home
home home

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мүгедектер үшін жұмыс

орындарына квота 
белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан  әкімі                                                          Ж.Айтақов

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2017 жылғы __ _________

№ __ қаулысына қосымша

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары

Ұйымның атауы Жұмыс орындары-ның саны Квота мөлше-рі Квота белгіленген жұмыс орындары-ның саны

1.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70 2% 1

2.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50 2% 1
  Барлығы: 120   2


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта