home
home home

Өсе бер, құлпыра бер киелі Құлан жері!

Өсе бер, құлпыра бер киелі Құлан жері!
Биыл Жамбыл облысына мемлекеттен бұрын соңды болмаған қаржы бөлініп отыр, 1320 жобаларды игеруге – 130 миллиярд теңге! Халық «Еңбекпен қамту жол картасы», «ДКЗ» деп атайтын бағдарлама бойынша.
Кеше ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Тулебаев бастаған «Жамбыл –Адалдық алаңы», ақпараттық, ағарту штабы жетекшілері Назима Жұвандықова мен бірге Т.Рысқұлов ауданына барып атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық, облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев, департамент басшысы Әділхан Әшірбаев және аудан әкімі Ерболат Садырқұловтардың қатысуымен «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен танысып, аудан активінің жиналысына қатыстық. Бұл туралы БАҚ өкілдері жария етер, мен ауданда атқарылып жатқан қыруар жұмыстар туралы және ұзақ жылдардан бері шешілмей келе жатқан күрделі мәселелердің бүгінде шешімін тапқанын халыққа жеткізгім келеді. Әсіресе тұрғындар, қоғам өкілдері, журналистер мен блогерлер жағынан. Былтырдан бері өзімде осы мәселелерді көтерген едім, ал бүгін бәрін зерделеп көпшілікке хабарлаймын:
Ауыз сумен қамту туралы
«Өңірлерді дамыту–2020» бағдарламасы аясында аудан әкімінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде биыл ауданның 8 елді мекені: Әбжапар, Жарлысу, Құмарық, Қаракемер, Алғабас, Бәйтелі, Тасшолақ ауылдарында су жүйесі құрылысы және Құлан ауылында су ғмаратының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан аумағындағы 42 ауылдық елдімекеннің 26 (61,9%) ауылында ауыз су жүйесі бар (55029 адам немесе 85,3%).Енді 8 ауылда 6415 халық таза ауыз сумен қамтылса, барлығы 61444 адам немесе 89,9% халық таза ауыз суға қолжетімді болады.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 1826,1 млн теңге: Жарлысу ауылында су құбыры желісі мен су алғыш құрылыстарды салу 380,6 млн.тг, Бәйтелі ауылының су құбыры желілері мен су іркуіш құрылыстарын салу 207,8 млн.тг, Әбжапар ауылының су құбыры желілері мен су іркуіш құрылыстарын салу 456,1 млн.тг, Құмарық ауылында су құбыры желілерімен суалғыш құрылыстарды салу 172,2 млн.тг, Құлан ауылындағы орталық су алғыш құрылысты реконструкциялау 111,1 млн.тг, Алғабас ауылындағы орталық су құбыры желілерінің құрылысы 118,2 млн.тг, Тасшолақ ауылында су құбыры желілерінің және суалғыш құрылыстарды салу 370,1 млн.тг.қолға алынған.
Аудан әкімдігінің алдағы жылдарға да ауыз су мәселесін шешуге нақты жоспары бар екен. Мысалы,Р.Сәбденов, Жаңатұрмыс, Ақыртөбе ауылдарына ауыз су жүйесін жүргізуге ЖСҚ әзірленуде. Шөңгер, Мамайқайыңды, Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе, Әбілхайыр, Сұмқайты, Сөгеті ауылдарын мембраналық су тазарту құрылғысымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен қаржыландыру қарастырылуда.
Ауданда ауыл тұрғындары тарапынан үлкен мәселе ретінде Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті, Мамайқайыңды ауылдарының ауыз су мәселесі айтылып келген. Осыған байланысты облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына мембраналық су тазарту құрылғысын орнату жобасына облыстық бюджеттен 60,0 млн.теңге қаражат бөлу туралы өтінім жолданған. Қаржы мәселесін шешу, өтінімді қолдау мәселесі қаралуда екен.
Табиғи газбен қамту туралы
Т.Рысқұлов ауданында 42 елді мекеннің 24-іне толық газ тартылған, газ кірмеген 18 ауылдың 11-нің (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Шолаққайыңды) газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.
Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты ауылдарын 1,56 млрд. теңгеге қаржыландыру республикалық бюджеттен, Шөңгер, Шолаққайыңды ауылдарын 240,1 млн.теңгеге қаржыландыру облыстық бюджеттен болады.
Сонымен қатар даулы мәселе болып келе жатқан 5 елді мекенді (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ) газдандыруға облыстық бюджет есебінен 50 млн. теңге қаражат бөлінді.
Бір айтып кететін жәй,ауданда 7 елді мекен (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезі, Қорағаты станциясы) халық санының тиісті нормадан (50 адамнан төмен) аз болуына байланысты, экономикалық тұрғыда тиімсіз елді мекендер деп танылған екен.
Газдандырылған 24 елді мекенде түрлі себептермен орталықтандырылған газ торабына қосылмай қалған 406 тұрғын үйдің 359-ын төмендетілген бағамен газ торабына қосу жұмысы жүргізілген. Бүгінде құжаттары толық болмауына байланысты ішінара газға қосылмаған 47 үй қалып отыр.(Луговой, Құмарық, Қаракемер, Жарлысу, Әбжапар, Өрнек, Құлан, Қарақат, Р.Сәбденов, Еңбекші, Көкарық). Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасып,бақылауға алынып, толық шешімін табатын болады деп отыр аудан басшысы.
Жол жөндеу жұмыстары туралы
Т.Рысқұлов ауданы аумағында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 91 ауылішілік көшені және 3 аудандық жолдарды жөндеуге 814,9 млн. теңге бөлініп, 68 нысанның жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Қалған жолдарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Облыстық мәндегі 3 автокөлік жолдарын жөндеуге 459,1 млн. теңге бөлініп, бұл жұмыстар да аяқталды.
Жарықпен қамтамасыз ету туралы
Т.Рысқұлов ауданында көшелерді жарықпен қамтамасыз ету бойынша 149,5 млн. теңге бөлінген. Аудан елді мекедеріндегі 128 көшенің шамдары жаңа диодты шамдарға ауыстырылыпты.
Білім мекемелерінің күрделі жөндеу жұмыстары мен қосымша құрылысы туралы:
Ауданда білім беруді дамытуға арналған қаржы көзі жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады, биылдың өзінде бюджеттен бұл мақсатқа жалпы 12 088,0 млн.теңге қаржы бөлінген. Биыл әкімдік тарапынан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне ауданда білім нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Ауданда 8 мектепті күрделі жөндеуге және 1 мектепке қосымша құрылыс салуға 943,62 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталған. Оның ішінде Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебіне мәжіліс залы мен екі пән кабинеті құрылысы бар. Сол сияқты Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі, Көгершін ауылындағы Ақтоған шағын орталықты орта мектебі, Қызыл шаруа ауылындағы №3 шағын орталықты орта мектеп, Р.Сәбденов ауылындағы Ақбұлақ орта мектебі, Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп және Құлан ауылындағы №1 мектеп-лицейі, Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептері ғимараттары толығымен заманауи үлгіде жаңартылған.
Аудандағы Құлан агротехникалық жоғары колледжіндегі оқу корпусы мен асханасын күрделі жөндеу жұмыстарына 481,0 мың тг бөлініп, жұмыстар қазан айының соңында жүргізіледі.
Құмарық, кіші Алғабас ауылдарына барып көреніміз, халық «Пилоттық жобаға» қатысып тұрмыстарын жақсартуда.
Өздеріңіз көріп отырғандай ауданда қыруар жұмыс жүргізілуде, бұрынғы проблемалар шешімін табуда, кемшіліктерде бар, бірақ олар соншалықты күрделі емес, дүзеуге болады.
Еңбектеріңіз рәтті болсын құрметті Құландықтар! Еңбек бәрінде жеңбек демекші, еңбектеріңіздің қызығын көріңіздер! Ең бастысы – аман, сау болыңыздар!

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта