ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР! Алты айда ауқымды істер атқарылды
Алты айда ауқымды істер атқарылды
ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР!
Сіздердің назарларыңызға Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларынантуындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысында 2016 жылдың алғашқы 6 айында ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы атқарылғанжұмыстар жөнінде аудан әкімі Жарылқасын Айтақовтың аудандық мәслихат депутаттары алдында жасайтын есепті баяндамасының газеттік нұсқасын жариялапотырмыз
2016 жылдың 6 айы ішінде ауданнның әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды: Атап айтсақ:
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Ауылшаруашылығында 5,2 млрд теңгенің өнімдері өндіріліп, 104%-ды құрады (облыстық көрсеткіш- 102,2%), оның ішінде:
Өсімдік шаруашылығы бойынша 214,5 млн теңгенің өнімі өндіріліді. Көктемгі дала жұмыстары талапқа сай орындалып, 2016 жылдың өніміне барлық егістік жердің 99,7% немесе 141350 га игеріліп, жоспардағы дақылдар толық көлемде себілді.
Қазіргі кезде масақты дақылдарды орып-жинау және мал азығын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Егін орағына 186 комбайн (6-ауы сырттан) қатысуда. 23 шілде жағдайына 45006га алқап орылып, әр гектардан орташа 19,7цн өнім алынуда. 124350тн (90,8%) шөп, 6800тн (27,2%) сабан дайындалды.
Барлық сақтандырылатын алқап көлемі 64040 га болса, оның сақтандырылғаны 40820 га (о.і. 22220 га. күздік бидай, 23000 га. көктемдегі себілген дақылдар) 70,6 % құрайды.
Дала жұмыстарына 5400 тн жанармайға сұраныс беріліп, шілде айына егін орағы науқанына 2755 тн жанар май бөлінген, бүгінгі күнге 24 агроқұрылым 532,4 тн кепілдендірілген жанармай алды.
5 ш/қ 34 га жерінде карантиндік зиянкестер анықталып, толық дәріленді. 6400га егістік алқаптар ұшақпен және жермен химиялық өңделді.
74,8 га көп жылдық жеміс ағаштары, 600га алқап тамшылатып суарылуда және «Луговой жылқы зауты» ЖШС-нің 300га қатаң тәлімді алқабы «Веллой» технологиясы бойынша жаңбырлатып суарылуда.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Малдың түйе мен шошқадан басқа барлық түрлері бойынша саны және мал өнімдерінің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда көбейген: қой-ешкі 4475-ке (451998 бас 101,0%), жылқы 195-ке (15154 бас, 101,3%), ірі қара 522-ге (35813 бас 101,5%), құс саны 96-ға (103915 100,1% бас) артқан. Ал, шошқа 2035-ке (25142 бас 91,9 %), түйе 13-ке кеміген (39).
5937,4 тн ет (6,3тн артық), 10553,3 тн сүт 2159,9 221,9 тн артық), 21456,9 мың дана жұмыртқа (53,6 артық) өндірілді.
Электронды қолтаңба алуда каталог бойынша 1314 шаруа қожалық болса, оның жұмыс істеп тұрған 575-інің 262-сі электронды кілт алған (45,5%).
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 400 бас асыл тұқымды сиыр алу жоспарланса, 70 басқа оң қорытынды алынып, 299 бас ірі қара малға ұсынылған өтінімдер комиссияда қаралуда (92%);
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1275 бас асыл тұқымды қой сатып алу орнына 7 шаруашылық 83,3млн. теңгеге 3453 бас алып, жоспар 2,7 есе артық орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспардағы 250 бас жылқының 10 млн. теңгеге 40 басы (16%) сатып алынуда. 30 бас жылқының құжаттарына оң қорытынды берілді.
«Ырыс» бағдарламасы аясында 2 шаруа қожалығы 150 бастық СТФ құжаттарын дайындап, МІҚ сатып алуға келісім шарттар жасалуда.
«Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы бойынша 5 құдық қазу тиіс болса, 9 құдық қазылып, тапсырма 104% орындалды.
500 бастық мал бордақылау алаңын құру тапсырылса, 385 басқа арналған үш мал бордақылау кешенінің құрылысы аяқталы («Света» ШҚ-300 бас қойға, «Игдал» ШҚ-35 бас МІҚ, «Әтібек»ШҚ 50 бас МІҚ арналған).
2016 жылы 20 дана жаңа техника алу тапсырылса, 27,6 млн. теңгеге 7 доңғалақты трактор (оның 4-еуі лизингке), 17,3 млн. теңгеге 5 дана әр түрлі ауыл шаруашылық құралдары (оның 3-лизингке) барлығы 12 техника алынды.
Ауылшаруашылығы кооперативтерін құру бойынша 30 ұсақ шаруа қожалықтары жер үлестерімен «Құлан Сервис», сүт кластері бойынша 5 ұсақ шаруашылық «Ақ қайнар» өндірістік кооперативтеріне бірікті.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге, жер айдап, өңдеп себуге, оруға техникалық көмек көрсетуге және сервистік қызмет көрсетуге «Төкеев и К», өндірістік кооперативі құрылды.
Ветеринарлық іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілуде. Бруцеллезге қарсы 11519 бас ірі қараға 142924 ұсақ малға, 58717 бас шошқаға және 173 бас жылқыға диагностикалық тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде бруцеллезге 12 ауылдық округте 161 бас ұсақ (12-ға артқан) және 3 ауылдық округте 14 ірі қара мал (1-ге артқан) шалдыққандығы анық талды. Оның ішінде 2015 жылы тіркелмеген – Жанатұрмыс округінде 4 ірі қара, 7 ұсақ мал, Өрнек округінде 6 ірі қара, Құмарық округінде 3 ұсақ мал, Қайыңды округінде 24 ұсақ мал орын алған. Абай округінде ұсақ малдың ауруы 45-ке, Қорағаты округінде 16-ға, Құланда-5-ке, Өрнекте-3-ке, Тереңөзекте-2-ге артқан.
13500 ірі қара, 125000 ұсақ малдары және 32000 шошқа бірдейлендірілді.
11 округте 454 қаңғыбас иттер ауланып, жойылса, Абай, Өрнек, Ақыртөбе және Қайыңды округтерінде бір де бір қаңғыбас иттер ауланған жоқ.
ӨНЕРКӘСІП бойынша 3089,3 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, 2015 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 98% құрады. Оның ішінде, кен өндіру және карьерлерді қазу көлемі 10,9 есеге, электрмен жабдықтау 152,9%-ға орындалса, сумен жабдықтау 56,4%-ды құрағандықтан жалпы өнім индексі төмендеген. Бұл жерде есеп толық көлемде берлімегендіктен болып отыр.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС. 369 кәсіпкерлік субъектілері (2015ж-359) тіркеліп, 236-сы (2016ж-233) жұмыс атқаруда. Оның ішінде белсендісі-189.
САЛЫҚ. Бюджетке 917,3 млн теңге салық және басқа міндетті төлемдер түсіп, болжам 129,5%-ға орындалды, немесе 208,7 млн.теңге артық түсті. Оның ішінде республикалық бюджет – 100,6%, облыстық бюджет 123,6%, аудандық бюджет 150,1% орындалды.
Аудандық бюджетке 3636,2 млн. теңге түсіп, жоспар 104,3%-ға орындалды. Оның ішінде, өзіндік кірістер 150,4 млн теңгеге артық түсіп, 147,4 %-ға орындалды. Жоғарғы бюджеттен трансферттер жоспардағы 3168,6 млн теңгеге түсті. 4202,6 млн теңге игеріліп, бюджеттің игерілуі 99,2%-ды құрады.
31966,4 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде, құрылыс бөлімі бойынша 6668 мың теңге (Құлан а. Сәтпаев көшесіне су жүйелерін жүргізуден – 4371 мың теңге, Қарақыстақ балабақшасынан-1558 мың теңге, Қызылту орта мектебінің құрылысынан 734,7мың теңге), ТҮКШЖК (ЖКХ) бөлімінен 1520 мың теңге (мүгедектердің құқықтарын және өмір сүру сапасын жақсартуға бөлінген 2467 мың теңгеден 547 мың теңге игерілген), ауылдық округтер әкімдері аппараттарынан 21392,3 мың теңге («Өңірлерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде бөлінген қаржыдан 18292,2 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандырудан 1216,3 мың теңге, аппараттарын ұстау шығындарынан 1846 мың теңге).
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай көмек басымдығы бойынша 29 жобаға 61,8 млн теңге бөлініп, (2 жоба көше жарықтандыру, 8 жоба 6 елді мекенді абаттандыру, 17 жоба 11 елді мекеннің көшелерін жөндеу, 1 жоба Байтелі ауылындағы көпірді жөндеу, 1 жоба Жарлысу ауылындағы су мұнарасын жөндеу көзделген. 6 айда 35,2 млн. теңгенің 19 жобасы бойынша конкурстардың қорытындысы шығарылып, 16.1 млн. теңгеге жеңімпаз анықталып, 19,2 млн. теңге үнемделді. 1 шілде жағдайына осы 16,2 млн. теңгенің 7,9 млн. теңгесі игеріліп, 13 жоба бойынша жұмыстар толық атқарылды.
Аудан аумағында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 161,5 шақырым құрайды. Ал елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 393 шақырым.
Ағымды 2016 жылы 2 аудандық маңызы бар Өрнек ауылына кіре беріс және Қайыңды-Сөгеті барлығы 101,5 тенге, ұзындығы 9,0 шақырым автомобиль жолдарына мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылып жеңімпаздары анықталды, есепті мерзімге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Және 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына 140,6 млн.теңге барлығы 25,3 шақырым 242,1 млн. теңге қаражат мөлшерінде орташа жөндеуден өткізу мақсатында бюджеттік тапсырыс беріліп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылды. Жеңімпаздар анықталып, есепті мерзімге 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына, атап айтқанда:
Жарлысу ауылының С.Мұқанов, Ақбұлақ ауылының Әль-фараби, Луговой ауылының Семафорная, Коммунистическая, Пушкин, Абуталипов, Юбилейное ауылының Абай, Құмарық ауылының Р.Ажибаев, Құмарық ауылының Канаев, Жаңатұрмыс ауылының Сәтпаев, Жақсылық ауылының Қарақойшы, Көкдөнен ауылының Сүлейменов, Шолақ-Қайыңды ауылының Байдосов, Қайыңды ауылының Сәтпаев, Қорағаты ауылының Абай, Көгершін ауылының Құдайберген көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
6 айда аудандық бюджеттің жылдық кіріс жоспарының 61%-ы түсіп, жылдық шығындарына қаралған соманың 54,1%-ы игерілгенімен, кейбір шығындар бойынша орындалу аудандық көрсеткіштен төмен болуда: мысалы жоғарыда аталып өткен ауылдық округ әкімдерінің Өңірлерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай көмек басымдығы бойынша берілген соманың орындалуы 12,8 %-ды, елді мекендердің көше жарықтандыру шығындары 31,2%, ТҮКШЖК (ЖКХ) бөлімінің жол кәуіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуы 16,9%, жолдарды, көшелерді жөндеуге арналған бағдарламалардың орындалуы 29,4%, құраған.
ҚҰРЫЛЫС көлемі 5169 мың теңгені құрады.
Облыстық бюджеттен Қарақыстақ ауылында балалар бақшасын салуға 237,8 млн.теңге, Әбжаппар ауылында Қызыл ту орта мектебінің құрылысына 294,2 млн. теңге қарастырылған болатын. Осы екі нысанға бөлінген 532.0 млн. теңгенің бүгінгі күнге дейін 492,7 млн. теңгесі игерілді. Аталмыш нысандар оқу жылы басталғанға дейін толық бітіп, оқушылар мен бүлдіршіндер иелігіне айналатын болады.
Аудандық бюджеттен жобалау сметалық құжаттамалар дайындауға бөлінген 51,6 млн. теңгенің 43,3 млн. теңгесі игерілді.
Алаңы 4520 мІ 28 тұрғын үй пайдалануға берілді (2015ж -24 үй- 2567 мІ)
Инвестиция көлемі 9292,2 млн. теңгені құрады, 86,6% (облыс -103,4%).
Бөлшек сауда көлемі 1281,2 млн. теңге, 99,4% (облыс бойынша – 99,6%)
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН КЕДЕЙШІЛІК. 6497 балаға 75496,0 мың теңгенің балалар жәрдемақысы, 212 адамға 2724 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды. 123 отбасына 3225,3 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. «Өрлеу» жобасы бойынша 20905,0 мың теңге шартты ақшалай көмек көрсетілді.
Орташа айлық табысы кедейлік деңгейінен төмен азаматтар саны 157-ні құрап, кедейшілік деңгейі 0,2% (2015 жылы-0,5 %) құрады.
854 азамат жұмыссыз ретінде тіркелді, оның 616-сы жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 131 азамат жұмысқа тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 112, жастар тәжирібесіне 116, тұрақты жұмысқа 341-і орналасты. 215 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жалпы жұмыссыздар-345, оның ресми тіркелгендері–134. Жұмыссыздық деңгейі–1,0 % (2015ж – 1,0). Тіркелген азаматтардың жұмысқа орналасу -72,1%
Мүмкіндігі шектеулі 38 азамат (11-і тұрақты, 25-уақытша) жұмысқа орналастырылды, 2 азаматқа микрокредит берілді.
Жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының І бағыты бойынша аудан аумағында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бес нысанға 61 азамат жұмысқа жіберілді.
ІІ бағыты аясында 77 адамға 278,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 37 адамға 109,0 млн. теңге (3,0млн. теңгеге дейінгі сомада), 17 адамға 101,5 млн. теңге (6 млн. теңгеге дейінгі сомада), облыстық бюджеттен 23 адамға 68,0 млн. теңге несие бөлінді. Микрокредиттік ұйымға ұсынылған 90 үміткердің 17-сіне 45.5 млн. теңге несие берілді. ІІІ бағыты қайта даярлау курсына 50 азамат, біліктілігін арттыруға 10 азамат оқуға жіберілді. Олардың 45-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
БІЛІМ БЕРУ. 12977 оқушы оқуды аяқтады. 11 елді мекеннен 504 оқушы тасымалданды, 3 мектеп жанындағы интернатта 99 бала оқытылды.
13 балабақшада 1415 бала (2015 ж 1445 бала) тәрбиеленуде.
Ауданда 40 мектеп кең жолақты интернет желісіне қосылып, үздіксіз жұмыс атқаруда. Мектептер 1725 компьютермен қамтылған. 1 компьютерге 7 бала айналады.
Ауданның мектептерінде 32 мультимедиялық лингофондық кабинеттер, 29 мектепте 30 интерактивті тақталар, жаңа модификациялы 28 кабинеттер және физика , химия биология кабинеттері жұмыс істеуде.
32 мектепте аз камтылған отбасының 2531 баласы ыстық тамақпен қамтылды.
631 бітірушілердің 479 ҰБТ тапсырды. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 77,6 (2015ж-65,8, облыс бойынша -78,6)
33 бітіруші, немесе 6,8 %-ы шекті 50 балл ала алмады (2015ж-188, 21,4%), 28 бітіруші жекелеген пәндерден «2» алған (2015ж-75), 75 окушы (15,6 %) 100 аса балл (2015ж-27), 4 бітіруші 120 баллдан жоғары балл алып, «Алтын белгі» төс белгісіне 9 үміткердің 5-еуі білімдерін дәлелдеп, 5 бітіруші үздік аттестатқа ие болды.
10466 оқушы ( 85%) демалыспен және сауықтыру іс-шаралармен қамтылуда. Одан басқа Ә.Молдағұлова атындағы сауықтыру лагерінде 3 кезеңде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасылардың 200 баласын қамту көзделіп, қазіргі кезде 2 кезеңде 65 бала демалуда.
Қазіргі таңда барлық мектептерде ағымды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бірқатар мектептердің от қазандықтары алмастырылуда. Білім ошақтарының оқу жылына сақадай-сай дайын етілуі аудан әкімдігінің басты назарында.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. Ауруханаға 2460 адам емделіп, өткен жылмен салыстырғанда 17 ауруға артқан.
Қабылдауда 164196 ауру болып, өткен жылмен салыстырғанда 54815-ке көбейген. Өлімшілік көрсеткіші өткен жылдың деңгейінен 2-ге артқан, немесе 142 адам қайтыс болды.
740 сәби өмірге келген (2015 ж – 699), немесе 41-ге азайып отыр. Бір жасқа дейінгі 10 бала өлімі орын алса, оның 1-еу ауруханада (2015 жылы 7 бала). Оның 7-еуі (70%) өмір сүруге қабілетсіз қатерлі топтағы балалар.
Мүгедектігімен 451 ауру тіркелсе, оның 113-і алғашқы анықталғандар. Квотамен Республикалық медицина орталығына 23 науқас жіберілді, оның ішінде 7 бала, облыстық Бөбек орталығына 12 бала, 12 ана жіберілді.
Аудан көлемінде медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында 5 елді мекенде облыстық аурухананың жылжымалы медициналық кешені жұмыс істеп, 3191 адам тексерілді.
Туберкулез ауруына 16953 адам тексеріліп, 81 флюропатология анықталса, оның 8-інен туберкулез анықталған. Туберкулез аурумен 22 ауру жаңа (2015ж-21) тіркеліп, 1 топта есепте тұрғандар саны 76-ні құрады, жалпы тіркелген аурулар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11-ге кеміген. Осы аурумен 1 адам қайтыс болды.
72 сарып ауруы тіркелген (2015 ж- 36).
МӘДЕНИЕТ. 443 мәдени іс-шара өткізілді. 2587 жаңа кітаптар алынып, кітап қоры 197309 дананы, оның ішінде мемлекеттік тілде 118294 құрады. РАБИС бағдарламасына енгізілген әдебиеттер саны – 27777 дана, оның ішінде қазақ тіліндегісі -22436 дана.
СПОРТ. 128 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 39991 спортшы қатысты, (2015ж 98 іс-шараға 34870 спортшы қатысқан). Спорт үйірмелерінде спорттың 12 түрімен 1200 жасөспірімдер мен жастар дәріс алуда. 17207 адам дене шынықтырумен шұғылданды, бұл халықтың 26,4% (2015ж-23,9%) құрайды.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ 1 шілде жағдайына тіркелген 253 құқық бұзушылықтың (2015ж–300) 116-ы (2015ж –103-і) ашылған. Ашылу 45,8%.
Қоғамдық орындарда 16 қылмыс (2015ж – 10), нашақорлық пен есірткіге байланысты 4 қылмыс (2015 жылы-5) тіркелді. 137 жалпы ұрлық тіркеліп 49-ға, оның ішінде мал ұрлығы 41-ден 29-ға, немесе 12-ге кеміді, ал, 25 пәтер ұрлығы орын алып, 11-ге көбейген. Тонау мен қарақшылықтың 1 фактісі (2015ж-3) орын алған. 83 басқа қылмыстар тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 39-ға кеміген.
Құлан ауылдық округінде барлығы 85 құқық бұзушылық тіркеліп, 7-ге кемігенімен қоғамдық орындарда болған қылмыс 9-ға (2015ж-3), жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 4-ке (2015ж-1), пәтер ұрлығы 7-ге (2015ж-7) көбейіп отыр.
Луговой ауылдық округінде барлығы 44 құқық бұзушылық тіркеліп, 18-ге кеміген. Тек пәтер ұрлығы 3-ке көбейген (2015ж-2) және 3 факт ашылған жоқ.
Қарақыстақ ауылдық округінде барлығы 15 құқық бұзушылық тіркеліп, 1-ге кемігенмен 1 нашақорлық пен есерткіге байланысты қылмыс тіркелді.
Жаңатұрмыс ауылдық округінде барлығы 5 құқық бұзушылық тіркеліп, 1-ге артқан. 2015 жылы орын алмаған 1 нашақорлық пен есерткіге байланысты қылмыс тіркелген. Жалпы ұрлық (2) және басқа қылмыстар (2) деңгейінде қалған.
Абай ауылдық округінде 10 құқық бұзушылық тіркеліп, 2-ге артқан: 3 басқа қылмыстар (2015ж-2), 7 жалпы ұрлық (2015ж-6) орын алған.
Аудан әкімдігі бүгінгі таңда тұрғындардың алаңсыз болуы үшін құқықтық тәртіпті нығайту, жергілікті полиция жұмысын жандандыру мақсатында нақтылы шаралар белгілеп, жүзеге асыруда.
БОРДАҚЫ БИЗНЕСІМЕН БІРНЕШЕ ОТБАСЫН
АСЫРАУҒА БОЛАДЫ
Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамды Үкімет қамқорлығына алып, қолдап келеді. Әсіресе, табысы аз, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуда ел Үкіметі аянып қалған емес. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, өз кәсібін бастауды немесе кеңейтуді көздеген кез-келген тұлғаны кәсіпкерлерді қолдау орталығы алдымен «Бизнес Кеңесші» жобасы аясында қысқа мерзімде оқытып, арнайы сертификат береді. Осы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған азаматттар халықты жұмыспен қамту орталықтарынан шағын несие алып, бизнесін бастай алады. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, былтыр 41 адам несие алса, биыл 24 аудан тұрғыны шағын несиеге қол жеткізіп отыр. Дегенмен, жоспар бойынша жыл аяғына дейін 77 кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғынға несие берілуі керек екен. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Сапар Құлманов межелі уақытқа дейін жоспардың толық орындалатынын жеткізді.
Несие алып кәсібін дөңгелетіп жүргендердің бірі – Абай Мұздыбаев. Луговой ауылында тұратын Абай Шәйзадаұлы өткен жылдың күзінде кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификат алса, ерте көктемде алған 3 млн. несиесіне әрқайсысын жүз жетпіс мыңнан 16 бас мүйізді ірі қара алып, бұқа бизнесін бастайды. Нақты айтқанда, үш-төрт ай байлаған малын өзі сойып, өзі сатады. Ол үшін аудан орталығындағы базардан сиыр етін сататын дүкен ашып, әйелін жұмыспен қамтыса, тағы бір азаматты бордақы малдың күтімін жасау үшін жұмысқа алады. Қазіргі таңда бордақылаудың екінші кезеңін бастаған Абайдың қорасында 30 бас бұқа байлаулы тұр. Келешекте бұқа бизнесін өркендетіп, Қазақстан аумағын етпен қамтуды көздейтін кәсіпкер «Бордақы бизнесімен бірнеше отбасын асырауға болады» дейді ағынан жарылып.
Бұл бизнеске келгенге дейін түрлі бизнестің құлағын ұстаған азамат қазаққа ата кәсіп мал шаруашылығымен айналысу қол екенін айтады. – Ауылда өскен қазаққа малдан артық ештеңе жоқ екен. Болашақта жер алып, мал бордақылау кешенін соқсам деп отырмын. Үлкен балам Нұржан жуырда әскерден келді, қазір қасымда маған көмектесіп жүр. Тіршілігіміз алға басып жатса, атадан балаға мирас болып қалатын отбасылық кәсібімізге айналдырсақ деген ойымыз бар. Ал, қазіргі жағдайымыз осы, жаңадан бастап жатырмыз. Базар нарқымен әр келісін 1200 теңгеден сатып келеміз, – деп бүгінін болашақпен ұштастырып, алдына үлкен мақсат қойған Шәйзаданың Абайы абыз Абайдың «Егер ісім өнсін десең, ретін тап» деген өсиетін өзінің өмірлік ұстанымына айналдырып, кәсіптің көзін, оны іске асырудың ретін тапты. «Кәсіптің көзін тапқан, нәсіптің өзін табады» деген осы болса керек-ті.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Алтыншы шақырылған Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы 2016 жылдың 10 тамызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сағат 11.00-де мынандай күн тәртібімен өтеді:
1.Т.Рысқұлов ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі.
- Әртүрлі мәселелер.
- Кезекті сегізінші сессияның төрағасын сайлау туралы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2016 жылдың 10 тамызында сағат 9.00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.
Аудандық мәслихат аппараты.