home
home home

Ортамызда бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерлікті бейбіт өмірде жалғастырған азаматтар аз емес

Ортамызда бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерлікті бейбіт өмірде жалғастырған азаматтар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – жерлесіміз, Т.Рысқұлов ауданы азаматы,лейтенат,қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Жеңіс Үмбетбайұлы Жанадилов 1969 жылдың 9 мамырында Жамбыл облысы Луговой ауданы Октябрь шаруа ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1976-1986 жылы Октябрь шаруа орта мектебін үлгілі оқып-бітірген.1988-1989 жылдары КСРО қарулы күштерінің қатарында әскери борышын атқарды. 1995 жылы Луговой станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі «Есірткі бизнесіне қарсы күрес» бөлімшесінің жедел уәкілі болып қызметке тұрып, Жеңіс Үмбетбайұлы 1996 жылдың 16 қыркүйегінде қызметтік борышы -қылмыстық топты ұстау барысында қанды қол қылмыскерлердің қолынан ерлікпен қаза болды.
Жанадилов Жеңіс Үмбетбайұлын 1996 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапаттап, 2017 жылы 5 мамыр күні Луговой желілік полиция бөлімінің ғимараты алдына ескерткіш тақта қойылды.
Жеңіс Үмбетбайұлы Жанадилов көпбалалы отбасынан шыққан, қазіргі уақытта 4 бауыры әр салада жемісті еңбек атқарып жүр.Жанадиловтар әулетінің тірегі Үмбетбай ақсақал мен Бейсекүл анадан 5 ұл, 2 қыздан 26 немере, 13 шөбере тараған. Жеңіс Үмбетбайұлының жан жары Қуатова Жеңіскүл Тараз қалалық әкімдігінде қызметкер болса, артындағы ұрпақтары-Аспандияр Жеңісұлы Нұр-Сұлтан қаласында архитектуралық-жобалау институтында қызметкер, Диас Жеңісұлы –облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызметкер, қазіргі күні 1 немере қыз өсіп келеді.
Егемен елі барда ер есімі ешқашан да өшпейді. Ерліктің ерен үлгісін танытқан, бейбіт өмірдің батыры Жеңіс Үмбетбайұлының ерлік әрекеті мәңгі ұмытылмайды.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта