home
home home

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 16.01.2020

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік     біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет

өткерген жылдарын есептегенде

 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-R-3 106359 142815
2 Е-G-3 90962 122463

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_kadr@mail.ru

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық саясат секторының меңгерушісі; санаты E-R-3, 1 бірлік(№04-6-3)

            Қызметтік міндеттері:

Экономиканың барлық салалары бойынша ауданның әлеуметтік дамуының (құрылыс, өнеркәсіп, көлік байланыс және де басқа инфрақұрылымдар бойынша) көрсеткіштеріне және индустриалдық-инновациялық бағдарламалардың жүзеге асырылуына талдаулар жасайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыс, аудан әкімдерінің қаулыларының шешімдері мен өкімдерін орындалуын жүзеге асыруды. Бөлім бастығының, жоғарғы органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамысыз етуді ұйымдастырады. Ауданның әлеуметтік әкономикалық даму бағдарламаларын және оны жүзеге асыру іс-шараларын, ұзақ орта және қысқа мерзімді индикативтік жоспарларды әзірлеуді ұйымдастырып, тиісті органдарға бекітуге ұсынылуын үйлестіріп, әлеуметтік сала бойынша аумақтық бағдарламалардың жобаларын дайындап, талдау жасайды, орындалуын бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе математика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Ақниет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік (№05-10-4)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау үшін өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес жұмыс жүргізілін ұйымдастырады. Есеп айырысу, есеп жүргізу, тиісті мекемелерге айлық, тоқсандық, жылдық қаржылық есептерін беруді, қаржылық операциялардың сапалы орындалуын ұйымдастырады, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарттар жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе әлемдік экономика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                      «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс  күні  ішінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,     Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені__________________________________________________________________________

______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны: ___________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

________                                                        ___________________________________

(қолы)                                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта