home
home home

Бүгін көшпелі қоғамдық қабылдау Көкдөнен ауылдық округінде өтті.

Бүгін көшпелі қоғамдық қабылдау Көкдөнен ауылдық округінде өтті.
Аталған шараға аудан әкімі Е.Садырқұлов,прокуратура,полиция бөлімі өкілдері мен бөлім,мекеме басшылары қатысты.
Аталмыш округте үш елді мекен бар. Ауыл тұрғындары тарапынан шаруа қожалығын ашу, кәсіп ашуға несие ресімдеу, көше шамдары мен жол белгілерін орнату,мешіт маңына асхана соғуға жер телімін заңдастыру,тау суын тиімді пайдалану,жұмыспен қамту туралы сауалдар қойылып,нақты жауаптар алынды.
Аудан әкімі ауылдық аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап,ауыл ақсақалдары мен тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту туралы ұсынысын білдірді.
Халықты ауылдың әл-ауқатын арттыру жұмыстарына белсенді болуға шақырды.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта