home
home home

Базалық ставканы 9,00% деңгейінде сақтау туралы

Базалық ставканы 9,00% деңгейінде сақтау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық ставканы 9,00% деңгейінде және +/- 1 п.т. деңгейіндегі пайыздық дәлізді сақтау туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляция осы жылы нысаналы дәліздің ортасында қалыптасты. Инфляциялық күтулер жылдық инфляциядан төмен болуы жалғасты.

Ұлттық Банктің бағалауы бойынша жылдық инфляция ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып 2019-2020 жылдар бойы нысаналы дәліз шегінде болады.

Жылдық инфляция деңгейі 2019 жылғы мамырда өткен айдағы 4,9%-бен салыстырғанда 5,3% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлікке жатпайтын инфляция және ақылы қызметтер инфляциясы мамырда жылдық көрсеткіште тиісінше 6,1% және 1,3% деңгейде қалыптасты. Инфляцияның ағымдағы деңгейі көбіне өндірістік сектордағы инфляцияның ұлғаюы және импорт өнімдерінің қымбаттауы аясында азық-түлік тауарлары бағасының өсуі (2019 жылғы мамырда 7,9%) ықпалымен қалыптасты.

Халықтың инфляциялық күтулері төмен болып қалуда. Наурызда және сәуірде 12 ай бұрын күтілетін инфляция халыққа пікіртерім жүргізу деректері бойынша 4,5% деңгейінде қалыптасты. Ішкі тауар нарықтарындағы баға одан әрі бірден өзгермеген жағдайда күтілетін инфляцияны нақты деңгейден төмен етіп белгілеу болашақта инфляцияға қарсы ықпал ететін болады.

Сыртқы сектордағы жағдай көбіне құбылмалы болып қалатын мұнайдың әлемдік бағасының серпінімен айқындалады. BRENT маркалы мұнай бағасының орташа бағасы ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда бір баррель үшін 66,8 АҚШ долларынан жоғары деңгейде қалыптасты. Алайда 2019 жылғы 27 мамыр – 3 маусым аралығындағы кезеңде мұнай бағасы 70 АҚШ долларынан 61 АҚШ долларына дейін бірден 9 АҚШ долларына немесе 13%-ға төмендеген, бұл әлемдік экономикада сауда талаптарының қатаңдатылуына байланысты.

Сыртқы монетарлық жағдайлар өзгеріссіз қалды. Негізгі сауда әріптес елдердегі бағаның өсуі аясында сәуірде проинфляциялық қысым шамалы күшейді. Сәуірде Ресейдегі инфляция 5,2%, Қытайда – 2,5%, ЕО-да – 1,9% болды. Инфляцияның төмендеуін күту аясында Ресейде 2019 жылдың соңында сыртқы фактордың инфляцияға ықпалы одан әрі әлсірейді.

Сыртқы талаптар жағынан басты тәуекел АҚШ пен басқа елдер, бірінші кезекте Қытай арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленіс болып қалуда, бұл әлемдік экономиканың бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін және әлемдік саудаға, сондай-ақ тауар және қор нарықтарына теріс ықпал етеді.

Инфляцияның бұдан әрі бәсеңдеуінің негізгі тәуекелдері болжамды кезеңде 2020 жылдың соңына дейін жиынтық ұсыныс пен ішкі сұраныстың өсуіне байланысты.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде қысқа мерзімді экономикалық индикатор құрылыс (8,4%), сауда (7,3%), көлік (4,8%), ауыл шаруашылығы (3,6%), өңдеу (3,5%) және тау-кен өнеркәсібі (2,6%) салаларындағы өсу есебінен 4,1%-ға артты. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсуі қаңтар- сәуірде 6,7% болды. Нәтижесінде шығарылым айырмасы оң бағалануда, яғни белгілі бір проинфляциялық әлеуетті қалыптастыра отырып өзінің әлеуетті деңгейінен жоғары тұр.

Экономикалық белсенділіктің өсуі жалақы мен әлеуметтік төлемдердің артуы аясында ішкі сұраныстың кеңеюіне ықпал етті. Мәселен, халықтың нақты ақшалай кірісі наурызда жылдық көрсеткіште 9,7%-ға өсті. Халықтың тұтынушылық белсенділігінің ұлғайғанын сәуірдің қорытындысы бойынша жылдық көрсеткіште 14,6% болған халықтың тұтынушылық мақсаттарға кредит көлемінің өскені көрсетіп отыр.

Тұтынушылық сұраныстың өсуіне Тұңғыш Президент – Елбасының «Нұр-Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес әлеуметтік төлемдер мен жалақы мөлшерін ұлғайту және ең төменгі жалақыны көтеру және жалақысы төмен қызметкерлер үшін жеке табыс салығын төмендету бойынша шараларға қосымша ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бюджет қызметкерлеріне жалақыны 2019 жылғы 1 маусымнан көтеру мерзімін ауыстыру ықпал етті. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша әлеуметтік бастамаларды іске асырудан инфляцияға қосымша ықпал 0,3%-дан аспайды.

Ақша-кредит талаптары бейтарап болып қалуда. Нақты көрсеткіште, яғни 12 айдан кейін күтілетін инфляцияны ескере отырып базалық ставка инфляцияның болжамды 2019-2020 жылдар кезеңінде 4-6%-дық нысаналы дәлізде сақталуын, сондай-ақ экономикалық өсудің орнықты қарқынын қолдауды қамтамасыз ететін деңгейде тұр.

Базалық ставка бойынша алдыңғы шешіммен салыстырғанда тәуекелдер теңгерімі ставка дамуының неғұрлым жоғары бағытына қарай ауысады.

Базалық ставка бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 15 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

 

Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727)2704 585 +7 (727)3302 497 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz

 

 

ҚР Ұлттық Банкінің

Жамбыл филиалы

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта