home
home home

Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері өтуде

Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері өтуде. Бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі А.Қрықбаевтың аудан халқы алдындағы қорытынды есепті кездесуі өтті.
Есепті жиналысқа Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, ардагерлер Кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдары басшылары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме-ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, барлық округтердегі жергілікті қауымдастық мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жарыссөзде аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы Бижанов, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы, меценат, «Қазақстанның Еңбек ері» Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы, «Ауданның Құрметті азаматы», білім саласының ардагері Түзел Селбайқызы Алагөзова сөз сөйлеп, өз ұсыныс-пікірлерін, алғыстарын жеткізді. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев облыс пен ауданда атқарылған жұмыстарға талдау жасап, ағымдағы жылы атқарылуға тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Залдан тұрғындар тарапынан мал ұрлығының алдын алу, көше жолдарына орташа жөндеу жүргізу, ауылды өркендету мәселесі бойынша сұрақтар, ұсыныстар беріліп, нақты жауаптар айтылды, салалық бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тың идеялар мен жаңа бастамалар айтылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жоспарлар мен мақсат-міндеттер айқындалды.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта