home
home home

Тарихы

Т.Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой) 1938 жылы 4 наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының жарлығымен Меркі ауданынан бөлініп, өз алдына шаңырак көтерді.

Сол уақытта 27 ұжымшар, 2 кеңшар болған. Олар 10 ауылдық аймаққа біріккен.

Ең алғашқы кезде 82662 гектар ауылшаруашылығы алқабының 13464 гектарына дәнді-дақыл, 960 гектарына қант қызылшасы, 1550 гектарына мақта өсірілді. Кеңес өкіметі жылдарында масақты дақылдардың көлемі 130 мың гектарға дейін көбейді. 1954 жылдары Әбілқайыр мен Қорағаты даласынан, яғни тыңнан үш кеңшар құрылды. Бүгінгі «Подгорный» корпорациясы, «Қорағаты» мен «Ақбұлақ» ЖШС-рі тың игерушілердің күшімен құрылған. Аудан тарихына көз жүгіртер болсақ, оның даңқы астығымен шыққан. Ауданымыздан еңбегімен ел мерейін өсірген 21 Еңбек Ері шыккан.

Бұдан 70 жыл бұрын өз алдына отау тігіп шыққан Т.Рыскұлов ауданы содан бері талай биіктерге шығып, экономикасы артып, халқының әл-ауқаты жақсарып бүгінгі күнге жарқын істерімен келіп отыр.

Ауданға әр уақытта С.Н.Иткин, Д.Әбубәкіров, Е.Қашағанов, Р.Медеулов, С.Аққозиев, В.Кравчук, Ә.Исақ, Т.Мүсірәлиев, С.Әміреқұлов, С.Садықов және басқалар басшылық етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 11 наурызындағы Жарлығымен Жамбыл облысының Луговой ауданы Т.Рысқұлов ауданы болып қайта аталды.

Аудан аумағында 15 ауылдык округке қарасты 44 елді мекен орналасқан. Жер көлемі 9,1 мың шаршы километр..

Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде аудан экономикасының қай саласы болмасын ілгері дамуының өзі, оның жасампаздық жолына түскендігін көрсетсе керек. Әлеуметтік салада да жақсы көрсеткіштер жетерлік. Сондай-ақ оқу-ағарту, денсаулық сақтау, спорт салаларында да бүгінгі заман үрдісімен, жаңа технологиялык-инновациялық жүйені кең қолдана отырып, аудан жасөспірімдеріне терең білім беруде, салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында 54 білім беру, 1 арнайы орта білім беретін, 1 кәсіптік лицей, 34 денсаулық сақтау мекемелері, 35 бұқаралық кітапхана, 1 орталық мәдениет үйі, Аудан бойынша 1-Аудандық мәдениет үйі, 1-кинотеатр, 1-жылжымалы автоклуб, 5-халықтық атағы бар өнер ұжымдары, 7 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 1 – аудандық, 4 – ауылдық балалар, 31 – ауылдық кітапханалар халық игілігіне жұмыс істейді.

Мәдениет пен өнер, ғылым мен спорт салаларындағы жетістіктеріміз де айтарлықтай. Қасиетті Құлан топырағы дарынға да кенде емес, еліміздің өнері мен ғылымына, спорттық жетістіктер мен экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар баршылық. Ғылым докторлары, профессорлар С.Жошыбаев, Е.Әлпейісов, Р.Еркінбаева, Н.Темірбеков, Сидней олимпиадасының чемпионы Е.Ыбрайымов пен күміс жүлдегер И.Байрамуков, күміс көмей әншілер Д.Таңатаров, Т.Әшімбекова, Г.Ақүрпековалар осы өңірдің түлектері. Елімізге Жас айтыскер ақындық қырынан танылып жүрген Асхат Қылышбек пен «Алаш әдеби сыйлығының иегері», Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуандық Шолақ ағаларымыз ауданымыздың тумалары. Әйгілі сәйгүлік, Рим олимпиадасының чемпионы «Абсент» Луговой жылқы зауытынан шыққан.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта