home
home home

Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың мәртебесі

Мемлекеттік рәміздерұлтымыздың

мәртебесі

Шіркін, біз қандай бақытты ұрпақпыз. Кәрі құрылықтағы іргелі мемлекеттің бірі Фран­цияның білдей бесеуінқұша­ғына сыйдыра алатын кен байтақ жеріміз, тұғырлы Елор­дамыз, Көшбасшы Прези­ден­тіміз, ұлттықнышан­да­ры­­мыз, ең бастысы, жер бе­тінде Қазақ дейтін егемен ұлтымыз бар. Қазақстан – дамушы мемлекеттерді басып озып, дамыған отыздыққа бет түзеді. Ұлы Дала елі қаншама халықаралық бәсі жоғары жиындар мен жарыстардың өтуі­не мұрындық болды. Таяу күндері Елордамыз Ас­танада күллі әлем елдері көз тіккен «EXPO 2017» көрмесі өтпекші. Осының бәрін көре тұра, біз, өзімізді бақытты ұрпақ санатына қалайша жатқызбаймыз.

Биыл Қазақстан Респуб­ликасы Мемлекеттік рәміздері­нің қабылданғанына 25 жыл бо­лып­ты. Мына нәрсені санаға мық­­тап тоқыған абзал. Бұған жаһан жұртшылығы да куә.Қа­зақтың Көк Туындай байрақ, шырқап салғанда жан жүрегіңді елітпей қоймайтын «Менің Қазақстанымдай» Әнұран, көне тарихтан сыр шертетін еңселі Елтаңба әлемнің ешқандай мемлекетінде жоқ. Бұл қарға тамырлы қазақ үшін зор мақтаныш деп білеміз.

Өткен жұма күні Мем­ле­кет­тік рәміздер күніне аудандық мәдениет үйінде мәні бар мағыналы шара ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов қатысты. Жаһандық жа­ңғырудың үшінші онжыл­дығы­на қадам басқан еліміз­дің мәртебесі әрқашан биік болып, Көк Туымыз лайым көкте желбіресін. Халықаралық бала­ларды қорғау күніне орай Тараз қаласында тұңғыш рет өткізілген «Шабыт шеруінде» өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленген аудан оқушыларының музыкалық композициясымен басталған айтулы мереке соңы Мұқан Төлебаев атындағы Саз мектебі оқушыларының және аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы әсем әндермен өрілді.

Марат ДИХАМБАЕВ.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта