүрпеков,

Б.Мансұр,

С.Атабаев,

М.Иманбаев

 

          Аудандағы 6 елді мекен бойынша су құбыры құрылыстары жүргізілуде. Тиісті қаражат Республикалық бюджеттен бөлінді.  2021 жылға өтпелі нысандар. Жұмыстардың сапалы орындалуы қатаң бақылауда.
4 Тасшолақ ауылына жаңа ауыз су жүйесін жүргізу жобасын қаржыландыруға ұсынылған бюджеттік өтінімді 2020 жылдың бюджетін кезекті нақтылауға қайта ұсыну Р.Оразхан М.Дауытбеков

 

          Тасшолақ ауылына жаңа ауыз су жүйесін жүргізу жобасын қаржыландыруға ұсынылған бюджеттік өтінім нақтыланып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында «Жігер 2004» ЖШС-мен 351120,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. ОРЫНДАЛДЫ
5 3 ауылға (Жаңатұрмыс, Сәбденов, Ақыртөбе) ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжат дайындау Р.Оразхан,

Н. Көпбаев,

Н.Жамалбеков,

С.Атабаев,

А.Абишев

 

          Жаңатұрмыс ауылының ауыз су жүйесі және су шығару имаратының құрылысын салу нысанының жобалық – сметалық құжаттамасы дайындау үшін 2012 жылы «Bao Group» ЖШС-мен келісім – шартқа отырған. Алайда қазіргі таңға дейін құжаттар бөлімге тапсырылған жоқ. Бұл бойынша 2013 жыл жобалаушыны келісім – шарт бойынша өзіне алған міндетті орындатуды және жосықсыз тану туралы Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берілген, талап арызға ұйғарым шығарылып іс қысқартылған.

2014 жылы апелляция беріліп сот қанағаттандырусыз қалдырылған.

         Ақыртөбе ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы нысаны бойынша 2015 жылы сотқа талап арыз беріліп, 2015 жылдын  9 желтоқсандағы соттың шешімімен ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

2018 жылы 13 шілдеде қайтадан экономикалық сотқа талап арыз беріліп, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылып, 27.02.2019 жылы Жамбыл облыстық кірістер департаментіне тексеру жүргізу бойынша арыз-хат жолданып, қылмыстық іс қозғалып, жүргізілді. Бірақта, Жамбыл облыстық кірістер департаменті тарапынан тексеру жүргізілгендігі туралы анықтама берілмеді.

          Р.Сабденов ауылының ауыз су жүйесі және су шығару имаратының құрылысын салу нысаннының жобалық–сметалық құжаттамасы дайындалып мемелкеттік сараптамадан 2019 жылы теріс қорытынды алынып, бүгінгі күнге жоба мемлекеттік сараптама қарауында.

6 Халық санының тиісті нормадан аз (50 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған 7 ауылға (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Әбілқайыр, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді) облыстық бюджет қаражаты есебінен су жүргізу жөнінде ұсыныс енгізу Р.Оразхан М.Дауытбеков,

Б.Аблазимов,

Н.Тұрабаев,

Б.Ақүрпеков,

Е.Айдархан,

Т.Атабаев

8 елді мекен бойынша Абылхайыр, Мамыртөбе, Тойқұдық, Аққайнар, Сұңқайты, Шөңгер, Мамай, Сөгеті елді мекендерін  орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыруына байланысты, алдағы уақытта қаралатын су тазарту құрылғыларымен (мембраналық су тазарту құрылғысы) қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен қаржыландыруды қажет етеді.Тиісті жер таңдау актісі, жерге орналасу жобасы, аудандық жер қатынастарын реттеу комиссиясынан қорытынды алу жұмыстары жүргізілді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
7 6 елді мекенге (Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Шолақ-Қайыңды) газ тарту жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобалық-сметалық құжатқа сараптаманың оң қорытындысын алып, бюджеттік өтінім әзірлеу Р.Оразхан М.Дауытбеков

 

          6 елді мекенге (Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Шолақ-Қайыңды) газ тарту жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобалық-сметалық құжатқа мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Шөңгер, Бәйтелі-Қорағаты елді мекендерінің ЖСҚ-лары мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, облыс әкімдігінің экономика басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Д.Қонаев-Әбілхайыр ауылдарының ЖСҚ мемлекеттік сараптамада, Шолақ-Қайыңды ауылы комплектациядан өтуде.

8 5 елді мекенді (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ) газдандыруға демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуді ұйымдастыру Р.Оразхан М.Дауытбеков,

Н.Жамалбеков,

О.Танкеев

 

        Бүгінгі таңда Жаңатұрмыс, Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты ауылдарды газдандыруға «Құлан жолдары» ЖШС мекемесі демеушілік есебінен қаражат бөліп, жобалаушы «Kz Construction Group» ЖШС директоры М.Т.Туралиевпен келісім-шарт жасалынып,  жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.Мемлекеттік сараптамаға жолданып,  оң қорытындысы алынып, облыс әкімдігінің экономика басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. ОРЫНДАЛДЫ
9 Р.Сабденов ауылына кіре беріс жолды жөндеуден өткізу жұмыстарын сапалы ұйымдастыру Р.Оразхан М.Дауытбеков,

С.Атабаев

        2020 жылы «Р.Сабденов ауылына солтүстік кірме автомобиль жолы» 1,05шқ 24,2 млн.теңгеге және «Р.Сабденов ауылына оңтүстік кірме автомобиль жолы» 0,58 шқ 9,1 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
10 Тұрмыстық қалдықтарын шығаруға арналған плигондарды (Р.Сабденов, Д.Қонаев, Жарлысу, Қайыңды, Малдыбай) ретке келтіру жұмыстарын атқару Р.Оразхан М.Дауытбеков,

С.Атабаев,

Н.Тұрабаев,

Б.Ақүрпеков,

А.Асанбай,

А.Абишев

         2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына сәйкес екі елді мекеннің Кайынды, Малдыбай ауылдарына тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын орындарын қоршауға 7,8 млн.теңге қаражат бөлініп, мердігер анықталып, жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, Р.Сабденов ауылының тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын орынға қоршау жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы Д.Қонаев, Жарлысу ауылдарындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын орындар  қоршалып ретке келтірілді.

11 Ауылдық округтерге (Көгершін, Көкдөнен, Ақбұлақ, Тереңөзек, Қайыңды, Ақниет) мал емдеуге арналған ветеринариялық пунктер (мал емдеуге арналған қоршауларымен бірге) салу жұмыстарын атқару Е.Калибаев С.Дәлібаев,

Е.Айдархан,

Т.Атабаев,

С.Атабаев,

М.Мұсаев,

А.Асанбай,

Н.Тұрабаев

           Көгершін, Көкдөнен, Ақбұлақ, Тереңөзек, Қайыңды, Ақниет ауылдық округтарында мал емдеуге арналған ветеринариялық пунктер ғимараты жалға алынған. Жаңа ғимарат құрылысына қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.

 

12 Аудан көлемінде қаңғыбас иттерді жою жұмыстарының сапалы, мерзімінде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету Е.Калибаев

С.Дәлібаев,

ауылдық округ әкімдері

Аудан бойынша 2020 жылдын басынан 615 бас қанғыбас иттер мен мысықтар аулап жойылды. Жұмыстар жоспарға сай ұйымдастырылуда.

 

 

                      Аппарат басшысы                                                                                                      Ә.Терлікбаев                     


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта