home
home home

Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Т.Рысқұлов ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша 6 айда атқарылған шаралары туралы ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген.

Ауданымызда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.                                             Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы №128 қаулысына сай тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылға арналаған жоспарға сай кезекті 2 отырысы өткізіліп мәдениет, жер, білім, құрылыс сала басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

http://ryskulov.zhambyl.gov.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тудыратын негізгі сала мемлекеттік сатып алу болып табылатындықтан, мемлекеттік сатып алу процессінде құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен барлық мекеме басшыларына 2 дәріс оқылды.

Аудандық прокуратура тарапынан «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің жолдары» атты 3 кездесу өткізілді.

Сонымен қатар аудандық қаржы бөліміне, бюджеттік бағдарлама әкімшілерін және мемлекеттік органдардың бухгалтер қызметкерлерін бюджет және қаржы Заңнамасын түсіндіру бойынша құқықтық оқытулар ұйымдастыру туралы нақты тапсырмалар беріліп, 2 семинар кеңестер өткізілді.

Жастардың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау» «Заң және жастар» атты тақырыбында аудан басшыларының, құқық қорғау органдарының қатысуымен оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу мақсатында 5 дөңгелек үстел, 8 кездесу, 5 акция, 1 семинар кеңестері өткізілді.

Аудан әкімдігінің Инстаграмм, Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында барлығы 58 пост жарияланды, 2019 жылдың І жарты жылдығына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбын  ақпараттық қамтамасыз ету бойынша аудандық «Құлан таңы газетіне»- медиа жоспарға сай 4 материал жарияланып, аудан көлемінде 3 баннер ілінді.

Білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, түрлі плакаттар мен Жадынама парақшалар ілінген.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат ресми сайтында орналасқан.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Назар аудар, есіңде сақта!», «Егер сізден пара талап етсе!?», «Пара алу-бұл қылмыс» және «Пара беру-бұл қылмыс» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынама ілінген.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген.

Аудан әкімі аппаратында 2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланған.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде көрнекі қол жетімді орындарда азаматтардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі құрылымдық бөлімшесімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің табысы және мүлкі туралы декларацияны уақтылы тапсыру ұдайы бақылауда.

Т.Рысқұлов ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013  жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына» сәйкес Т.Рысқұлов ауданының 26 атқарушы органдары (аудан әкімі аппараты-1, аудан әкімдігінің бөлімдері-10, ауылдық округ әкімі аппараттары-15) -95 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2019 жылдың 6 айы бойынша Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы  33489 қызмет көрсетілген;

оның ішінде:

қағаз нысанында – 4757;

-баламалы түрде – 1084;

-мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 2314;

-«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы –1085;   

-Мемлекеттік корпорация –3422  қызмет көрсетілген.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің  алдын алу, оған жол бермеу бойынша арнайы іс-шаралар  өткізу мақсатында,  алдағы уақытта да кешенді түрде нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Елбасы, ҚР Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және ақпараттық қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары және аудандық ақпараттық топтың құрамы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2018 жылдың 9 қазандағы №47-ө өкімімен  бекітілген.

Жолдауды елді мекендерде түсіндіру мақсатында 25 адамнан тұратын 5 ақпараттық топ  құрылған. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық топ мүшелерінің шығу кестесі әзірленіп, ауылдық  аймақ тұрғындарымен кездесулер өткізілуде.

2018 жылдың қазан – желтоқсан айларында аудандық ақпараттық топ мүшелерімен 15 кездесу, облыстық ақпараттық топ  мүшелерімен  16 кездесу ұйымдастырылды.

2019 жылы  ақпараттық топ мүшелерімен 18 кездесу өткізілді. Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы жанынан құралған ақпараттық топ мүшелерімен 5 кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Елбасы Жолдауы бойынша БАҚ бетінде 121 мақала жарияланды. Аудандық «Qulan tany» газетіне – 91 мақала, «Aq jol» облыстық газетіне – 14 мақала, «АRAI» облыстық жастар газетіне –4 мақала, «Уақыт талабы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық, құқықтық газетіне – 4  мақала, «Знамя труда» облыстық газетінде – 7 мақала, «Ғұмыр дария» облыстық газетінде- 1 мақала жарияланды.

Облыстық «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тапсырмасына сәйкес  15 ауылдық округте   «Адал өмір сүруге талпыну»  атты 1100-ге жуық бүктеме қағаздар таратылып,   33 діни бірлестік /мешіт/ басшыларымен діни уағыз бен діни рәсімдерді орындау кезінде келушілерге, жамағатқа сыбайлас жемқорлықтың залалы жайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық халық көп шоғырланған орындарға «Тұрмыстық жемқорлықты жоямыз да, азаматтарға қолайлы жағдай жасаймыз!» тақырыбында   ақпараттық суреттер мен жадынама парақтары таратылды. Барлық мекемелер мен бөлімдерде, ауылдық округтерде  «Jambyl adaldyq alany» жобалық офисі тарапынан түскен

«Іс сапар барысында тыйым салынған қызметтер туралы»  ақпараттық парақшалар тексерушілерге, баратын мекемелерден мына қызметтерді алуға тыйым салынады: (дастархан, үй-жай, көліктік қызметтер, сыйлықтар, басқа да қызметтер)   көнекі жерлерге ілінді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы

 

 

 

Садырқұлов                                 – аудан әкімі, комиссия төрағасы;

Ерболат Салқынбекұлы

Нүрпеисов                                – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

Сакен Садыбекұлы                    бөлімшесінің басшысы, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

Терлікбаев Әлібек                     – аудан әкімінің аппарат басшысы;

Мамытжанұлы

Асқар Дастан                            –  аудан прокуроры (келісім бойынша);

Мангутов Ғалым Мырзабекұлы  -ҰҚК Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің бастығы                             (келісім бойынша);

Алашбаев Досмырза                    – аудандық полиция бөлімінің бастығы;;

Махамбеталыұлы                         (келісім бойынша);

Расилов                                      – аудандық әділет басқарамсының басшысы

Тұрар Тілеубердіұлы                (келісім бойынша);

Асқарова Ардақ                        – аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының

Тоқсанбайқызы                         басшысы (келісім бойынша);

Бижанов                                     – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,

Қожайхан Қазыбайұлы             (келісім бойынша)

Утеулиева Ләззат                      – аудан әкімдігінің ішкі саясат

Шәкуәліқызы                             бөлімінің басшысы;

Сарсеханұлы                             – аудандық «Жастар ресурстық орталығының»

Айбек                                           директоры;

Оналбеков                              – аудандық «қоғамдық кеңес мүшесі»

Әбдіқадыр                                   (келісім бойынша)

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы № 986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

           Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.

         Осы ретте, «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» іс-шарасы аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – мемлекет дамуының негізгі факторы» атты тақырыбында лекция форматында жиын өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары және оның алдын-алу үшін елімізде қалыптасқан институционалдық және құқықтық база жөнінде түсіндіріліп, талқыланды.

         Бюджеттік бағдарлама әкімшілерін және мемлекеттік органдардың есепші-бухгалтер мамандарына Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және өзге де заңнамасын түсіндіру бойынша ағымдағы жылда құқықтық оқытулар мен семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Алдағы уақытта қараша айында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша құқықтық оқыту семинар ұйымдастыру жоспарланған.

Т. Рысқұлов ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері жөніндегі аудандық комиссия кеңесі отырысының хаттамалардың орындалуы бойынша әр тоқсанында атқарылған жұмыстар мен қабылданған шараларға сәйкес тиісті ақпараттар ұсынылады.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі және «сенім телефоны», ақпараттық бұрыш және де Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мекеме ғимаратында орнатылған.

        Мемлекеттік сатып алуды орындау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне және де азаматтардың еркін қол жеткізуіне арналған пошта жәшігі орналастырылған. 

 

 

 

 

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы

Тойшығұл Қадырбекұлы Жапарқұлов

 

 

 

 

 

 

 

     


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта