home
home home

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына

Қазақстан  Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 маусым №13 қаулысына сәйкес, Басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі мен басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материялдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материялдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақалдарын қорғалған топырақта өңдеп, өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидияға өтінімді қабылдау маусым айының 15-нен 30-на дейін жылыжайларда өсіріліп жатқан көкөніс дақылдары үшін,шілде айының 15-не дейін егістікте немесе шабындық және жайылымдық алқаптарды түпкілікті жақсарту үшін себілген көпжылдық шөптер үшін өтінімдерді қабылдау басталады.

Субсидия нормалары 1 гектарға және 1 тоннаға төмендегідей;

-Көпжылдық шөп (таза егіс)- 1 гектарға 10 000 теңге,

-Бір жылдық шөп – 1 гектарға 10 000 теңге,

-Сүрлемдік жүгері 1 гектарға 10 000 теңге,

-Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) 1 гектарға 2 000 000 теңге ,

-Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) 1 гектарға 3 000 000 теңге,

-Мақсары – 1 тоннаға 10 000 теңге,

-Қытай бұршағы – 1 тоннаға 25 000 теңге ,

-Күнбағыс – 1 тоннаға 10 000 теңге,

-Қант қызылшасы – 1 тоннаға 10 000 теңге бекітілді.

Қосымша ақпаратты 2-15-36. 2-23-37 телефондарына хабарласу арқылы алуға болады.

Аудан әкімдігінің

ауылшаруашылығы бөлімі.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта