home
home home

Хабарландыру 2017  жылдың   12-қазан  күні сағат 15-00 де  Абай ауылдық  округінің әкімшілік ғимаратында Абай ауылдық округі Көкарық ауылындағы жаңа көшеге «Самал» көшесі деп атау беру бойынша   жергілікті  қоғамдастық  жиналысы  өткізіледі. 08.09.2017жыл

Хабарландыру

2017  жылдың   12-қазан  күні сағат 15-00 де  Абай ауылдық  округінің әкімшілік ғимаратында Абай ауылдық округі Көкарық ауылындағы жаңа көшеге «Самал» көшесі деп атау беру бойынша   жергілікті  қоғамдастық  жиналысы  өткізіледі.

 

Абай ауылдық  округі  әкімінің   аппараты.

 

 

2017 жылдың 20-маусымдағы ауыл тұрғындары және қоғамдастық мүшелерінің ұсынысына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтай отырып,  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138  қаулысына  сәйкес  тиісті  жұмыстар жүргізу  үшін  тапсырма берілді.

Көкарық ауылындағы   жаңа көшеде 3 үй және 2 үйдің іргетасы қаланған. Көшеден 36 азаматқа бос жерден  жер телімі берілді. Көшенің  ұзындығы-850 метрді құрайды.

Абай  ауылдық округі  Көкарық  ауылындағы  жаңа көшеге «Самал» көшесі деп атау беру бойынша жұмсалатын қаржылық шығын (аншлаг орнатуға) 75 000 тг жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Жаңа ашылған көшеге «Самал» атауының берілу себебі, географиялық орналасуына байланысты. Көше ауылдың оңтүстігінде орналасқан. Таудан үнемі самал жел тоқтаусыз соғып тұратындықтан ауыл тұрғындары және қоғамдастық мүшелері «Самал» атауын беруді  сұранады.

 

 

Абай ауылдық округі әкімінің аппараты.                                                     


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта