home
home home

Мұратымыз – мәңгілік ел болу

Мұратымыз – мәңгілік ел болу

        Барша қазақ жұртшылығына жаңа бағыт жолдап, жаңа серпін сыйлаған Елбасының тағы бір жобасы бар. Ол – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың жылдар бойы аңсаған асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Иә, біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қаладық. Мен Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» – деп атап өткен болатын Елбасы. Әрине, ұлтымыздың Көшбасшысының «Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық» дейтіндей де жөні бар. Тарихқа көз жүгіртсек, кешегі тәуелсіздікті аңсап, бодандықта өткен ғасырлар мен бүгінгі жасампаздық дәуірін көз алдымызға әкелсек, бүгінгі таңның арайын, гүлденген Тәуелсіз Қазақстанның толайым табыстарын көреміз.

Қойнауына қат-қабат тарихты бүккен жеріміздің бүгінгі келбеті қандай? Дәулеті мен сәулеті артқан жаңа қалаларды, баяғы қан майдандар орын алған қасиетті топырақта бейбіт күннің жайқалған сары бидайын, Сарыарқаның төсінде кеңінен құлаш сермеп, өркен жайған жаңа Астананы, сұлу қала  Алматыны қараңызшы! Қандай ғажап көрініс! «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ» дей келе, «Біз келешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз» деген еді Президентіміз тағы бір сөзінде. Ия, тағылымы мол өткен тарихымызбен мақтана алатын халықпыз. Ал, келешегіміз жарқын «Мәңгілік ел» болуымыз үшін өткеннен тағылым алып, болашақты бүгіннен жоспарлауымыз керек. Әрине, бұл тұрғыда Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын, жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайы Жолдауын, сондай-ақ, бірнеше нақты жоспарлы бағдарламаларын ұсынып келеді. Бұл жоспарлар мен бағдарламалар бәріміз үшін міндетті. Өйткені, Елбасымен бірге жаңа белестерге жететінімізге сеніміміз кәміл. Бір сөзбен айтқанда, болашағынан үлкен үміт күтетін, «Мәңгілік ел» болуға лайық мемлекеттердің бірі де, бірегейі – біздің Тәуелсіз Қазақстан!

Қожайхан БИЖАНОВ,

аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта