home
home home

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Т.Рысқұлов ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

 

Құлан ауылы                                                                         15.07.2019 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                      №2

 

         Төрағалық еткен Е.Садырқұлов – аудан әкімі комиссия төрағасы

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Күн тәртібі

  1. Аудандағы білім, мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңнамасының орындалуы туралы

_____________________________________________

(Е.Садырқұлов, Е.Сейтжапаров, Н.Жамалбеков)

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім және мәдениет бөлмі басшылары Е.Сейтжапаровтың, Н.Жамалбековтың есептері назарға алынсын.

1.2. Аудан әкімдігінің білім бөлімі (Е.Сейтжапаров)  бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

  • білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, мектепке дейінгі) ұйымдарының басшылық құрамы немесе мұғалім тарапынан «Ақша жинауға тосқауыл қою туралы» бұйрығының ғимараттың кіре берісіне (көзге көрінетін) арнайы стендте ілінуін қамтамасыз етсін;
  • білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарда ыстық тамақпен қамтамасыз етуде қоғамдық бақылау күшейтілсін;
  • «Ақша жинауға тосқауыл қою туралы» шектеулерді қабылдамаған білім беру ұйымдары басшыларының жауапкершілігі бойынша шаралар қабылдасын;
  • Барлық білім беру бөлімі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
  • Білім бөлімі қызметшілері ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу мақсатында қызметшілерге (мемлекеттік қызметшілерге, мамандарға, методистерге және т.б.) құқықтық оқытулар ұйымдастырсын;
  • есепті кезеңде ауылдардан келген білім бөлімі қызметшілерінен немесе ауылдарға іссапармен барған білім бөлімі қызметкерлері тарапынан ақша бопсалауды анықтау және оның жолын кесу бойынша шаралар қабылдап, басшылық тарапынан осы мәселені қатаң бақылауға алып, жұмыстарды тұрақты түрде жүргізсін;
  • білім беру саласында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

1-7 тармақшаларды орындау мерзімі: 01.09.2019 жыл.

1.3. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлмі басшысы (Н.Жамалбеков);

  • қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;
  • білікті мамандарды тарта отырып қызметкерлер арасында қолданыстағы заңдардың талаптарына түсіндіру жұмыстарын, құқықтық оқулар ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, нәтижесі бойынша оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын қамтамасыз етсін, заң бұзушылыққа жол берілмесін;

8) атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

9) атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне 1 ай мерзім ішінде ұсынылсын.

 

  1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі қаржылық тәртіптің сақталуы туралы

____________________________________________

(Е.Садырқұлов, Т.Жапарқұлов)

 

2.1. Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі (Т.Жапарқұлов), экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі (Л.Сапарбекова) Заң талаптарына сәйкес:

1) жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша барлық мекемелерден ұсынымдарды жинақтауды қамтамасыз етсін;

2) бюджеттік бағдарлама әкімшілерін және мемлекеттік органдардың бухгалтер қызметкерлерін бюджет және қаржы Заңнамасын түсіндіру бойынша құқықтық оқытулар ұйымдастырсын;

3) тұрақты негізде бюджетті жоспарлау сатысынан бастап оның орындалу барысына дейін барлық жауапты тұлғаларды (жүзеге асыру механизмі бойынша) оқыту шараларымен қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: тоқсан сайын.

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;

5) облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын тиісті сала мамандарының қатысуымен талдау бойынша шаралар қабылдау;

6) бюджетті жоспарлау барысын және оның шығыстарының ашықтығын (жариялылық) қамтамасыз етсін;

7) атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді (тоқсан сайын) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне ұсынылсын.

2.2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

1) мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарда тиісті материалдарды жариялап тұру;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

3) мемлекеттік сатып алу саласында және мемлекет активтерін пайдалану кезінде заң бұзушылыққа жол берілмесін;

4) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын қамтамасыз етсін;

5) барлық мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының қағидаларын қатаң сақтап басшылыққа алып тиісті жұмыстар жүргізу, аударылатын қаржыларды тікелей қадағалап мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзбау қатаң тапсырылсын;

  1. Осы хаттаманың сапалы орындалуына мемлекеттік органдардың бірінші басшысы дербес жауапты болады , комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпаратты құқықтық бөлімшесіне жолдауды тапсырамын.
  2. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Е.Садырқұлов          

Т.Рысқұлов ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

 

Құлан ауылы                                                                         03.05 .2019 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                      №1

 

Төрағалық еткен Е.Садырқұлов – аудан әкімі комиссия төрағасы

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Күн тәртібі

  1. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы және жер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңнамасының  орындалуы туралы

_____________________________________________

(Е.Садырқұлов, М.Тасыбаев, Д.Жанадилов)

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1.1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және  құрылыс бөлімі және жер қатынастары бөлмі басшылары М.Тасыбаевтың, Д.Жанадиловтың есептері назарға алынсын.

1.2. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және  құрылыс бөлімі (М.Тасыбаев)  бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

-құрылыс бөліміне қатысты жобалық сметалық құжаттардың заң шеңберінде дайындалуын қадағалап, уақтылы аяқталуын бақылауға алсын;

-қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі  жұмысты жандандыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жандандыру мақсатында орын алатын кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындалуына қатаң бақылау жүргізілуін қамтамассыз етіп, атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратын хабардар етсін.

1.3. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелелерін тұрақы бақылауға алсын;

– Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған мемлекеттік қызметшілер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар және бейнероликтер жариялау бойынша шаралар қабылдау;

– жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салаларын анықтап, кемшіліктерді жетілдіру жөнінде комиссияға нақты шаралар ұсыну.

1.4. Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, ауылдық округ әкімдері:

– жер учаскелеріне кезекте тұрған азаматтардың тізімдері, бос жер учаскелері туралы ақпараттар, аукцион өткізу туралы хабарлама аудан әкімінің интернет сайтында және кең тарайтын басылымдарда жариялануын қамтамассыз етсін;

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің толық жүзеге асырылуы бойынша тиісті шаралар қабылдау;

– ауылдық округ әкімдері жер заңнамасы бойынша мекеме Ережелеріне енгізілген өзгерістер бойынша  нақты шаралар қабылдап жұмыстар жүргізсін. (орындалуы тұрақты)

 

 

  1. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған шаралар туралы

(Е.Садырқұлов, Б.Асқар, М.Сванов)

 

2.1. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған шаралар туралы «Жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары Б.Асқардың, Луговой ауылдық округінің әкімі М.Свановтың есептері тыңдалды.

Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарында жастармен кездесулер семинарлар ұдайы ұйымдастыру тапсырылсын.

2.2.Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі:

– ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы тарауларда ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып, тиісті мәліметтермен толықтырылсын.

– мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарда тиісті материалдарды жариялап тұру (орындалуы туралы ақпаратты құқықтық бөлімшесіне 1 ай мерзімде жолдансын)

2.3. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

  • қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;
  • білікті мамандарды тарта отырып қызметкерлер арасында қолданыстағы заңдардың талаптарына түсіндіру жұмыстарын, құқықтық оқулар ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, нәтижесі бойынша оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын қамтамасыз етсін, заң бұзушылыққа жол берілмесін;

9) ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайы бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын өткізуді ұйымдастырсын.

10) атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

12) атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне 1 ай мерзім ішінде ұсынылсын.

13) Осы хаттаманың сапалы орындалуына мемлекеттік органдардың бірінші басшысы дербес жауапты болады.

  1. Осы хаттаманың сапалы орындалуына мемлекеттік органдардың бірінші басшысы дербес жауапты болады 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №4 хаттаманың орындалуы бойынша ақпаратты құқықтық бөлімшесіне 10 мамырға дейін жолдауды тапсырамын.
  2. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Е.Садырқұлов         

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта