home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды 21.01.2020

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

    персоналды басқару қызметі жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-R-4 95209 128834

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

(080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-Жолы көшесі №75 үй, каб.№221, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_kadr@mail.ru

                                  

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек беру секторының бас маманы; санаты Е-R-4, 1 бірлік (№04-05-7)

            Қызметтік міндеттері:

Бекітілген функционалдық міндеттері бойынша тапсырмаларды орындау. Қайырылған азаматтарға тиісті жауаптарын беріп, қызмет көрсетеді. Жәрдемақыларды заң шеңберінде уақытылы тағайындап, төлемге жібереді. Ауданда кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету бойынша ауыл әкімдерімен бірлесе отырып жұмыстар атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы: әлеуметтану немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік жергілікті басқару немесе жобалық басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе әлеуметтік жұмыс немесе білім саласындағы (жалпы) немесе ақпараттық жүйелер немесе информатика.

Қазақстан  Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1.      Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты  Е-R-4, 1 бірлік (№04-9-5)

         Қызметтік міндеттері:

Бөлімде іс-қағаз жұмыстарын нұсқаулыққа сәйкес жүргізуде және бақылауда тұрған жоғарғы органдардың актілерін «жинақ папка» ашып, қорытындылап, тиісті мерзімде аудан Әкіміне хабарлама дайындау.Сектордың қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткізуге тиісті құжаттарды дайындау, нормативтік актілерді, басқа да құқықтық құжаттардың жобаларын дайындау.Сәулет жоспарлау тапсырмаларын дайындайды, есебінен жүргізеді, тіркейді. Сәулет және қала құрылысы саласына қатысты арыз-шағымдармен ҚР «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңға сәйкес жұмыс жүргізеді, қорытынды дайындайды. Сәулет және қала құрылысы саласына  қатысты есеп, мәліметтерді дайындайды. Сектор жұмысына қатысты қаулы шешімдер жобасын дайындайды. Сәулет және қала құрылысы саласына байланысты өзекті мәселелер бойынша баспасөзге мақалалар дайындайды. Қабылдаудан өткен, өз қаражатына салынған нысандарды есепке алады, тіркейді, статистикалық есебінен жүргізеді, бекітуге қаулы жобасын дайындайды. Тұрғын үй бағдарламасының орындалуына ықпал етеді, есебін жүргізеді, талдау жасайды, статистикалық есеп береді. Құрылыс саласындағы нормативтік актілер жобаларын әзірлеуді, мемлекеттік саясатты жүргізуді үйлестіру. Құрылыс саласына қарасты ақпарат сұрауды және алуды ұйымдастыру. Кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар қызметіне талдау жасау және аудан Әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау. ҚР заңдарын, ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және белгіленген іс-шаралардың орындалуын қадағалайды.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобалық басқару.

Қазақстан  Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2020 жылдың 01 қыркүйегіне дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) санаты Е-R-4, 1 бірлік (№04-9-3)

             Қызметтік міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес конкурс өткізуге тиісті құжаттарды дайындау, жобалық-сметалық құжаттардың сапалығын бақылауды ұйымдастыру, құрылыс, сәулет мекемелерімен тығыз қатынаста жұмыс істеп, олардан түскен хабарламалар бойынша мәлімет дайындау.Құрылысқа берілген жер телімдерінің шекараларын белгілеу. Кент және ауыл әкімдерімен өзара іс-әрекет құрылыс кәсіпорындарының қызметін нормативтік актілер жобаларын әзірлеуде, мемлекеттік саясатты жүргізуді үйлестіру. Құрылыс саласындағы      әрі жобалық құжаттарға, құрылыс жұмыстарының көлемінің нақтылығын қадағалау. Құрылыс жұмыстарының жүруін және сапалығын бақылау.       

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобалық басқару.

Қазақстан  Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ветеринария  бөлімінің  бас  маманы;          санаты Е-R-4, (№04-11-5)

            Қызметтік міндеттері:

Ауылдық округ аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының  талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылау және қадағалау. Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлуді және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасау және қадағалау.Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу және оларды табыс ету. Ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылау және қадағалау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау және қадағалау жасау. Жануарлар ауруының пайда болуы мен таралуы және азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылау және қадағалау. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылау және қадағалау. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау. Ауылдық округтерде аса қауіпті ауруларға мониторинг жасау, ауру ошағы тіркелген жағдайда шұғыл хабарламалар жіберу және басқа да тапсырылған жұмыстарды орындау. Ветеринариялық профилактикалық, диагностикалық іс-шаралар туралы мәліметтер мен есептерді жинақтау, қортындылау, уәкілетті органға белгіленген уақытысында жолдау. Санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына ақпараттар алмасу, жинақтау, қортындылау, мониторинг жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау. ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында қаралған жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттерінің орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: ветеринария саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).

Қазақстан  Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)                                   2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің   2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;                       2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру          соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі, №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________

________________________________________________________________________________

____________                  ___________________________________________

(қолы)                                (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

 

 

_____________________________________________

тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болғанжағдайда/при наличии)

 

 

 

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1 Туғанкүніжәнежері/Дата и место рождения  
2 Ұлты (қалауыбойынша)/Национальность (по желанию)  
3 Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения  
4 Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)  
5 Шетелтілдерінбілуі/Владение иностранными языками  
6 Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
7 Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
8 Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9 Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, местоработы, местонахождение организации
Қабылданған/приема Босатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 

 

______________________________

Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата

 

 

_____________________күні/дата

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта