home
home home

«Рухани жаңғыру»

Ағымдағы жылдың 17 қарашасы М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» офисінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларының өңірімізде іске асырылуы бойынша көшпелі кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Б.Әлпеисов, Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисының директоры З.Қуатова және бөлім басшылары мен жауапты офис менеджерлері қатысты. Көшпелі кеңесте «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында өңіріміздегі ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы жобалық офис жетекшісі Н.Алтауева баяндама жасады.

Зарина Қуатова бағдарлама аясында іс-шаралардың мәні мен мазмұнына мән беріп, әр жобаға сәйкес аудан іс-шараларының өткізілуін назарға алу туралы, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында іс-шараларға қаражат қарастыру туралы пікірлерін айтты.

Отырыс соңында З.Қуатова алдағы уақытта бағдарламаны насихаттау жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта