home
home home

Инфрақұрылымы (көлік, байланыс, тұрғын үй және ТКШ). ағымдағы жағдайы, байланыс деректері туралы ақпарат

Ауыз сумен қамту саласы.

 

Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы 43 елді мекеннің 26 елді мекенінде ауыз су жүйесі бар (17 орталықтандырылған, 9 ескі су жүйесі), қалған 17 елді мекен тұрғындары құдықтан және ұнғымадан (артезиан) су алады.

Ауданда 64512 адам тұратын 43 АЕМ бар, олардың 26 (60,4%) ауылы ауыз су жүйесі бар (55029 адам немесе 85,3%)) және 17 (39,6%) ауыл тұрғындары құдықтан және ұнғымадан (артезиан) (9483 адам немесе 14,7%)) су алады.

2007 жылдан бері 17 елді мекенде (45727 адам немесе 70,9%) «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламалары аясында жаңа ауыз су жүйелері құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді, атап айтқанда:

2006 және 2013 ж.ж. – Құлан,

2009 жылы – Тереңөзек, Өрнек, Көгершін,

2010 жылы – Шолақ Қайынды,

2012 жылы – Көкдөнен, Жақсылық, Қарақат, Каменка және Абай ауылдық округінің Көкарық, Еңбекші ауылдары,

2013 жылы – Көкарық, Қорағаты ауылдары,

2014 жылы – Юбилейное,

2015 жылы – Қызылшаруа,

2017 жылы – Қайыңды ауылына жаңа құбырмен су берілді.

2018 жылы – Луговой ауылындағы ауыз су жүйесі құрылысы аяқталып, есептеу аспаптарымен қосу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған ауыз су жүйелеріне «Таза су-2014» КМК қызмет көсетеді, тұтынушылар саны 34588 адам, яғни 6161 аула, тұтынушылар есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілген, тек құрылысы алғаш жүргізілген нысандарда есептеу аспаптарын орнату жүргізілуде.

Облыс әкімінің елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету туралы 2018 жылғы 13 маусымдағы №66 хаттамасына байланысты, атап айтқанда ауыз су беру жөніндегі қызметтерді субсидиялау бойынша 27.08.2018 жылы шығыс №143 санымен Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің «Таза Су-2014» ШЖҚ КМК тарапынан аудандағы ауыз сумен жабдықтау жүйелеріне ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау үшін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің тізіміне енгізу туралы тиісті құжаттармен ұсыныс хат жолданған.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша орталықтандырылған ауыз су жүргізілген елді мекендеріне қарасты ауылдарда ауыз су жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерді қосу жұмыстарын жүргізу үшін іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жүргізілуде. 5 елді мекен бойынша 1031 аула/3915 халық саны анықталды. Кестеге сәйкес шілде айында 480 аула/1760 адам ауыз су жүйесіне қосылды.

Луговой, Ақыртөбе, Қорағаты станциясы ауылдарына теміржол су мекемесі қызмет көрсетеді.

Кестемен ауыз су берілетін 4 ауыл, олар тәулігіне 9-12 сағаттан суды пайдаланады. Негізгі себептері, су құбырларының тозығы жеткен, 1970-1974 жылдары салынған нысандар, жаңа су құбырларын салуды қажет етеді. Осы жұмыстарды орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен ескі су жүйесінің тозығы жеткен Бәйтелі, Құмарық, Алғабас, Тасшолақ, Абжаппар, Жалпақсаз, Р.Сабденов, Қазақ, Жаңатұрмыс, Малдыбай, Сәлімбай, Жарлысу, Сөгеті, Мамай Қайыңды ауылдарына жаңа ауыз су жүйесін жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру үшін су жүйесі жағдайы, мәселелері тағы да тиянақты зерделенуде. Бүгінгі таңда жаңа су құбырының құрылысына Бәйтелі, Тасшолақ, Құмарық, Қаракемер, Жарлысу, Әбжапар, Алғабас ауылдарына ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Бюджет өтінім жасалынып, құрылысы жұмыстарына 2020-2022 жылдарға қаражат қарастырылуда.

Ауыз су тарифі:

тариф ҚҚС-сыз: жеке тұлғаларға 1 м³ үшін – 81 теңге 22 тиын,

заңды тұлғаларға 1 м³ үшін – 279 теңге 86 тиын.

Есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға әр адамға:

көше бойындағы су колонкаларынан тұтынатындарға 234 теңге 06 тиын,

аула ішіндегі су колонкасынан тұтынатындарға 388 тенге 28 тиын,

үй ішінде су құбыры бар тұтынушыларға 499 тенге 92 тиын.

 

 

 

 

 

Электр энергетика саласы:

Аталған электр желілері бойынша «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС қызмет көрсетеді, тұтынушылар саны жеке тұлғалар 12352, заңды тұлғалар 480 абонент тұтынушылар есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілген.

Электр желісі тарифі:

тариф ҚҚС:            жеке тұлғаларға үшін – 14 теңге 40 тиын

заңды тұлғаларға үшін – 19 теңге 34 тиын.

 

Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы 5 КТПН және Луговой ауылындағы 2 КТПН трансформаторлары иесіз электр жүйелері «иесіз мүлік» ретінде Т.Рысқұлов ауданы бойынша Әділет басқармасында 2018 жылдың қаңтар айында есепке алынды. Заңға сәйкес Әділет басқармасында «иесіз мүлік» ретінде 1 жыл тұрғаннан кейін теңгерімге қабылдау бойынша сотқа тиісті құжаттар ұсынып жұмыстарды жүргізілетін болады.

 

Жылу энергетика саласы:

 

Отын-энергетика кешені нысандарының 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық туралы  «Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы отын-энергетика кешені нысандарын 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымын сапалы өткеру мақсатында маусымға дайындау туралы» аудан әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №186 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес отын-энергетика кешені нысандарын жаңа жылу маусымына дайындау іс-шаралар жоспары, комиссия құрамы бекітілді. 2 рет штаб отырысы өткізілді.

Аудан аумағында 153 әлеуметтік нысандары бар. оның ішінде: 61 газдалған, 90 көмірмен, 1 сұйық отынмен, 1 мазутпен.

 

Білім беру саласы бойыншажалпы 68 нысан.

39 мектеп – 13 газбен, 24 көмірмен, 1 сұйық отынмен, 1 мазутпен (әскери гарнизон есебінен);

23 бала бақша – 16 газбен, 7 көмірмен;

5 қосымша білім беру мекемелері – 3 газбен, 2 көмірмен жылытылады.

2019-2020 жылдардағы жылу маусымына дайындау барысы бойынша       Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 6 мектептің және 1 балабақшаның отқазандығын, атап айтқанда Р.Смаилов, Қызылту, Бірлес, Жамбыл, Шинасилов, Алғабас орта мектептері және «Алтын сақа» балабақшасын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаржы 43,83 млн.теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 4 мектептің жұмыстары толық аяқталып газға қосылды. Қалған 2 мектеп және 1 балабақша бойынша жылыту маусымына дейін толығымен газға қосылатын болады.

 «Жамбыл жылу» КМК-ны 4 мектепке (Ш.Уалиханов о/м, Ақыртөбе о/м, Ә.Бөкейханов о/м және №1 мектеп лицей) ҚҚС-сыз 60000,0 мың. теңгеге (2018 жылғы 53570,4 мың.теңгеге) қызмет көрсетеді.

 «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК-ны 9 мектепке (Абай о/м, Құлан о/м, Ю.Гагарин о/м, Қ.Сұлтанбеков о/м, А.Байтұрсынов о/м, Ақтоған о/м, Болтай батыр о/м, Ақбұлақ о/м, Т.Рысқұлов о/м) ҚҚС-сыз 79889,0 мың.теңгеге (2018 жылы 71325,7 мың.теңгеге) қызмет көрсетеді.

Білім бөліміне қажетті 5880 көмір тонна сатып алынды. Бүгінгі таңда келісім шарт жасалынып, келісім шартқа сәйкес «Тараз отын треде» ЖШС-мен 5570 тонна «Екібастұз» маркалы  көмір 111 288 600 теңгеге келісім шарт жасалынып, Луговой отын қоймасына сақтауда тұр және 310 тонна «Шұбаркөл» көмірі 6 503 800 теңгеге келісім шарт жасалынды. Бүгінгі таңда Луговой отын қоймасында алынатын жалпы 5880 тонна түсіріліп, бүгінгі таңда толығымен қоймаларға тасымалданды.

Денсаулық сақтау саласы бойыншажалпы 29 нысан.

6 нысан бойынша ғимарат жоқ (Сөгеті, Малдыбай, Көкарық, Сәлімбай, Әбілхайыр, ст.Қорағаты ауылдарында медпунктер).

29 нысанның 17 газбен, 12 көмірмен жылытылады.

Денсаулық сақтау саласына қажетті 153 көмір тонна сатып алуға тауар биржасы арқылы «Иманалиев» ЖК-мен 3 830 500 теңгеге келісім шарт жасалынды, қоймаға толығымен түсірілді.

Аудандық орталық аурухананың қазандығына қуаттылығы – 1,2 МВТ болатын көгілдір отынмен жанатын жылыту қазандығы 2019 жылы сатып алынып орнатылды.

 

Спорт және денешынықтыру саласы бойынша – жалпы 4 нысан.

4 спорт мектебінің – 2 газбен, 2 көмірмен;

Спорт және денешынықтыру саласына қажетті 20 көмір тонна сатып алуға 372 000 теңге жоспарланды. Қоймаға толығымен жеткізілді.

 

Мәдениет саласы бойыншажалпы 52 нысан.

8 мәдениет үйінің – 1 газбен, 7 көмірмен;

13 ауылдық клубтың 2 газбен, 11 көмірмен;

31 кітапхананың – 7 газбен, 24 көмірмен жағылады.

Барлық көмірмен жылытылатын клубтар мен мәдениет үйлеріне 2019-2020 жылдарға жылыту маусымына 886,3 тонна көмірге 14 377 000 теңге бөлінген. Бүгінгі таңда көмір қоймаларға толығымен тасымалданды.

 

Аудан аумағындағы барлық әлеуметтік нысандардың қазандықтарын, аудан аумағындағы электр, ауыз су, су бұру, газ желілерінің дайындығы бойынша жылыту маусымына дайындау іс-шараларына сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Мекемелердің дебиторлық және кредиторлық берешектері жоқ.

Әлеуметтік нысандарға қажетті 6851,3 тонна (133 520 400 теңге) толығымен түсіріліп, қоймаларға толығымен жеткізілді.

Тұрғындарға қажетті көмірдің жоспары 11,5 мың.тонна. Бүгінгі таңда 8,0 мың.тонна қоймаға түсірілді, тұрғындарға Екібастұз маркалы көмір 11500-12000 теңге, Қаражыра маркалы көмір 14500-15000 теңгеден сатылуда. Тұрғындарға қажетті көмір толығымен 01 қазанға дейін жеткізілетін болады.

Барлық сала бойынша тиісті мекемелер энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың 2019-2020 жж. күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорты берілді.

 

 

 

 

Газбен қамту саласы.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша бұрыннан газ құбыры тартылған төрт елді мекен – Құлан, Ақыртөбе, Көгершін, Көкдөнен ауылдары, 2012 жылға дейін газ кіргізілген Жақсылық және Абай ауылдық округінің Еңбекші, Көкарық ауылдары.

2012 жылдан бері газ құбыры 18 елді мекенге: Малдыбай, Құмарық, Қарақат, Тереңөзек, Көкарық, Өрнек, Луговой, Жарлысу, Р.Сабденов, Абжапар, Сәлімбай, Қаракемер ауылдарына тартылған. 2015 жылы Алғабас ауылының, 2017 жылы Қайыңды және Мамай Қайыңды, 2018 жылы Қызылшаруа және Сөгеті ауылдарының газ құбыры құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Газдандырылған елді мекендер саны 24, бұл ауданның елді мекендердің 56.0 %-ы шоғырланған.Оның ішінде Алғабас ауылына бюджет қаражат есебінен газ тартылған, ал қалған елді мекендер ауыл ішіндегі әр үйдің ауласына газ құбырын ауыл тұрғындарының қаражат есебінен келісім шарт арқылы лицензиясы бар мекемелер немесе жеке кәсіпкерлер арқылы жүргізген.

Газ құбыры тартылмаған елді мекендердің жалпы саны 19, оның ішінде газ кірмеген 12 елді мекен: Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қорағаты, Байтелі, Д. Қонаев, Әбілхайыр, Қорағаты стансасы, Шөңгер, Шолақ-Қайыңды ауылдары. Қалған 7 елді мекен газдандырылу ықтималдығы төмен аз қоныстанған және шалғай орналасқан елді мекендер: Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе (Қорағаты а.о.), Қосапан (Көгершін а.о.), Сұмқайты (Өрнек а.о.), Құмарық разъезі (Көкдөнен а.о.), Разъезд-98 (Ақбұлақ а.о.).

Жалпы Т.Рысқұлов ауданының халық саны барлығы 64423 адам және 12672 аула. Оның ішінде 40257 адам және 9624 аула немесе 62,4% газбен қамтылған. Аудан көлемінде 43 елді мекеннің 24 ауылға  толық газ тартылған, 12 ауылға газ кірмеген, 7 ауылдың халық саны аз болуына байланысты газ тартылмаған.

Газ құбыры тартылмаған 6 ауылға Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Шолақ-Қайыңды ауылдарына 2019 жылы газ тарту жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындау үшін жергілікті бюджеттен 15,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу процесі жүргізілуде.

Газ құбыры тартылмаған елді мекендерге 2019-2020 жылы газ тартуға ЖСҚ дайындалып бюджеттік өтінім беріліп 2020-2021 жылдары елді мекендер газ құбырымен толық қамтылатын болады.

Аталған газ шаруашылығы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ қызмет көрсетеді, тұтынушылар саны жеке тұлғалар 9624, заңды тұлғалар 295 абонент тұтынушылар есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілген.

Газ тарифі:

тариф ҚҚС-сыз:    жеке тұлғаларға 1 м³ үшін – 24 теңге 35 тиын

заңды тұлғаларға 1 м³ үшін – 31 теңге 71 тиын,

 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстағы газдандырылған елді мекендердегі орталықтандырылған газ торабына қосылмаған тұрғын үйлерді газ торабына қосу бойынша жоспарына сәйкес қазіргі таңда, облыстағы газдандырылған елді мекендердің ішінде орталықтандырылған газ құбырына қосылмаған үйлерді төмен бағамен қосу үшін мердігер компаниялармен жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес жауапкершілік шектеулі серіктестіктермен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымы басталғанға дейін газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 45 үй төмен бағамен газ торабына қосылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай аясында «ҚазТуризм» ЖШС-не газ құбырларын тарту жұмыстарын жүргізу мақсатында 2019 жылы облыстық бюджеттен 11833,0 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен аяқталып, жеңімпаз ретінде «Кен-Байтас» ЖШС анықталып, жұмыстар толығымен жүргізілді.

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы.

 

2019 жылы жалпы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 43,111 млн.теңге қарастырылып, оның ішінде: 30,111 млн.теңге абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына, ал 13,000 млн. теңге санитарлық тазалық жұмыстарына.

Көктемгі екі айлықта барлығы егілетін тал-терек жоспары 950 дана, гүлзарлар орналастыру жоспары 1600м2, көгал орналастыру жоспары 2710м2, арық және каналдар тазалау жоспары 35 шқ, көшелерді тазалау 245 шқ, саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру 1400, кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау 225 тонна толығымен орындалды.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша тұрмыстық қалдықтарды полигондарға тасымалдау жұмыстарын ЖК «Тазалық» ауыл тұрғындарымен келісім-шарт жасап, айына жеке тұлғаларға 400 теңгеден, заңды тұлғаларға 1000 теңгеден, жалғыз бастыларға 200 теңгеден және 1-2 топтағы мүгедектерге тегін. Айына бір үйден 16 мүшек қалдықтар шығарады және округ әкімшіліктерімен келісім-шартқа тұрып тиісті жұмыстар атқарады. 2018 жылы Аудан халқына қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтермен қамту үлесі 92% болды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 93% қамту жоспарлануда. Қатты қалдықтарды тасымалдау бойынша «Тазалық» ЖК-де 2-зил,1-трактор, 1-кран қызмет етеді.

Қосымша ауданға «Таза су-2014» КМК-да 4 трактор тіркемесімен 2017 жылы алынып, тиісті жұмыстар атқарады.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тұрмыстық қатты қалдықтарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жасау барысында полигондарды оңтайландыру үшін бір-біріне жақын елді мекендердің полигондарын бір жерге шоғырландырылды. Яғни, 43 елді мекенге 15 полигон жоспарланды.

Жоспарға сәйкес 2019 -2020 жж. – 15 бірлік қалдықтар тастайтын алаңдар ашу арқылы 43 елді мекенді толық қамту 100%.

2019-ға жоспар – 8 бірлік қалдықтар тастайтын алаңдар ашу арқылы 19 елді мекенді қамтимыз немесе 42 %. Қаржыландыру үшіноблыстық немесе аудандық бюджеттен 2019 жылдың нақтылауында қаржы қарастыру, ЖСҚ-лары бойынша жалпы соммасы 73,5 млн.тг.: оның ішінде 53,1 млн.тг. – қазу қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, 14 млн.тг. – бақылау ұңғымаларын қоюға және 7 млн.тг. – ауылдық округтар есебінен жою қорын ашуға қаражат  қажет;

Өңдеу және кәдеге жарату арнайы күлқоқыс тастайтын полигон құрылысына ЖСҚ дайындауға бюджетке өтінім беруге 6 млн.тг. қарастыру көзделу облыстық бюджеттен қажет немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін ұйымдастыру қажет.

2019 жылға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі арасындағы келісімге сәйкес индикаторларға толық межеге қол жеткізу үшін жұмыстар тұрақты жүргізілуде. 2019 жылға ІІ тоқсан жоспарына сәйкес «Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу үлесі» – 2,5%, «Аудан халқына қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтермен қамту» – 93% толығымен орындалды.

2019 жылы ІІ тоқсанға Т.Рысқұлов ауданының елді мекендердің маңына «Жасыл белдеу» құруға берілген жер учаскелеріне  тиісті шараларды жүргізу (көшет отырғызу, күтіп-баптау, суғару, қору) бойынша Құмарық ауылдық округі 14 га жоспарланған. Алайда қажетті қаражат 21.05.2019 жылғы №42-4 маслихаттың шешімімен «Жасыл белдеу құруға» 10,0 млн.теңге қаражат берілді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алуға құжаттары рәсімделіп, мердігер анықталып жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерін әзірлеп, аудандық мәслихаттың шешімімен бекіту жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта