home
home home

Құрметті, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері!

Құрметті, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері!
Қымбатты, полиция органының ардагерлері!
Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
​Сіздерге тән қажырлылық, табандылық, жауапкершілік, рухынан таймаушылық, антына беріктік алдарыңызда тұрған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік жүктейді. Жауапкершілігі мен міндеті жоғары қызметтеріңізді абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әрбір полиция қызметкерінің қажырлы еңбегін халық әрқашан бағалайды.
Тәртіп сақшыларына артылған сенім жүгін үлкен жауапкершілікпен орындап, халыққа қалтқысыз қызмет атқарып келесіздер.Әсіресе елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеулер орын алған сәттерде полиция қызметкерлерінің еңбегі зор болды. Тәулік бойы халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тынбай еңбек атқарып, ел алғысына бөлендіңіздер!Баршаңызға кәсіби шыңдалу, баянды бақыт, береке-бірлік тілейміз! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!
Құрметті, сала қызметкерлері!
Ішкі істер органдары – еліміздің ең ірі, көп құрылымды, қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетін, тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым.Сала ардагерлеріне, қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым халықтың алғысы зор. Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді, әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы жанкешті еңбектеріңізге табыс тілеймін! Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз берекеге толсын! Тәртіп пен заңдылықты сақтау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Игі тілекпен, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта