home
home home

Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту  

Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту

 

Тіл тіршіліктің бастауы деп бекер айтылмаған. Себебі адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жолғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауы тиіс.

Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихи халық тарихына ұқсас, әрі бірегей ұғым. Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен болғалы он бес жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін де аз саналмайды. Бірақ қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтерумен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр, қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда.

 

 

 

            «Азаматтарға арналған үкімет»                                                                                           

                                                                                       мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ

                                                                                       Жамбыл облысы бойынша филиалы-

                                                                                       «ХҚКО» департаментінің

                                                                                       Т.Рысқұлов аудандық бөлімінің

                                                                                       маманы Н.М.Аденова

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта