home
home home

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы басталды. 11 жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл да тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Биылғы жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша оқумен толық қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жылдағыдан бір ай бұрын, яғни шілде айынан басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.
Акцияға үлес қосамын деген жандар болса, облыс мектептеріне киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстай алады. Ал көмек алуға үмітті ата-аналар мен балалар тізімі жергілікті жердегі мектептерде бекітіледі.Әр әлеуметтік көмекке аса мұқтаж отбасы егер мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдық аламын десе, сонда өтініш білдіруіне болады.
Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төгетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтеріне сенім мол. Құрметті,жаны жомарт жандар,сауапты іске өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта