home
home home

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді көпшілік!

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірменді көпшілік!

 

        Баршаңызды  киелі  тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, республикамыздың бас қаласы – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналып, тұрақты дамудың, өсу мен көркеюдің  даңғыл жолында келеді.

Қазіргі Елордамыз – саяси көшбасшылардың, іскер серіктестер мен инвесторлардың, діндер мен конфессия өкілдерінің, зиялы қауымның кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.

Астанамызды еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және рухани өмірінің өзегі, Тәуелсіз мемлекетіміздің үлкен жетістігі деп қастерлейміз. Мәңгілік ел болу жолындағы көпэтносты халқымыздың мерейі мен мәртебесі, абыройы мен айбары деп бағалаймыз. Елорда – бүгінде қозғаушы күш ретінде нақты әрі батыл қадам жасауда бізге демеу болып тұр.

Құрметті қауым!

        Біздің жас, әрі көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихы, дәстүрі, мәдениетімен мақтанамыз. Елордамыз әлемнің ең тартымды және бәсекеге қабілетті қалалары қатарында боларына біз сенімдіміз.

Елдің әрбір азаматының кеудесіндегі мақтанышы, көзіндегі қуанышы – Нұр-Сұлтан қаласы болса, ендігі жерде осы мақтанышымызды одан әрі еселеп, өркендету – баршамыздың, әсіресе біздің жігерлі жастарымыздың парызы деп ойлаймын.

Еліміздің ауызбіршілігі мен үйіміздегі татулық қана біздің жарқын дамуымыздың кепілі болмақ. Ішкі татулығымыз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында белгілі межелерді де абыроймен бағындырамыз деп сенемін.

Елдегі бүгінгі жеткен жетістіктер – мемлекетімізді мекен еткен  барлық қазақстандықтардың жеңісі, көп этносты халқымыздың бірлігі мен шынайы достығының, қоғамдағы тұрақтылықтың нәтижесі.

Олай болса, күллі қазақ баласының арманын ту етіп тіккен Сарыарқаның төріндегі ару астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын! Шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, істеріңізге табыс тілеймін!

Ұлт келбетіне айналған Елордамыз көркейе берсін!

Мереке құтты болсын құрметті қауым!


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта