home
home home

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық спартакиада.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық спартакиада.
Аудандық спартакиада Құлан ауылы, орталық стадион 2019 жылы 08 маусым күні өтті. Жарысты ұйымдастыру және басшылық жасау аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелді. Спартакиадада кіші футбол, үстел теннисі, армреслинг (абсалюттық салмақ), шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, гір көтеру спорт түрлері өтті. Жарысқа 15 ауыл округі мен аудан әкімдігінің аппараты және бөлімдері қатысты. Жеңімпаздар кіші футболдан: 1-орын Аудан әкімшілігі, 2-орын Қорағаты аймағы, 3-орын Ақыртөбе аймағы. Гір көтеруден: 1-орын Әлі Мұхит, 2-орын Таңат Талант, 3-орын Айдарқұлов Әсет. Қол күрестен: 1-орын Атабаев Төлеген, 2-орын Айдарқұлов Асет, 3-орын Құлбаев Шаншар. Үстел теннисінен: 1-орын Асанбай А, 2-орын Нуруллаев А, 3-орын Жолшыбеков Б. Шахматтан: 1-орын Бейсов, 2-орын Байхожаев Алмағанбет, 3-орын Дорменов Алпыс. Дойбыдан ер адамдар: 1-орын Шөненов, 2-орын Бейсов, 3-орын Абилов Қайрат әйелдерден: 1-орын Абдикаримова Г. Тоғызқұмалақтан әйелдерден: 1-орын Оразбайқызы Динара, 2-орын Рахметуллаева Алина, 3-орын Туребеков Аяна, ерлерден: 1-орын Ахметов Бауыржан, 2-орын Әліби Жандос алды. І,ІІ,ІІІ орын алған спортшылар және командалар аудандық дене щынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубоктарымен, дипломдарымен, медальдарымен марапатталады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта