home
home home

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтері электрондық/қағаз нысанында Ұлттық Банкінде немесе оның аумақтық филиалдарында көрсетіледі, сондай-ақ «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы алуға болады.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін  қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т.б.) қарамастан Интернетке кіруге мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы (www.egov.kz) арқылы Ұлттық Банкінің не ол не бұл мемлекеттік қызметінің көрсетілуіне өтініш бере алады. Бұл тек көрсетілетін қызметті алушының компьютерде жұмыс істеу дағдыларын білуін ғана қажет етеді.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетудің нәтижесі болып электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру немесе «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ішіндегі мәліметтер табылады.

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін беретін өтініші пайдаланушының сауалы негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен және регламентімен орнатылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтер тізілімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нақты кімге бағдарланғаны (заңды/жеке тұлғалар), мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылығы/тегіндігі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) туралы ақпарат бар.

Бүгінде ҚР Үкіметінің 18.09.2013ж. №983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарымен мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі:

  1. Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  2. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу;
  3. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен (бұдан әрі – Филиал) көрсетілетін 3 түрлі мемлекеттік қызметтің 2 мемлекеттік қызметі қағаз түрінде, сондай-ақ электронды түрде көрсетіледі, олар «Уәкiлетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» (аталған мемлекеттік қызметтер ақылы негізде көрсетіледі). Ал «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызметі бүгінгі күні тек қағаз түрінде көрсетіледі (ақысыз негізде көрсетіледі).

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2018ж. №913 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен ҚРҰБ аумақтық филиалдарымен көрсетілетін «Валюталық операцияны тіркеу» және «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» 2 мемлекеттік қызметтер алынып тасталғанын айта кеткен жөн.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы толық ақпаратты алу үшін, қызмет алушы мына мекен-жай бойынша Филиалға хабарласуына болады: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй. Не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша сауалнамалық  ақпараттық  қызмет көрсететін бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуына болады.

 

 

Мадина Қаратаева

ҚР Ұлттық Банкінің

 Жамбыл филиалы

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта