home
home home

Аудан әкімі Қрықбаев Асқар Санатұлының “Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы” есебінің ТЕЗИСТЕРІ.

 

 

Аудан әкімі Қрықбаев Асқар Санатұлының

“Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық

дамуының қорытындылары туралы”

есебінің ТЕЗИСТЕРІ.

 

 

2017 жыл – ел өміріндегі елеулі оқиғаларға толы, бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Өткен жыл еліміз үшін ерекеше қызықты және сәтті жыл болды:

Естен кетпес «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Қазақстан универсиада ойындары, Ислам ынтымақтастық САММИТІ өтті. Еліміз Біріккен ұлттық ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енді.

2018 жылдың 10-ы қаңтарында  Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті «Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауын жариялады.

Бұл Жолдауда мемлекет басшысы Төртінші өнеркәсіптік революция өмірінде бейімделу туралы көрсетілген 10 негізгі міндеттермен таныстырды.

Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар.

2017 жылдың 12 ай ішінде  ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды: Атап айтсақ, ауылшаруашылығы бойынша:

142458 га егісітік алқабы толық игерілді. 83633га масақты дақылдардан 213264 тн астық жиналып, орташа өнім 25,5 цн/га (бидай-26,5цн/га) құрады. Бүгінгі күнге 10820 тн картоп, 9080 тн көкөніс, 2040 тн бақша, 10410 тн мақсары (6,5цн/га) жиналып, мал қыстатуға 188500 тн шөп (105,9%), 27500 тн сабан (64,5%) және 94000 тн құнарлы мал азығы (77,2%) дайындалды.

322 га қант қызылшасы қазылып, 2962,3 тн өнім алынды (150 цн/га). Оның  2962,3 тн қант зауыттарына өткізілді. Кондицияға жетпеген 1867,7 тн тәтті түбір мал бордақылау алаңдарына сатылды

Көктемгі және күзгі дала егін ору жұмыстарына қажетті 5100 тоннаға сұраныс беріліп, көктемгі дала жұмыстарына 2795 тн бөлінді, қүзгі дала жұмыстарына 2210тн бөлініп, 1105 тоннасы Меркі ауданындағы «Топливная компания ЮГ ОЙЛ» ЖШС арқылы және 1105 тоннасы Шайғорық ауылындағы «ТаразМұнайОйл» ЖШС арқылы таратылды.

55,26 га алқап тамшылатып, 300га алқап жаңбырлатын суғарылды. 600 гектар алқапқа электр желілері тартылып, 27 дана артезиян құдықтары қазылды.

Жыл ішінде 13 шаруа қожалық 219,3 млн. теңге көлемінде лизингке және нақты ақысына 21 ауыл шаруашылығы техникаларын алды. Оның 13 дан «МТЗ» доңғалақты тракторы, 5 данасы егін орағы комбайны.

21 дана ауыл шаруашылығы техникаларының 11 данасы 72,3 млн теңгеге лизинг арқылы, 10 данасы 147 млн. теңгеге нақты ақсасына сатылып алынды.

2018 жылдың өніміне облыстық меморандумға сәйкес 34000 га алқапқа күздік бидай себу жоспарланып, бүгінгі күнге 38167 гектар күздік бидай себілді (112%).

Сонымен қатар, 42242 га (100,6%) жаздық арпа, 3194 га (159,7%) жаздық бидай, 16015 га (100,1%) мақсары, 402 га (201,0%) қант қызылшасы және 100 га жүгері, 30 га сұлы, 500 га картоп, 400 га көкөніс, 100 га бақша өнімдері, 9400 га жоңышқа (оның ішінде 6400 га бұрынғы жылдардағы, 3000 га жаңа) (147,0%) себіліп, 32552 га пар айдалынып, барлық 142458 га егістік алқап  игерілді (100,0%).

Мал шаруашылығы. Мал басы саны көбейген (жылқы мен шошқадан басқасы): қой-ешкі 39154-ке (404506 бас 110,7%),  жылқы 2-ге кеміген (13148 бас,100,0%), ірі қара 123-ке (29619 бас 100,4%), түйе 5 басқа (67 бас,108,1%) , құс саны 362-ге (103314 бас  100,4% ) көбейген, ал  шошқа  саны 5485-ке кеміген (17441 бас 71,6%).

7,7 мың тн ет (0,5 тн артық), 23,6 мың тн сүт (1,6 тн сүт артық), 3253,5 мың дана жұмыртқа (22,4 мың дана артық) өндірілді.

Мал шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар бойынша:

«Сыбаға бағдарламасы» бойынша 4 шаруашылыққа 41,9 млн.теңгеге 228 бас ірі қара алынып, жоспар  106,4 % орындалды (жоспар – 204 бас).

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 11 шаруашылыққа 30,4 млн. теңгеге 1444 бас қой алынып, жоспар  173,2% (жоспар – 794 бас).

«Құлан» бағдарламасы бойынша 5 шаруашылыққа 52,0 млн.теңгеге 177 бас жылқы алынып, жоспар 5 есеге артық орындалды (жоспар 35 бас).

«Жайылымды суландыру» бағдарламасы бойынша 27 құдық қазылып, жоспар 385,7% артық орындалды (жоспар 7 құдық).

Ауданда 23 мал бордақылау алаңдары тұрақты жұмыс істеуде (3650 мүйізді ірі қара малға  арналған 13, 780 бас жылқыға  арналған  5, 4100 бас қойға арналған   4 мал, 30000 бас шошқаға арналған – 1).

Ветеринарлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. 22003 ірі қара,131853 ұсақ мал, 2179  жылқы, 15330 шошқа, 5 түйе бірдейлендірілді.

Бруцеллез ауруға шалдыққан 252 ұсақ мал (2016ж-248), 18 ірі қара  (2016ж-18)  жойылды. 2923 қанғыбас иттер ауланды (2016ж -970).

Өнеркәсіп. 6241,0 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өнім өндіру көлемінің индексі 100,1 %-ды құрады. Бұл ет және құрамында алтын бар кен өндіру көлемінің кемуінен болып отыр.

Шағын және орта бизнес. 3739 шағын және орта бизнес субектілерінде 10072 адам жұмыс істеп (61–ке көп), бюджетке 635,0 млн теңге салық және басқа төлемдер тусті (25 млн теңге артық).Көрсеткіш 104% артқан.

Салық.  Бюджетке 3946,8 млн. теңге салық және басқа міндетті төлемдер  түсіп, болжам 109,5 %-ға орындалды (341,6 млн теңгеге артық). Оның ішінде республикалық бюджет-103,5 %, облыстық -100,8 %, аудандық – 111,9 %.

Аудандық бюджетке 9344,7 млн. теңге түсіп, жоспар 103,1%-ға орындалды (281,7 млн теңгеге артық). Оның ішінен, өзіндік кірістер 3044,9 млн  теңге түсіп, 110,2%-ға орындалды.  Трансферттер мен субвенция толық көлемде  түсті. 9749,9  млн теңге игеріліп, игерілуі 99,9%-ды құрайды. 10,4 млн теңге игерілмеді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3615,5 млн тенгені, 15,4% құрады. Даму бюджетіне республикалық бюджеттен 427,6 млн. теңге, облыстық бюджеттен  378,3 млн теңге, ЖСҚ және МС өткізуге облыстық бюджеттен  15,2 млн теңге, аудандық бюджеттен 60,2 млн.теңге қаралып,  республикалық бюджеттен 427,6 млн. теңге, облыстық бюджеттен 376,6 млн. теңге, аудандық бюджеттен 55,3 млн. теңге игерілді.

Алаңы 9000м²  94 үй(2016 ж- 88 үй 8550 м²  )  пайдалануға берілді.

Негізгі капиталға 4578,4 млн. теңге инвестиция  жұмсалған, бұл 18,2%.

Жұмыссыздық пен кедейшілік. 144,9 млн теңге балалар жәрдемақысы, 4,2 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 3,0 млн теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді, әлеуметтік сала мамандарының отын сатып алуына материалдық көмектер 28,8 млн тенге  төленді.

Орташа айлық табысы кедейлік деңгейінен төмен  азаматтар саны 88-і құрап,  кедейшілік деңгейі 0,1 % (2016 жылы-0,1 %) құрады.

Жыл басынан 2527 жұмыссыз тіркеліп, оның 2437-і жұмыспен қамтылды (тұрақты жұмысқа 2121, жастар тәжірибесіне 207, әлеуметтік жұмыс орнындарына 109), одан басқа қоғамдық жұмысқа 262, уақытша жұмысқа 547 азамат тартылды.

Тіркелуге қойылған азаматтардың жұмысқа орналасуы 79,2%, нысаналы топтағы азаматтардың жұмысқа орналасуы 85,5% құрайды.

117 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды: тұрақты жұмысқа 47, қысқа мерзімді оқу курстарына 17, уақытша жұмыс орындарына 51, 2 азамат микрокредит алды (қоғамдық жұмыстарға 28, әлеуметтік жұмыс орындарына 17, жастар тәжірибесіне 4).

Ресми жұмыссыздардың саны 386 азамат, жұмыссыздық деңгейі 1,0%.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге 43 кресло-арба, 21 сурдотехникалық, 14 тифлотехникалық, 3 жетек-арба, 18 балдақ пен 45 таяқ алынып берілді. Тараз қаласындағы мүгедектерді оңалту орталығына 21, жүйке аурулар интернатына 2, қарттар мен мүгедектер үйіне 3  азамат орналасты.

Психикалық ауытқуы бар тірек қозғалысы бұзылған балаларға, сондай-ақ жалғыз басты және мүгедек қарттарға сауықтыру үйлері ашылып, «Элай Құлан» қоғамдық бірлестігі арқылы қызмет көрсетілуде.

Тірек-қимыл жүйесі бұзылған, кресло-арбада отыратын мүгедектерге қызмет көрсету үшін «Инватакси» автокөлігі сатылып алынып, тиісті қызмет көрсетілуде.

Жұмыспен қамту орталығында «Нәтижелі   жұмыспен  қамтуды   және  жаппай   кәсіпкерлікті   дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде:

 І-ші бағыты бойынша 456 азаматқа түрлі мамандықтар бойынша оқуға жолдама беріліп, 454-і оқуын аяқтап, 208-і тұрақты жұмысқа орналастырылды;

ІІ-бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Бастау Бизнес» жобасына 188 азамат оқуға жіберіліп, микрокредиттік ұйымдарға несие алуға 238 үміткерлерге жолдама берілсе, оның 95-і 416,0 млн теңге несие алды. Несие алған азаматтар 90 қосымша жұмыс орындарын ашты.

ІІІ–бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша Жастар практикасына 207 жас түлек (жоспар-104), Әлеуметтік жұмыс орындарына 109 азамат жұмысқа жіберілді (жоспар-50). Ақылы қоғамдық жұмысорындарына 262 азамат жұмысқа жіберіліп, (жоспар-220) бүгінгі күнге 106 адам жұмыстарын атқаруда.

Сонымен қатар бағдарлама бағыттары жөнінде халыққа кеңінен түсінікті болу мақсатында бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы  «Қазақстан» телеарнасы арқылы 3 видео-ролик, жергілікті газет бетінде 19 мақала жарияланды.

Білім беру. 2017-2018 оқу жылына 13713 оқушы оқытылуда.

«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» тәжірибесі бойынша 5 күндік оқу аптасына көшті, жалпы орта білім беретін мектептердің 1,2 сыныптарында жаппай ағылшын тілі оқытылуда.

11 елді мекеннен 648 оқушы тасымалданып, 101 бала 3 интернатта,129 бала үйден оқытылуда. 55 бала қамқоршылық, 4-еуі патронатта тәрбиеленуде.

5 қосымша білім беру мекемесінде 3108 жасөспірім қосымша білім алуда (22,5 %) (облыстық 16,7 %).

32 мектептің 1 сыныптағы 1421 оқушысы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда, аз қамтылған отбасының 600 оқушысына 9,0 млн теңгеге қыстық киімдер алынды.

120 млн.теңгеге оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдар, 9,9 млн теңгеге отқазандық құралдары, 7,6 млн теңгеге мектеп жиһаздары  алынды, 13959 мың теңгеге 4 мектепке (султанбеков-1,4 млн теңгеге терезелер, Қорағаты 1,8 млн теңгеге кәріз құбырлары, Құлан 6,8 млн. теңгеге терезелер ауыстырылды және 2,6 млн теңгеге асхана жөнделді, № 1 лицей-1,5 млн теңгеге едені жаңартылды) ағымдағы жөндеулер жүргізіліп, 4,0 млн теңгеге Жамбыл орта мектебінің ауласы асфальтталды.

Ағымдағы жылы Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебіне  56,6 млн теңгеге, Т.Рысқұлов мектебіне  54,5 млн теңге жаңа отқазандық құрылысы жүргізіліп, көгілдір отынға ауыстырылды.

40 мектеп 1848 компьютермен қамтылып,  кең жолақты интернет желісіне қосылған(1 компьютерге 7 оқушы). 29 мектепте Онлайн режимінде дәріс алуға арналаған 30 арнайы Интерактивті тақтайшалар, 5 мектепте «E-Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілген.33 лингофондық мультимедиялық кабинеттер, жаңа модификациялы 10 физика, 18 химия, 16 биология, 28 математика, тарих, география, информатика, қазақ тілі кабинеттері бар.

17 балабақшада 1915 бала, 14 шағын орталықта 740, барлығы 2655 бала тәрбиеленуде.  Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында  – 44,2% (облыста – 56,6%), 3-6 жас аралығында  – 69,1 %  (облыста – 80,2%).  1132 бала  балабақша кезегінде тұрса,  Құлан ауылында -841.

Ағымдағы жылы 118 млн.теңгеге Құлан ауылындағы «Балауса» балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жөндеу  жүргізілді және Көкдөнен ауылында 140 орындық «Аида», Құлан ауылында 100 орындық «Мөлдір» жекеменшік балабақшалары ашылды.

«Шәушен» шаруа қожалығының демушілігімен Жарлысу ауылынан 92 орындық балабақша құрылысы аяқталып,пайдалануға берілді.

660 оқушы «Астана-Экспо-2017» халықаралық көрмесіне  барып келді.

Денсаулық сақтау.   Ауруханаға 4276 ауру емделуге түскен, өткен жылмен салыстырғанда 486 ауруға кеміген, ал емделіп шыққандар 4503 (546-ға кем). Ауруханада қабылдауда болғандар науқастар 32550-ге көбейген (335967 ауру).Бір тұрғынға шаққанда ауру қабылдау 5,4 құрайды

1279 сәби өмірге келген, немесе бала туу 170-ке кеміген.Оның 566-ы ауруханада туылған, қалғаны басқа қалада туылған. Бір жасқа дейінгі  12 бала өлімі (2016 жылы- 16) тіркелген(3-еуі ауданда).

Жалпы 317 адам өлімі тіркеліп, 27 адамға артқан.

Медициналық куәландырудан өткен 1090 (2016 жылы 927) мүгедектің 228-не  (2016ж 190) алғашқы мүгедектігі анықталды. Квотамен емделуге 67 (2016ж 72), оның ішінде 27-і  бала (2016 ж-26) жолданды.

Туберкулез ауырумен 32 жаңа (2016ж- 34) ауру анықталып, аурушаңдық көрсеткіші -49,2 болды. Жалпы 1-топта 51 адам, 2-топта 128 адам есепте тұр. Есепте тұрған ауруларға 6 млн 11  мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

114 сарып ауруы (2016 жылы -112) тіркелген.

1 реаномобиль, 2 санитарлық автокөліктер, 7 ЭКГ аппараттары, 1 дефибриллятор алынды. Медициналық тегін кепілдендірілген көмегіне 120,0 млн теңге, амбулаторлық тегін дәрі-дәрмекке 91977,0 млн. теңге бөлініп, 12 айда 100%-ы игерілді.

Мәдениет.761 мәдени іс-шара өткізіліп (733), көрермен саны 79831-ге (2016 ж 76104) артты. Көпшілік мәдени іс-шара өткізуге 4 млн. 500 мың теңге мақсатты жұмсалды.

Кітап қоры 204679 дана (5469-ға көбейген), оның 128154-і мемлекеттік тілде (7283-ке артық). РАБИС бағдарламасына енгізілген кітап қоры 17616 дана, оның ішінде қазақ тілдегісі- 9178 дана.

          Спорт. 299 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған  109907 спортшы қатысты. Спорт үйірмелерінде спорттың 13 түрімен  1200 жасөспірімдер мен жастар дәріс алуда. 18499 адам дене шынықтырумен шұғылданды, бұл халықтың 28,7% (2016 ж- 26,8%).

         

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша аудандық іс-шара жоспары бекітілген.

Бағдарламаны талқылаған актив жиналысы өткізіліп, өңірлік спикерлер тізімі бекітілді.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша желілік кестеге сәйкес ІІ – тоқсанда 14 іс-шара (10 кездесу, 1 жиын, 2 «дөңгелек үстел», 1 акция) өткізіліп, шараларға 2115 адам қамтылды.

Бұдан басқа 64 іс-шара (40 кездесу, 17 жиын, 3 «дөңгелек үстел» отырысы, 1 семинар, 2 акция, 1 автокеруен, және т.б. ақпараттық іс-шаралар) өткізіліп, 4237 адам қамтылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан аумағында ілгерлету мақсатында ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдыққа арналған желілік кестеде 60 іс-шара жоспарланған.

Бүгінге жоспарланған 60 іс-шара (15 кездесу, 11 жиын, 4 байқау,                   8 акция, 5 экскурсия, 7 дөңгелек үстел, 4 көрме, 2 конференция,                      4 спорттық іс-шара) өткізіліп 4985 адам қамтылды.

Бұдан басқа бағдарламалық мақаланы аудан аумағында ілгерілету мақсатында 102 іс-шара (55 кездесу, 29 жиын, 9 «дөңгелек үстел» отырысы, 3 көрме, 1 семинар, 4 акция, 1 автокеруен және т.б. ақпараттық іс-шаралар) өткізіліп, 8845 адам қамтылды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша барлығы 240 іс-шара                          (122 кездесу, 58 жиын, 20 «дөңгелек үстел» отырысы, 2 семинар,                               15 акция, 2 автокеруен, 7 көрме, 2 конференция, 5 экскурсия,                       3 байқау, 4 спорттық іс-шара) өткізіліп, 20182 адам қамтылды.

Шаралар зиялы қауым, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар өкілдері, кәсіпкерлер қатысуымен өткізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша әзірленген ауданда өткізілетін іс-шаралардың желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленді.

Желілік кестеге сәйкес 80  іс-шара жоспарланған. Бүгінге 71 іс-шара           (39 кездесу, 18 жиын, 3 дебат, 1 акция, 6 дөңгелек үстел, 1 конференция,                        3 семинар) өткізіліп 3591 адам қамтылды. Медиа-жоспарға сәйкес аудандық БАҚ-та 37 мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын елді мекендерде түсіндіру мақсатында 25 адамнан тұратын 5 ақпараттық топ  құрылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық топ мүшелерінің шығу кестесі әзірленіп, ауыл аймақ тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Кестеге сәйкес, елді-мекендерде 170 кездесу, 30 жиын, 28 дөңгелек үстел, барлығы 213 шара өткізіліп, оған 20153 адам қатысты.

Елбасы Жолдауы бойынша БАҚ бетінде 61 мақала жарияланды. Көрнекі  үгіт құралдарында 10 билборд, округтар мен мектептерде 30 стенд орнатылды.

Діни бірлестіктермен жұмыс

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес аудан аумағында 33 мұсылман діни бірлестіктері ҚМДБ филиалы, 1 христиан діни бірлестігі («Евангельские христиано-баптисты») мен Меркі православ шіркеуінің филиалы жұмыс істейді.

Бүгінге мешіттерде 29 имам жұмыс атқарады. Сәлімбай, Қорағаты, Қайыңды, Жарлысу ауылдарындағы мешіттерде имам жоқ. Имамдардың 2-уі жоғары, 5-і арнаулы орта білімді. 26 имам білімін жетілдіру курсынан өткен.

Мемлекеттік Бағдарлама мен облыстық іс-шаралар жоспары ауылдық округ әкімдеріне таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік Бағдарламаның мақсатты индикаторында көрсетілгендей экономикалық белсенді халықты қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан аумағындағы 31 мешітте бейнебақылау қондырғысы орнатылған.              2 мешітте Қорағаты ауылында жаңа мешіт құрылысы жүргізілуде, Жарлысу ауылдық «Мұрат баба» мешіті имам жоқтығына байланысты  жұмысын тоқтатты.

Үкіметтік емес ұйымдар, этностар арасында атқарылған жұмыс.

Ауданда 9 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдардың маңызды әлеуметтік жобаларына ағымдағы жылы 1438,0 теңге қарастырылып, конкурс ойнатылды.

«Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік, қазақстанды бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша іс-шаралар» тақырыбында 391,0 мың тг. «Құлан жастары» ҚБ, «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында 400,0 мың тг. «Құлан Нұры» ҚБ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында 400,0 мың тг. «Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» КҚ іс-шаралар жүргізді.

Ауданда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады, 7 этномәдени бірлестік жұмыс істейді: (Қазақ, орыс, қарашай, өзбек, чечен, ұйғыр, татар этномәдени орталықтары жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы мәдениет үйінен «Достық мұражайы» ашылды. Жыл ішінде аудан әкімінің  этномәдени орталық және т.б этнос өкілдерімен                  2 рет кездесуі өтті.

Көрнекі ақпарат құралдары туралы

Ауданда көрнекі ақпарат құралдарын орналастыру бойынша 64 билборд              (25 екі жақты, 18 бір жақты), 75 тақта, 10 керме бар. Бұл бағытта бюджеттен           2 млн теңге қаржы қарастырылып, көрнекі ақпарат құралдары ілініп, жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жастар саясаты саласындағы жұмыс

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде штаттық кестесі бойынша барлығы 23 қызметкер жұмыс атқаруда, қызметкерлер толықтай материалдық-техникалық базамен қамтылды, қызметкерлердің орташа жұмыс өтілдері 2 жыл 2 айды құрайды. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» аппаратында директор, директордың орынбасары, 1 есепші маман, 1 аға инспектор, 1 аға- инспектор заңгер, 1 аға- инспектор психолог, 1 ақпараттық дін проблемаларын талдау сакторының басшысы және нұсқаушысы, 1 ақпараттық-талдау, мониторингі жүргізу бөлімінің нұсқаушысы, ауылдық округтерде жастар ісі жөнінде 14 инспектор жұмыс істейді.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан жастардың түрлі сұрақтары бойынша кеңес ала алатын сенім телефоны жұмыс істейді.

2017 жылы ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне 25 млн 391 мың теңге қаржы қарастырылған.

Жастар арасында әр түрлі деңгейде іс-шаралар өткізуге 1 млн 450 мың теңге, «Жасыл ел» бағдарламасына 1 млн 964 мың теңге, орталықты материалдық-техникалық базамен жабдықтауға 1 млн 958 мың теңге жұмсалды.

 

Құқық бұзушылық. 12 ай ішінде аудан аумағында«Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Жаяу өткел», «Мирас», «Обьект», «Абайланыз балалар» және т.б. жедел алдан-алу іс-шаралары өткізіліп өз нәтижелерін де  құқық бұзушылық 71-ге кеміген:  жалпы -377 (2016 ж. 448) құқық бұзушылық тіркеліп, оның 199-ы ашылған (229).

Оның ішінде: кісі өлтіру 4, қоғамдық орындарда болған қылмыстар-62, нашақорлық пен есірткіге байланысты қылмыс -10, жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар -5, басқа да қылмыстар-58.

Жалпы ұрлық -232 тіркеліп, 19-ға артқан  (2016 жылы 251) оның 91-і ашылған (2016 ж-82). Оның ішінде 50 мал ұрлығы тіркеліп,15-ке кеміген, пәтер ұрлығы -53-і құрап, ашылғаны -24.  Басқа да 129 ұрлықтың  (2016 жылы 150) 55-і ашылған немесе 42,6% құрайды.Тонау мен қарақшылық 6-у.

Кісі өлтіру фактісі Құлан, Қарақыстақ, Өрнек, Тереңөзекте орын алып, ашылған.

Қоғамдық орындарда орын алған ең көбі 37 қылмыс  Құлан округінде және Луговой ауылдық округінде 8  қылмыс тіркелген.

Нашақорлыққа байланысты 8 қылмыс 4 округте тіркелсе, оның 6-ы  ашылған, ал тыс жерде орын алған 5 қылмыстың 1-і   ашылған.

Тонау мен қарақшылықтың 6 фактісі тіркелсе, оның 2-і Құланда, 3-і Луговойда орын алып, 5-і де ашылған.

 

Аудан әкімінің 2017 жылы ақпан айында аудан тұрғындары алдында өткізген есепті жиналысында  айтылып, бақылауға   алынған сын-ескертпелердің орындалу барысы туралы

Өткен жылдың ақпан айындағы кездесулерде  төмендегі  6 ұсыныс бақылауға алынып, қазіргі уақытта 5 ұсыныс орындалып, 1  орындалу үстінде.

  1. Жалпақсаз-Тасшолақ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Ағымды 2017 жылы аудандық маңызы бар «Жалпақсаз-Тасшолақ» барлығы 57,982 млн тенге, ұзындығы 8,2 шақырым автомобиль жолына мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылып, женімпазы «Құлан жолдары» ЖШС,орташа жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Орындалды.

  1. Абай ауылына фельдшерлік-амбулаториялық пункт салу туралы

Абай ауылындағы 10 келушіге арналған ФАП құрылысы 2017 жылдың наурыз айының 25-нен басталды, сметалық  құны 62 млн 903 мың 332 теңге, мердігер: «Құрылыс -Жаңатұрмыс» ЖШС,басшысы Таубалдиев Е.Ж. Нысанның құрылысы аяқталды, пайдалануға беріледі.Орындалды.

  1. Юбилейное ауылының су іркуіш имаратына резервтегі ұнғыманы қосып су құбыры құрылысын салу туралы

Юбилейное ауылының су іркуіш имаратына резервтегі ұнғыманы  қосып су құбыры құрылысын салу » нысаны, жалпы сметалық құны  48,190 млн тенге, мердігері «Севолана» ЖШС-гі, құрылыс нысаны  2017 жылдың сәуір айында басталып  №58 бағдарламасы бойынша жұмыс іске асырылды.Облыстық бюджеттен 48,190 мың тенге бөлініп  45,0 млн  тенге толығымен игеріліп, нысан  2017 жылдың 19-шы маусым пайдалануға тапсырылды. Орындалды.

  1. Құмарық ауылының Қанаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Аудан аумағындағы 2017 жылы орташа жөндеуден өткізуге облыстық бюджет субвенсия есебінен 13 елді мекеннің 24 көше жолдарына 173,3 млн.теңге теңгеге өтінімдер өткізіліп мемлекеттік сатып алу конкурстары ойнатылуда, женімпаздар анықталды. Соның ішінде Құмарық ауылының Д.Қонаев 0,890 шақырым көшесіне 10,548 млн.теңге бөлініп орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

  1. Өрнек ауылы Темірбеков көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Аудан аумағындағы 2017 жылы орташа жөндеуден өткізуге облыстық бюджет субвенсия есебінен 13 елді мекеннің 24 көше жолдарына 173,3 млн.теңге теңгеге өтінімдер өткізіліп мемлекеттік сатып алу конкурстары ойнатылып, женімпаз анықталды.. Соның ішінде Өрнек ауылының Темірбеков 0,750 шақырым көшесіне 8,453 млн.теңге бөлініп  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

Мамай ауылына медициналық пукнт құрылысы жүргізу туралы

  1. Мамай ауылындағы мед.пунктінің құрылысы болжамды – 2018 жыл, сметалық құны 1 млн 92 мың 332 теңге, мердігер:«КДМ-project» ЖШС, Қазіргі таңда сметалық-жобалық құжаттары дайындалуда. Орындалу үстінде.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл жұмыстар Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  4 кезекті отырысы өткізіліп, 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша,Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі, Луговой  ауылдық округі әкімі, Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық Әділет басқармасы, ауылшаруашылығы, ветеринария бөлімдері басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Қадірлі ағайын!

Өткен жыл ауданымыз үшін әлеуметтік-экономикалық өрлеу жылы болды деуге толық негіз бар.

Барлық  жетістік пен табыстың басында қажырлы еңбек пен ауызбірлік тұратыны анық. Алдымызда зор міндеттер, ауқымды істер күтіп тұр.

Сондықтан қашан да, қай кезде де жаңа талаптар үдесінен шыға білуге тиіспіз. Ал бұған дейінгі шешімін тапқан баянды істер – Елбасы саясаты мен Мемлекеттік бағдарламалардың  жүйелі түрде іске асуының нәтижесі.

Баршаңыздың отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, зор денсаулық  пен мол қуаныш тілеймін.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта