home
home home

Елімізде басты басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуі міндеті белгіленген.

Елімізде басты басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуі міндеті белгіленген.
Бұл міндетті еңсеру үшін Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылған.
Бұл шара өз кезегінде Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін ақпараттық- мәліметтерді толық электрондық форматқа көшіруді көздейді.
Сонымен қатар Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі болып табылады.
Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер қатынастарын реттеу саласында заңды және жеке тұлғаларға 11 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату», «Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу», «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу».
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті берушінің кеңсесінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпоорация» (ХҚКО) және www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Жер қатынастары бөлімінде арнайы ақпараттық стенд жабдықталған.
Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және т.б. мәліметтер орналастырылған.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне 4106 кіріс құжат түсті, оның ішінде «Е-Лицензиялау» бағдарламасы бойынша 611 жерге орналастыру жобасы бұйрықпен бекітілді, аудан әкімдігінің қаулысымен іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру үшін 8 электронды қаулы қабылданды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта