home
home home

Қазақ әліпбиінің Латын әріпіне көшу туралы

БІЗ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШПЕЙМІЗ,

керісінше, оған қайта ораламыз

 

27 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағыты бойынша латын қарпіне көшу мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық кітапхана қызметкерлері, ардагер ұстаздар, тілшілер, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері және тіл мамандары шақырылды.

А.Байтұрсынов секілді Алаш арыстарының арманы болған, бұдан әрі дамуға өз септігін тигізер латын қаріпіне көшудің пайдасы жайлы пікір білдіруге шақырылған тіл жанашырлары өз ойларын ортаға салса, аудандық «Тіл дамыту» орталығының бас маманы Ринат Сартаев жиынға келгендерге 32 әріптік латын әліпбиінің жаңа нұсқасын таратып, бірер минуттан соң қайта жинап алып, сол әліпбимен дөңгелек үстелге жайғасқандарға бірнеше сөйлемдер жазғызу арқылы олардың жаңа әліпбиге деген қызығушылықтарын оятуға тырысты. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу жайлы бейнеролик көрсетілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшысы Нұрдәулет Жамалбеков: «Латын қарпіне көшу әрине, еліміз үшін тиімді бастама. Біз оны білудің, үйренудің қажет екенін түсінеміз. Дегенмен, қолданысқа келгенде, тежеліп қалып жатырмыз. Себебі, алдымызда 2022 жыл деген уақыт бар. Көпшілігіміз: «Бәрі 2022 жылы басталады» деген оймен арқаны кеңге салып жүрміз. Бірақ, әне-міне дегенше, 1 сынып оқушылары осы әліпбиді жазуды да бастайды. Сонда біз – ата-аналар үшін қиындық туындайтын жайы бар. Сондықтан, барынша ертерек қамдануымыз керек. Елбасының игі бастамасын ел арасында қолдап, үндеу тастап, насихаттау зиялы қауым өкілдері – біздердің міндетіміз, -деді өз сөзінде. Ал, ардагер ұстаз, тіл жанашыры Қуанышгүл Ермекбаева болса: «Қай нәрсе де қажеттіліктен туады. Үлкендердің міндеті – тілеу болса, бұрынғы ата-бабаларымыздың арманының орындалғанын дәлелдейтін, Елбасының сенімін ақтайтын, сол бір арманның ағысын ұзаққа жеткізетін – жастар, сіздерсіздер. Заманның талабы, бұйрықтың күшімен күні бүгінге дейін кирилицамен оқып, жазып келдік. Бірақ өз Жерін сүймейтін ақшаны сүйетін, елін сүймейтін басқаны сүйетін, болмаса өзі ішкен құдығына түкіріп кететін адамдарды кездестіргенде өз басым қатты қорқамын. Қазыналы қарттар көрінбей жатса, одан бір қорқам. Қазыналы қарттың орнын басатын білімді жастар көрінбей жатса, одан бір қорқам. Сосын, біле тұра, өз халқын сүймейтін, білген білімін халықтың игілігіне жұмсамайтын, тілін қадірлемейтін адамдарды көргенде, қатты қорқамын. Бірақ, мен сияқты қорқатын адамдардың арман-тілегі орындалған да сияқты. Себебі, санамыз жаңғырып жатыр. Ұлттың жоғалып кетуіне де, өмір сүруіне де бірден бір себепші – тіл дейді Ахмет Байтұрсынұлы, сол айтқандай, тіліміздің дамуына да, көсемдіктің даруына да латын әліпбиі себепші болады деп ойлаймын,-деп түйіндеді. Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов: «Әрине, мұндағы көп әріптер таныс, аса қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Заман талабынан, көштен қалмай, ілесу үшін де бұл бастама қажет. Сондықтан, өзіміз білуіміз қажет және басқаларға айтып, түсіндіруіміз қажет. Орыс тілі әр елге жол ашады, ағылшын тілі әлемге жол ашады дегендей, латын әліпбиі талай белестерге жеткізеріне сенеміз. Әсіресе, біздің жастар алғыр, сондықтан да, латын әліпбиіне көшу біз үшін аса қиындық тудырмайды, -деді.

Бәрін айт та бірін айт, дөңгелек үстел барысында ғылым мен білім жайында, бәсекеге қабілетті бола білу турасында тәрбиелік мәні бар талай тағылымды ой айтылды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін латын әліпбиіне көшу өте маңызды. Ал, латын қаріпі біз үшін таңсық дүние емес. Себебі, ол – байырғы бабаларымыз жазған қаріп, бүгінгі ұрпақ та білмейді емес, тек ағылшын әріптерінен сәл ғана өзгешелігі болмаса. Сайып келгенде, біз латын әліпбиіне көшпейміз, оған қайта ораламыз деген дұрыс болар.

С. РАХМЕТУЛЛАҚЫЗЫ.

 

 

 

Латынға көшу – бар қазақтың басын біріктіру

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында да «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеген болатын. Менің ойымша, бұл – дұрыс қадам әрі еліміз үшін үдемелі ілгерілеушіліктің қадамы. Себебі, мектеп қабырғасында білім алушылар ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан да Елбасымыздың бұл бастамасы ел ертеңі үшін болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан, ұлт тірегі-ана тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми мәнді шара деп білемін.

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.

Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Латын қарпіне көшу – әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейге жету үшін латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат – кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Латын алфавитін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады және сол арқылы бар қазақтың басы біріктіріледі деген ойдамын.

Е.ӘБУТӘЛІПОВ,

аудандық білім бөлімінің басшысы.

 

 ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – санамызды жаңғыртады

Осыдан бес мың жыл бұрын адам баласы әріп пен жазу адамзат баласының өмірінің ажырамас бір бөлігі болып қана қоймай, оның тыныс-тіршілігі мен өмір сүру механизміне айналып келеді. Елбасы өзінің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында ұлт мүддесіне, болашақ ұрпақ игілігіне қажетті бірқатар маңызды әрі мәнді мәселелерді айта келе, “Латыншыға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты” шынында да латын әліпбиіне көшу мәселесі – өте орынды шешім. Кезінде ұлт ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы да латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп, әлемге осы әліпби арқылы танылуға болатынын дәлелдеген болатын.

Латын әліпбиіне көшудің, әлбетте, кейбір қиындықтары болады. Дегенмен, қиындықсыз өтетін реформа болмайды. Мәселенің маңыздылығы ондай қиындықтарды еңсеруді қажетсінеді. Еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де тиімді боларлық мәселенің шешілуіне байланысты қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасуда десек, сол ойлардың көпшілігі жаңа әліпби таңдауды қолдайды. Латын “әліпбиі біздің тәуелсіз ел ретіндегі өзіндік еркін таңдауымыз. Бұл таңдау тіліміздің төл табиғатын сақтау, түркілік тұтастыққа жету, әлемдік ақпарат кеңістігіне ену үшін жасалған маңызды қадам екені даусыз.

А.ҚҰРМАНБАЕВА,

Көкарық бастауыш мектебінің меңгерушісі.

 

 

Біз ЛАТЫН ТІЛІНЕ көше бастаймыз

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес төмендегідей іс- шаралар өткізілді:

7-9 қараша аралығында «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап сыйла!» атты акция өткізілді. Акцияға қатысқан аудан тұрғындарына аудандық орталық кітапхананың директоры Н.Топатаева шексіз алғысын білдірді.

* * *

Құлан ауылшарушылық колледжінің ғимаратында 8 қараша күні «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және жастар тәрбиесі» тақырыбында семинар болып өтті. Дәл осы күні Қайыңды ауылдық кітапханасында ауылдық округінің әкімі А.Асанбайдың қатысуымен «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең асыл байлық ел үшін» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

«Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қорытындыларын қолдау бойынша әзірленген облыстық желілік кестеге сәйкес төмендегідей іс- шаралар ұйымдастырылды:

«Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Арыстанбековтың қатысуымен 7 қараша күні Өрнек ауылдық клубында «Жаңа дәуірдің қазақстандық жаңа әдебиеті» тақырыбыняда дөңгелек үстел отырысы өтті. Ал, 8 қараша күні Тереңөзек ауылындағы Жамбыл орта мектебінде аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы З.Тойбекованың ұйымдастыруымен парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

* * *

9 қараша күні аудандық мәслихат депутаты Т.Жаманбаев Құлан ауылында «Ұлы дала ғұламаларының өсиеті» тақырыбында кездесу өткізсе, депутат З.Оразалиева Ақыртөбе ауылында «Біз латын тіліне көше бастаймыз» тақырыбында семинар өткізді.

Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған әрбір жиын барысында Елбасы бағдарламасын қолдаушылар қатарының көп екендігі анықталып, ешқандай қарсы пікірлер тіркелмеді.

“Құлан таңы” ақпарат.

 

Жаңа қаріп – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА жетелейді

Жуырда Ақтоған орта мектебінде «Қазақ тілі латын әліпбиінде: қаріптің тиімді тұстары» атты мәні мен мазмұны зор конференция ұйымдастырылып, оған ауыл әкімі Сақтасын Тастанов, мектеп директоры Орындық Рысқұлова, сондай-ақ, ұлағатты ұстаздармен оқуда озат атанған ойы зерек оқушылар қатысты. Конференцияда сөз алған ауыл әкімі Сақтасын Әбенұлы:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында қазақ халқы рухани дамудың үшінші сатысына қадам басқаның айтқан болатын. Содан көп өтпей-ақ, сәуір айында мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Осылайша, тәуелсіз Қазақ елі қайта дамудың айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға бет түзеді. Жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар-дей келе, Ұлт көшбасшысының бағдарламалық мақаласында межеленген өзге де мәселелерді тілге тиек етті.

Ал, мектеп директоры Орындық Рысқұлова латын қарпі қазіргі таңда ғылыми тілдің негізгі крийтериі екенін алға тартып, аталмыш алфавит арқылы қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтай алатынымызды жеткізді. Сондай-ақ, конференция барысында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөнідегі орынбасары Эльнара Дарменова мен Ақтоған орта мектебінің оқушысы Әлия Түзелбек өз ойларын ортаға салып, жаңа қаріп жаңашылдыққа жетелейтінін атап өтті.

Тұрысбек ҚУАНТАЕВ,

Көгершін ауылдық округі «Жастар ресурстық орталығының» жастар ісі жөніндегі инспекторы.    17.11.2017 жыл

 

 

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Бүгінгі таңда кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру. Қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамауды жөн көреді. Мұндай пікірлердің орын алуы да заңды. Себебі, бұл мәселе – ұлт мәселесі. Қазақ халқының тарихында қазақ әліпбиі бірнеше сатыдан өтті. Нақты тарқатып айтар болсақ, бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929- 40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл әліпбиін қолданып келеді. Сөз басында бұл өзгеріске қоғамның ойы екіге бөлініп жатқанын атап өткен едік. Қоғамның бірінші бөлігі заман талабына сай болғылары келетінін алға тартып, латын әліпбиін үйрену еш қиындық тудырмайтынын тілге тиек етеді. Себебі, күнделікті өмірде латын әліпбиін жиі қолданып келеміз. Ол жасырын емес. Мысалы, қарапайым өзіміздің әлеуметтік желідегі жеке парақшамыздың логині мен жасырын кодын (bazyl­bekov91@mail.ru) араб, кирилл әліпбиімен емес, латын әліпбиімен жазамыз. Әлеуметтік желідегі екі адамның пікір алмасуы кей-кезде осы латын әріптері арқылы өрбіп, жүзеге асып жатады. Бұдан латын әліпбиі жастарға таныс дүние екендігін байқаймыз. Бұл-бір. Екіншіден, зулатып мініп жүрген темір тұлпарларымыздың мемлекеттік нөмірі де (189 EUA 08) осы латын тілінде беріледі. Үшіншіден, күнделікті өзіміз қолданатын жеке куәлігіміз де, тіпті жалақы алатын банк карточкасында да аты-жөніміз (Zhanibek Bazylbekov) латын әліпбиімен белгіленеді. Кейде көше бойымен кетіп бара жатсаңыз сауда орталықтары, дүкендер, ірі бизнес орталықтарының (Sulpak, Alser, ADK, Maxima) атаулары да латын қарпімен жазылып тұрады. Яғни, латын әліпбиі қарапайым халыққа да таңсық емес. Ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Бұдан түйетініміз, латын әліпбиін меңгеріп, сауатты жаза, оқи білу аса қиынға түспесі анық. Осы орайда, латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды да айта кеткеніміз жөн болар. Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, әлем халықтары негізінен латынды қолданады. Біз олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық тұрғыда тығыз қарым-қатынаста болып, байланысты күшейтуіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда латын қарпінің рөлі маңызды.

Латын әліпбиінің осыншалық пайдалы тұстарын біле тұра, жақтамайтын азаматтардың да қарасы бар. Ол азаматтар латын әліпбиіне ауысу біраз қаражаттың кетуі мен қарапайым халықтың сауатсыздығына әкелетініне сенімді. Мүмкін бұл да дұрыс шығар. Десек те, латын әліпбиі бізге емес, келешек ұрпаққа арналғандығын ескергеніміз жөн.

Мақаланы жазбас бұрын мақала тақырыбын жақында ғана белгіленген латын әліпбиімен жазып көруді ұйғардым. Жазып көрдім де оңай еместігін түсіндім. Бірақ ешнәрсе оңайлықпен келмейтіндігін білеміз… Бізге оңай болмасы анық, бірақ осы қадаммен келешек ұрпаққа жарқын жол ашатынымыз айдан анық. Қазақ халқы тәуелсіздікті тізгіндегелі бері қаншама әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өз деңгейінде атқарып шықты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз – қорқақ, қол – батыр», – деп дана халқымыз айтқандай, бұл қадам да сол игі істердің жалғасы болатындығына сенімдімін!

Ж. БАЗЫЛБЕКОВ.

 

Жаңа қаріп – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА жетелейді

Жуырда Ақтоған орта мектебінде «Қазақ тілі латын әліпбиінде: қаріптің тиімді тұстары» атты мәні мен мазмұны зор конференция ұйымдастырылып, оған ауыл әкімі Сақтасын Тастанов, мектеп директоры Орындық Рысқұлова, сондай-ақ, ұлағатты ұстаздармен оқуда озат атанған ойы зерек оқушылар қатысты. Конференцияда сөз алған ауыл әкімі Сақтасын Әбенұлы:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында қазақ халқы рухани дамудың үшінші сатысына қадам басқаның айтқан болатын. Содан көп өтпей-ақ, сәуір айында мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Осылайша, тәуелсіз Қазақ елі қайта дамудың айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға бет түзеді. Жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар-дей келе, Ұлт көшбасшысының бағдарламалық мақаласында межеленген өзге де мәселелерді тілге тиек етті.

Ал, мектеп директоры Орындық Рысқұлова латын қарпі қазіргі таңда ғылыми тілдің негізгі крийтериі екенін алға тартып, аталмыш алфавит арқылы қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтай алатынымызды жеткізді. Сондай-ақ, конференция барысында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөнідегі орынбасары Эльнара Дарменова мен Ақтоған орта мектебінің оқушысы Әлия Түзелбек өз ойларын ортаға салып, жаңа қаріп жаңашылдыққа жетелейтінін атап өтті.

Тұрысбек ҚУАНТАЕВ,

Көгершін ауылдық округі «Жастар ресурстық орталығының» жастар ісі жөніндегі инспекторы.

 

Біз ЛАТЫН ТІЛІНЕ көше бастаймыз

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес төмендегідей іс- шаралар өткізілді:

7-9 қараша аралығында «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап сыйла!» атты акция өткізілді. Акцияға қатысқан аудан тұрғындарына аудандық орталық кітапхананың директоры Н.Топатаева шексіз алғысын білдірді.

* * *

Құлан ауылшарушылық колледжінің ғимаратында 8 қараша күні «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және жастар тәрбиесі» тақырыбында семинар болып өтті. Дәл осы күні Қайыңды ауылдық кітапханасында ауылдық округінің әкімі А.Асанбайдың қатысуымен «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең асыл байлық ел үшін» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

«Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қорытындыларын қолдау бойынша әзірленген облыстық желілік кестеге сәйкес төмендегідей іс- шаралар ұйымдастырылды:

«Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Арыстанбековтың қатысуымен 7 қараша күні Өрнек ауылдық клубында «Жаңа дәуірдің қазақстандық жаңа әдебиеті» тақырыбыняда дөңгелек үстел отырысы өтті. Ал, 8 қараша күні Тереңөзек ауылындағы Жамбыл орта мектебінде аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы З.Тойбекованың ұйымдастыруымен парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

* * *

9 қараша күні аудандық мәслихат депутаты Т.Жаманбаев Құлан ауылында «Ұлы дала ғұламаларының өсиеті» тақырыбында кездесу өткізсе, депутат З.Оразалиева Ақыртөбе ауылында «Біз латын тіліне көше бастаймыз» тақырыбында семинар өткізді.

Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған әрбір жиын барысында Елбасы бағдарламасын қолдаушылар қатарының көп екендігі анықталып, ешқандай қарсы пікірлер тіркелмеді.

“Құлан таңы” ақпарат.17.11.2017 жыл 

 

 Бас редактор бағаны өзіңнен баста

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Аудандық газеттің атауын бүгінгі күннен бастап жаңа, латын әліпбиімен “Qulan tany” деп жазуды жөн көріп отырмыз. Ондағы мақсат – Тәуелсіздік Туын көтерген Егемен еліміздің кемеңгер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру жолындағы жаңа идеяларын жүзеге асыруды жеделдетіп, әлемнің жүзден астам мемлекеті қолданатын латын әліпбиіне көшу арқылы әр адамның бойына патриоттық сезім қалыптастыру.

Рухани жаңғыру – жасампаздық кепілі. Ой-санамыз жаңаша жаңғырып, кемел келешекке жаңа бастамалармен жеткізетін жасампаздық жолында жақсылыққа апаратын жаңа жоралғыларды ең алдымен өзімізден бастауды орынды деп білеміз.

Алдағы уақытта “Qulan tany” газетінде шағын хабар-ошар мен кішігірім мақалаларды да латын әліпбиімен жазу үрдісін қолға алмақ ниеттеміз. Сол арқылы оқырманның жаңа әліпбиге көз үйретіп, тез қалыптасуына жол ашылады деп ойлаймыз.

“Qulan tany” құтты болсын, ардақты ағайын!

Тұрсынхан ЖАМАНБАЕВ,

“Qulan tany” газетінің бас редакторы. 07.11.2017

 

 

Мемлекеттік тіл – менің болашағым

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

 

24 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте «Бәсекеге қабілеттіліктің жаңа моделі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, 25 қазан күні Құлан орта мектебінде «Тоғызқұмалақтан» аудандық турнир ұйымдастырылды. Алғашқысына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, соңғысына аудандық спорт бөлімі ұйытқы болды.

26 қазан күні «Рухани қазына» айдары бойынша аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен кітаптар көрмесі өтсе, 28 қазан күні М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Білім және тәрбие» айдарымен аудандық білім бөлімі «Шеберлер қалашығы» байқауын өткізді.

 

«Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша әзірленген облыстық желілік кестеге сәйкес төмендегідей  іс-шаралар ұйымдастырылды:

 

24 қазан күні Қарақат ауылында «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында ауыл жастарымен дебат ойындары өткізілді.

 

25 қазан күні Құмарық, Юбилейное ауылдарында Парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша аудандық мәслихат депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде латын әліпбиіне көшуді қолдаушылардың қатары көп болды.

 

26-27 қазан күндері Жаңатұрмыс ауылында «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» тақырыбында семинар, Құлан ауылында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу,  «Латын әліпбиіне көшу – рухани құндылықтарды нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Құлан таңы» ақпарат

 

Рухани жаңғыру – жасампаздық кепілі

Латыншаға көшудің маңызы зор

Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық танытып отырғандар бар. Бірақ бұл ‑болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Күні кеше Елбасы Н.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі, бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік беретін, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай- ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын.

2018 жылдан бастап әлемге танымал, брендтік оқулықтарды, яғни, саф алтындарымызды аударуымыз керек. Солармен жастар танысуы тиіс. Осы мықты 100 кітапты меңгерген жастардың ой-өрісі дамып, рухани тұрғыда байып шығатыны сөзсіз.

Б.ТІЛЕУҒАБЫЛОВ,

«Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық

филиалының консультанты 03.11.2017

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – тиімді тәсіл

Жуырда аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмаларға сай қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақ әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы» атты семинар өтті. Семинарда Елбасының ойлары және латын әліпбиіне көшу бойынша бейнеролик көрсетілді. Алғашқы сөз «Қазақ тарихындағы әліпби» тақырыбында ой қозғаған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы М.Керімбаеваға берілді. Өз кезегінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Р.Байгамутова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында слайд-баяндама көрсетіп, оқырмандарға қызмет көрсетсе, бөлімінің кітапханашысы А.Искакова «Латын әліпбиіне көшуден ұтпасақ ұтылмаймыз» атты бейнеролик-баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ, Жарлысу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алтын Рысбекова, Құмарық ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлнора Базарбаева және аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Р.Сартаев өз ойларын ортаға салды. Семинар жұмысын орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұрсұлу Топатаева қорытындылады. Осылайша, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында өткізілген іс-шара өз мәресіне жетті.

Г.ЖАМАНБАЕВА,

Құлан ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы.   31.10.2017 жыл

 

 

 

 

БІЗ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ қайта ораламыз

Бейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында семинар өтті. Семинарда латын әліпбиіне көшу мәселесі турасында бірнеше баяндамалар оқылып, пікірлер тыңдалды.

Білім беру мен мәдениет қызметкерлері қатысқан іс-шараға аудандық Ішкі саясат бөлімінен, «Жастар ресурстық орталығынан» арнайы қонақтар шақырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланған семинарда алғаш болып аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева сөз алды. «Латын әліпбиіне көшу мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылып, олар 32 әріптен тұратын алфавит ұсынды. Бұл жоспар жайында еліміздегі әрбір азамат әлеуметтік желілерде, арнайы жиындарда өз пікірлерін айтуға құқылы. Соның нәтижесінде шешім қабылданатын болады. Бұл әрине, күні бүгін басқа әліпбиге көшеміз деген сөз емес. Президентіміз «халықтың пікірін тыңдай келе, бір ауыздан шешім қабылданған жағдайда ғана мен Жарлыққа қол қоятын боламын» деген еді. Ал біздің мақсатымыз – бұл жоспардың тиімді тұстарын халыққа кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сталиннің солақай саясатының салдарынан төл дыбыстарымызды ресми құжаттарда пайдалана алмай келеміз. Мәселен, менің тегім құжат бойынша барлық жерде «Утеулиева» деп жазылып келеді, ал қазақта «Утеули» деген есім жоқ қой! Осы мәселе жалғыз мені емес барша қазақты алаңдатып жүргендігі бәрімізге белгілі. Оған қоса, көптеген шет елдерде жүрген қазақ ұлты өкілдерінің ішінде кирилица жазуын меңгермегені қаншама? Ал латын әліпбиі ағылшын тіліне ұқсас және ол кирилицаға қарағанда, көп қолданылатыны белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда да, латын әліпбиіне көшу – біз үшін тек қана тиімді болмақ» – деген Ләззат Шәкуәліқызының осы бір сөзі көпшілікке ой салғандай. Оның орамды ойын қуаттаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлмираш Қырықбаева «латын әліпбиіне көшу мәселесіне ешқандай да үрке қараудың қажеті жоқ, бұл баяғы зиялы бабаларымыздың қолданған алфавиті. Кезінде олар латын алфавитімен жазғанда, Кеңес үкіметінің атқа мінерлері шошына қараған. Себебі, ол жазудың кирилицаға ұқсамауының астарында қазақ халқын ояту саясаты бар деп топшылаған екен. Күні бүгінге дейін қолданылған жазу жүйесіне қалай көшсек, латын әліпбиіне де солай көшетін боламыз. Бастысы, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып жұмыла кіріссек, алынбайтын қамал жоқ» – деген өз ұстанымын білдірді. Жиында сөз сөйлеген кітапханашылар, ұстаздар мен мектеп директорларының ішінде Октябрьшаруа орта мектебінің директоры Ақбота Ыстыбаеваның «біз латын әліпбиіне көшпейміз, біз оған қайта ораламыз» деген озық ойы барша оқылған баяндамалар мен айтылған пікірлердің тобықтай түйіні болды. Сөз сөйлеген қатысушылардың барлығы да Елбасының саясатын қолдайтындығын білдірді.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.                                                    17.10.2017 жыл

LATIN ‑ қазақ тілінің қайта жаңғыруына апаратын жол

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіреміз деп мәлімдеді.«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» дей отыра, Қазақстан Республикасы Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялаған болатын. Аталмыш мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады.

Латын әліпбиіне көшуді биылғы жылдан бастап нақты қолға алу туралы хабар барша қазақ халқын, көптен күткен үмітінің сәтті таңы атқандай бір елеңдетіп тастады. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, сең қозғалды, қазақ тілінің бағы жанып, еліміздің ақпараттық алаңы келешекте ел игілігіне алаңсыз қызмет ететін деңгейге көтерілетініне қазақ жұртының сенімі арта түсті. Бұл қадам ел тәуелсіздігінің баянды болуына жол ашып, жаңа жаңғырған қоғамдық сананы қалыптастыруға зор ықпал ететіні айдан анық.

Қоғамдағы осы мәселеге байланысты қазір жүріп жатқан қызу талқылауларды ескере отырып, терең ғылыми негізде, тек әліпбидің әріптік символын ауыстыруына ғана байланып қалмай, қазақ тілінің келешегіне қажет біраз жұмыстарды тындыру керек. Өйткені, қазақ тілінің генетикалық табиғатына жат тілдің ықпалында дамып, соның салдарында қазақ тілінің жасанды грамматикалық емлелер мен түсініктердің қоршауында қамалғанын ұмытуға болмайды. Яғни, қазақ тілінің өзіне табиғи тән емес жасанды «қасиетінен» тазару жолын ғылыми негізде іске асыру қажет. Егер латын әліпбиіне көшуде қазақ тілінің табиғи ерекшеліктері негізінде қалыптасатын жүйеге ауысса, онда ұрпақтың алғысын алады.

Қазақ тілінің келешегі – егемен еліміздің келешегі. Қазақ елін ежелгі түркілер қара шаңырағының мұрагері деп жүргендіктен, келешекте барша түркі тілді елдердің көшбастаушысы, ұйытқысы болу үшін қазақ тілінің баршаларына ортақ бай тіл ретінде қалыптасуы мен дамуын іске асыру қажет. Тілімізді түркі әлеміндегі әмбебап тілге айналдыруды ойлауымыз керек.

Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Латын әліпбиіндегі қазақ тілінің түркі халықтарының қарым-қатынасының, ынтымағы мен рухани бірлігінің қалыптасуына ықпал ететінін ескергеніміз жөн.

Д.ӘДЕНОВА,

Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

«Болашаққа бағдар:руxани жаңғырту»бағдарламалық мақаласы аясында қоғамдық сананы жаңғырту бойынша желілік іс-шаралар кестесіне сай «Латын әліпбиіне көшу -заман талабы»атты білім қызметкерлерімен семинар өтті. Семинарға мектеп,балабақша басшылары мен орынбасарлары,әдіскер мен жас мамандар,тіл мамандары қатысып,ой-пікір алмасты!       13.10.2017 жыл

 

Назарбаевқа латын әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ФОТО: АҚОРДА

Жиында мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

Қазақстан президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

«Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Реклама 09

Осы ретте, елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екеніне тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтты.

Тағы оқыңыздар: Елеусіновпен бәсекелесуден бас тартқан жас боксшы кәсіби боксқа ауысып кетті

«Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады», – деді мемлекет басшысы.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ФОТО: АҚОРДА

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орта мен жұртшылықтың белсенді түрде атсалысқанына назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан президентіне атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов баяндады.

Елбасы жиынға қатысушылардың есебі мен пікірлерін тыңдап, айрықша мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

«Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет», – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды.

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ФОТО: АҚОРДА

Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Смартфонда күні бойы ойын ойнаған бойжеткеннің көзі көрмей қалды

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін реформалауға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысқан барша қазақстандықтарға, ғалымдар мен тілтанушыларға алғыс айтты.

https://www.nur.kz/kk/1641927-prezidentke-zhanha-latyn-alipbii-korse.html

 

 

Игілікке бастар нақты қадам

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ең басты міндеттердің бірі – ол қазақ тіліндегі әліпбидің графикасын латын әліпбиіне көшіру екендігін атап өткен еді. Сол уақыттан бері біршама ұсыныстар мен шешімдер жасалынып, латын графикасындағы қазақ әріптерінің бірнеше нұсқалары ұсынылды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп  латын әліпбиіне  көшіру жұмыстарын бастуымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген болатын.

Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында келешекте ұлттың табысты болуы оның табиғи байлықтарымен емес, адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалуына аса мән берілді. Әрине еліміздің азаматтары бәсекеге қабілетті болу үшін қазіргі заманғы озық технологияларды бағындырумен қатар инновация әлеміне жаңалықтарды енгізе білуі керек екені сөзсіз. Бұл заман талабы. Осы орайда қазақ жұртына игілікке бастар нақыт қадамның бірі – ол латын графикасындағы қазақ тілі болды.

Күні кеше ғана Елбасының назарына Латын әліпбиіне көшу жұмыстарын іске асыру бойынша жұмысшы тобының аталған әліпбиге болашақ қазақ әріптерінің жаңа нұсқалары ұсынылды. Бұл жаңалықтың ендігі-әрі серпіні жеңілдеген іспетті. Президентіміз жұмысшы топқа қолданыста жүргізіліп отырған жұмыстың барысын қолдайтындығын және бұл жұмысқа өте жауапкершілікпен қарау керектігін ескерткені мәлім.

«Елу жылда – ел жаңа» демекші, жаңа заман, жаңа талап, жаңа бағыт. Осы орайда Елбасының назарына ұсынылған жаңа әліпбидің формасы бұрынғы нұсқасына қарағанда әлде қайда жеңіл, әрі барлық қазақстандықтар үшін түсінікті әзірленген. Сондай-ақ осы атқарылып отрыған жұмыстар халық арасынан қолдау тауып, болашақ елмізідің санасының жаңғырарына кәміл сенемін.

 

Қ.Бижанов,

Т.Рысқұлов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау

Еліміздің латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз деп мынадай пункттерді атап көрсеткен болатын: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

Гүлмираш Қырықбаева,

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері

 

 

Переход на латиницу- один рубеж нашей Великой истории

 

Наш Казахстан – независимое государство, инициативы и достижения которого признаются во всем мире. Так и новый глобальный проект- реформа по переходу с казахского алфавита на латиницу был одобрительно принят общественностью в целом.

Президент страны Н.Ә. Назарбаев поручил осуществить этот переход до 2025 года, преследуя важную цель-возродить и сохранить культурное наследие казахского народа.

Мы считаем, что  это очень значимый шаг,  так как имеет связь с еще одним перспективным проектом «Рухани  жаңғыру» . Вожно то, что идея перехода на латиницу возникла еще в эпоху приобретения независимости и на данном этапе развития  общества имеет большое историческое эначение, позволяет приобрести мировой опыт в развитии государственности,национальной  политики,  и не затронет этнические вопросы. Русский  язык и кириллица будут использоваться  в полной мере как и прежде. Действительно, перспектива состоит в том ,что Казахстан продолжит уверенными шагами входить в мировое информационное и образовательное пространство. И в этом большая заслуга  нашего президента Н.А. Назарбаева,который вместе с казахстанцами  уверенно переходит еще один рубеж нашей  Великой истории .

 

Г.Суюндукова,

Методист отдела образования

акимата района Т.Рыскулова

 

IGI QADAM

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз деп мынаны атап көрсеткен болатын: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Г. ҚЫРЫҚБАЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.                      10.10.2017 жыл

 

Латын әліпбиіне көшудің маңызы зор

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген еді. Расында да елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келді. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» – деген Елбасының сөзінде үлкен мән жатыр. Біз осы орайда, латын әліпбиінің қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы көбірек ойлануымыз қажет. Негізі, қазақтың тілі – жұмсақ, үнді, мәдениетті тіл. Кейбір әріптердің ана тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты тіліміз өзінің бастапқы қалпын жоғалтып жатыр. Сондықтан да біз латын әліпбиіне қазірден көшкеніміз абзал. Біріншіден, бұл қазақтың тіліне ең жақын әліпби. Екіншіден, біз шетелдегі отандастарымызды ұмытпауымыз керек. Олардың елден хабар алуы да біраз жеңілдей түседі, өйткені көп елдерде осы латын әрпі пайдаланылады. Үшіншіден, латын әліпбиін меңгерген жастарымыз келешекте ағылшын тілін үйренуге бейім болады, сол арқылы әлемдік ақпаратпен сусындай алады. Ендеше, бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін, Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын әліпби қажет.

Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен болатын. Демек, еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі десек қателеспейміз. Өйткені, Алаш қайраткерлері латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген ұлағатты сөзін естен шығармауымыз керек.

Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын қызу талқылап, өз ойларымен бөлісіп келеді. Айта кетсек, солардың бірі -филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек Латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшу және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа жасау керек екенін жеткізді. Ол реформа үш мәселені: дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтуы керектігін де сөз етті. Әрине, ұлт үшін маңызы өзекті мәселелердің оңды шешілуіүшін кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескерілгені жөн.

Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Қазіргі кезде ұялы телефондардағы жарнамалар мен хабарламаларда латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған. Алайда, ол орыс графикасында ғана жасалып отыр. Болашақта латын әліпбиіне аударатын транскрипция қазақ графикасында да жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылуы керек. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

М.Мейманханов, 

Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры,«Каменка» бастауыш партия ұйымының төрағасы.                                                                                            6.10.2017 жыл

 

Samgai ber, Qazaq tili

Дүние жүзіндегі сөздік қоры мол әрі шұрайлы тіл – Қазақ тілі. Бұлай деп нық сеніммен айтуымыздың себебі мынада. Ана тіліміздің әлеуетінің күштілігін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясынан-ақ аңғаруға болады. Заңғар жазушы Абайдың өмірінен өрілген атақты шығармасында 16,500 сөз, ал, атағы алты құрлыққа тараған орыс халқының классик жазушысы Лев Толстой әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» (Война и мир) романында 14 000 сөз қолданған екен. Міне, тілдің көркемдігі.

Статистикалық дерек көздеріне сүйенсек, жер бетінде күрдтердің саны – 40, ұйғырлардың саны – 48 млн болады екен. Сан жағынан алып қарасақ, бүтіндей бір мемлекет құраушы ұлттар тізбегі. Алайда, ондай мемлекеттің аты мен заты әлемдік картада кездеспейді. Неліктен? Өйткені, өз алдына дербес ел атанатындай межеленген шекарасы немесе тәуелсіздігі жоқ. Бағымызға орай, аталған атрибуттар Қазақ ұлтында бар. Бұл -Ұлы Дала ұрпақтары үшін үлкен жеңіс. Жасай бер, Ұлы Дала елі. Самғай түс, тәуелсіз Ана тілім менің.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.                                      22.09.2017 жыл

 

Латын әліпбиіне көшу

өмірімізге көп өзгеріс әкеледі

Латын жазуы әлемнің 120 елінде ресми қолданыста екен. Ал, 1940 жылғы 13 қа­рашадан бастап орыс гра­фи­касы негізіндегі жаңа әліп­биге яғни, кириллицаға ауыс­тық. Айту ләзім, 1929 жыл мен 1940 жылдар аралығында қолданыста бол­ған латын жазу үлгісін білетіндер арамызда әлі бар. Елбасы өзінің «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ат­ты мақаласында: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліп­биі­не көшуге кірісуіміз керек­ті­гін» мәлімдедім. Бұл – сол кез­ден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бас­тай­мыз деген сөз» болатын дейді.

Иә, 77  жыл  бойы қол­да­ныста болған кирилицадан бойы­мызды да, ойымызды да алыс­тату оңайға соға қоймас. Деген­мен, Елбасының бұл ше­шімі тоң боп қатып жатқан сең­ді орнынан қозғалтқаны анық. Жақында  «Айтуға  оңай» теле­бағдарламасына қатысып  оты­рып белгілі ғалым Ме­кемтас Мырзахметов: «Ла­тын әліпбиіне баяғыда-ақ, кө­шуі­міз керек еді. Рас, біз осы жыл­дар ішінде көп нәрсемізді жоғалт­тық, бірақ әлі де кеш емес. Латын жазуын қабыл­да­сақ өрісіміз кеңейеді, бізді әлемнің жүзден астам халқы оқитын болады, біз олардан да көп нәрсені үйренеміз» деді. Ол кісі осынау ауқымды жұмысты бастау үшін Ел­ба­сының айтқан қазақ тілін ла­тын әліпбиіне көшірудің нақ­ты кестесін жасау туралы ұсынысын құп көретінін білдірді.

Қазіргі таңда мектеп қа­бырғасында оқып жатқан бала­ларымыз ағылшын ті­лін үйреніп, онсыз да ла­тын әріптерінің буын айыр­машылығынан ешқандай қиын­дық көріп жүрген жоқ. Елбасы 2018 жылдан бас­тап қазақ әліпбиінің жаңа графикасындағы бірыңғай стан­дартты нұсқасын қабыл­дай отырып,  осы жаңа әліп­пені үйрететін мамандар даярлап, орта мектептерге арналған оқулықтарды шы­ғаруға кірісуіміз керек деді.

Көрші Өзбекстан мемле­кеті латын жазуына 2000 жылы көшкен, бірақ осы күн­ге дейін  сол жұмысты же­те­сіне жеткізе алмай келеді.  Кө­ріп отырсыздар бұл оңай жұ­мыс емес. Сондықтан бөле жа­рылмай осы бастамаға бүкіл ел болып кіріскеніміз жөн-ау, деп ойлаймын. Латын әліпбиіне бір дегеннен біз де көшіп кете қоймаспыз, сондықтан жұрттың санасын яғни психологиясын өз­гер­ту керек деген ғалым-ма­ман­дардың  пікірі орынды деп ойлаймын. «Ештен-кеш жақсы» деген сөз бар. Егер жаңа жазуға көшіп жат­сақ біздің мұғалімдер де жа­ңашылдықпен жұмыс іс­тейді деп білемін. Өйт­кені, жа­ңа үрдіс, жаңа бас­тама Елба­сының өз ой «қор­жы­ны­нан» шығып отыр ғой. Мен де бірнеше жылдан бері мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келемін. Жаңа бағытта жұмыс істеуге даярмын, себебі мен Алаш арыстарының қолы жетпеген істі жүзеге асыруды қолға алып, өскелең ұрпақты латын әліпбиіне үйрететін боламын ғой.

Мен қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасының қолға алынатынына қуанып отырмын. Бұл бастаманың мәні де мағынасы да зор. Өйт­кені,  шәкірттеріміз сая­сат­тану,  әлеуметтану, фи­ло­софия ғылымдарының нәрі­мен сусындайды. Әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты оқы­ған адамның арманы бар ма? Жастарымыз дүние жүзіндегі ең таңдаулы оқулық үлгілерінен дәріс алып жатса санамыздың байығаны сол емес пе.

 

Роза Мәмбетиярова,

жылдың үздік педагогы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.                                                                                    28.04.2017 жыл


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта