home
home home

Сыбайлас- жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2016 жылдың 12 айында Т.Рысқұлов ауданында орындалуы туралы АНЫҚТАМА

Сыбайлас- жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың  2016 жылдың 12 айында Т.Рысқұлов ауданында орындалуы

туралы АНЫҚТАМА

 

 

Ауданымызда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының  2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында  Т.Рысқұлов ауданы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  4 кезекті отырысы өткізіліп, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің және мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Әділет басқармасы басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында,  аудан әкімі, әкімдігі және ауылдық округ әкімдерінің қабылдаған нормативтік құқытық актілеріне ай сайын мониторинг жүргізіліп, заңдылығы тұрақты тексеріліп, мониторинг нәтижесі облыстық Әділет органдарына жолданды.

Аудандық мемлекеттік мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлерінің, ҚР заңдарын қатаң сақтау және оған деген құрмет сезімін тәрбиелеу, тәртіптілік пен құқық тәртібін арттыруға байланысты іс-шаралар қабылданған.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тудыратын негізгі сала мемлекеттік сатып алу болып табылатындықтан мемлекеттік сатып алу процессінде құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Медиация туралы», және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын түсіндіру бойынша 2 семинар,  жемқорлық тақырыбында 1 дәріс, Елбасымен  жарияланған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыру аясында бірқатар Заң мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдануына байланысты, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен 1 семинар кеңес өткізілді.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайларда, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг тұрақты жүргізіліп тұрады.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген. Аудан әкімі аппаратында  2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда және тоқсанына бір рет аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланып тұрады.

Аудандық мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарында бірінші басшыларды қабылдау кестесі көрнекі жерлерге орналастырылған.

Аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке шағымдар түспеген.

         Аудан әкімдігінің аппаратында азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған.

Негізінен арыздар жер телімдерін беру, жол жөндеу,  материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әр түрлі коммуналдық  сұрақтарға байланысты. Барлық өтініштер заңмен көрсетілген мерзімде қарастырылды.

Ауылдық округтерде жеке  тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін беруде заң талаптары қатаң сақталуда. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін тек аудан орталығы, Құлан ауылында бүгінгі күнге 2577 азамат  кезекте тұр. Осы кезекте тұрған азаматтардың тізімі мемлекеттік мекеменің ғимаратында ілінген.

Аудандық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 344 азамат кезекте тұр. Кезекте тұрған азаматтардың тізімдері аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінде ілінген. Сонымен қатар жергілікті басылымға жарияланған.

Жер телімдері Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 43, 44 баптарына сай аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссия отырысында қаралып, оң қорытынды алған жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Конкурстық, аукциондық негізінде жер телімдері берілген кезде ашық түрде алдын ала республикалық және аудандық газетерге жарияланады. Азаматтарға жер телімдеріне қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту  бағытында кәсіпкерліктің жұмысын үйлестіру,  кеңес  беру және мемлекеттік  қолдаулар көрсету  жұмыстары жүргізілуде.

«Бизнсетің жол картасы – 2020» және «Индустриялды-инновациялық дамыту» бағдарламасы арқылы  жоспарланған жобаларды іске асыруға қолдау  көрсетілуде.

«Даму» кәсіпкерлікті  қолдау  қорының облыстық  филиялының  кестесі  арқылы  айына  бір рет  семинар   кеңестер  тұрақты өткізіліп тұрады.

Мемлекетіміздегі кәсіпкерлікті  қолдауға  арналған  «Бизнестің  жол  картасы — 2020» бағдарламаларды   халыққа  кеңінен  насихаттау  жұмыстары  аясында облыстық  БАҚ –мен аудандық  «Құлан таңы» газетінде 5 арнайы  мақала, 3 хабарландыру  жарияланса,   облыстық  «Қазақстан  -Тараз» телерадио коорпорациясы 3 тақырыптық  хабар  түсіріп, ол ақпараттық  жаңалықтар толқынында   көрсетілді.

Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының жұмысы туралы ақпараттар аудандық «Құлан таңы» газетінде  жарияланады.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 23 мақала жарияланған.

Ауданда «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда   хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

Жастардың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау»  «Заң және жастар» атты тақырыбында аудан басшыларының, құқық қорғау органдарының қатысуымен оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу мақсатында 4 дөңгелек үстелдер өткізілді.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

Дегенмен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөнінде ауданымызда атқарылған шараларға қарамастан аудан бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары орын алуда.

2015 жылдың 12 айында 5 тұлға сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасап тиісті жауапкершілікке тартылды.  2016 жылы бұндай фактілер жоқ.

2015 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 9  тұлғаға  12 қылмыс тіркелсе, 2016 жылы 1 тұлғаға қатысты  43 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген.

 Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Мауытбаеваға 1 тұлғаға қатысты бүгінгі күнге 43  қылмыстық іс тіркеліп, бұл бойынша сот процесі жүргізіліп мүлкі тәркіленіп 7 жыл 6 алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бұл орын алған кемшіліктер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының талаптарын сақтамай яғни бөлім басшылары электронды цифрлық қолтаңбаларын сенімхаттсыз немесе арнайы бұйрықсыз тапсырғандықтан орын алған.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Мауытбаева бөлім басшыларының электронды цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып мемлекет қаржысын заңсыз аударып отырған.

Осы аталған қылмыстық әрекеттер бойынша 2016 жылдың 01 қыркүйегінде барлық мекеме басшыларының, бухгалтерлік есепті жүргізу құқығы берілген  мамандарының, Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н.Сейдалиевтың қатысуымен аппараттық кеңес өткізілді.

Кеңесте қабылданған хаттамалық тапсырмалар бойынша Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде қосымша қаралып, барлық мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын аударылатын қаржыларды тікелей қадағалап мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзбау қатаң тапсырылды.

Сонымен қатар барлық мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының қағидаларын қатаң сақтап басшылыққа алып тиісті жұмыстар жүргізу түсіндірілді.

Сондықтан, аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзышылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

 

 

Мемлекеттік құқықтық жұмыс

бөлімшесінің басшысы                                  С.Нүрпеисов

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                            25.11.2016 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №4                                   сағат: 17.00

 

Төрағалық еткен Ж.Айтақов — аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары.

 

Күн тәртібі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 11 айында  ауданда орындалуы туралы

Ж.Айтақов, Қ.Есалиев, С.Нүрпеисов, Л.Утеулиева, А.Мамырбаев

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы прокурорының орынбасары Қ.Есалиевтың, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің басшысы С.Нүрпеисовтың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

-мемлекеттік қызметшілер арасында, сондай-ақ, білім саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде білікті мамандарды (дәріскерлерді) тарта отырып аппараттық оқулар ұйымдастыру;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

-ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы тарауларда ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып, тиісті мәліметтермен толықтыру;

—  әр мекеме басшысы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі               № 312 қаулысымен қабылданған Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуы бойынша тікелей өз бақылауына алып, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына мерзімінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

— профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқаруды;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі қызметкерлерді тиісті жауапқа тартуды;

— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жандандыру мақсатында орын алған кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта қолданыстағы заңнама нормаларын   сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындалуына қатаң бақылау жүргізілуін қамтамассыз етсін;

-жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

— қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайғанына назар бөліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдап, үнемді талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

— атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

— комиссияның хаттамалық шешімдерін мүлтіксіз орындауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

— сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

Аудандық ішкі істер бөлімі және жергілікті полиция қызметі (келісімі бойынша)

-қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелерін тұрақты бақылауға алу;

— ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында басшылық тарапынан кешенді әрі жүйелі түрде шаралар қабылдау;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың ашықтығын, ішкі істер органдарының, жергілікті полиция қызметі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар жөнінде БАҚ-та жариялауды қамттамассыз ету;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі тұлғаны тиісті жауапқа тартуды;

сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдап, осы саладағы жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  1. Комисияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Ж.Айтақов         

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                            23.09.2016 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №3                                    сағат: 16.00

 

Төрағалық еткен Ж.Айтақов — аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары.

 

Күн тәртібі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 9 айында  ауданда орындалуы туралы

Ж.Айтақов, М.Иманбаев, Т.Расилов, А.Тохабаев, Е.Абуталипов

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы М.Иманбаевтың, Әділет басқармасы басшысы Т.Расиловтың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындауда орын алған кемшіліктері назарларына жеткізіліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдап, тұрақты талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне мәлімет ұсынылсын.

-мемлекеттік қызметшілер арасында, сондай-ақ, білім саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде білікті мамандарды (дәріскерлерді) тарта отырып аппараттық оқулар ұйымдастыру;

-ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы тарауларда ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып, тиісті мәліметтермен толықтыру;

—  әр мекеме басшысы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі               № 312 қаулысымен қабылданған Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуы бойынша тікелей өз бақылауына алып, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына мерзімінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

— профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқаруды;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі қызметкерлерді тиісті жауапқа тартуды;

— мемлекеттік органдардағы ішкі бақылау жұмысын жандандыруды;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жандандыру мақсатында орын алған кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта қолданыстағы заңнама нормаларын   сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындалуына қатаң бақылау жүргізілуін қамтамассыз етсін;

-жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

— қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайғанына назар бөліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдап, үнемді талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

— барлық мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының қағидаларын қатаң сақтап басшылыққа алып тиісті жұмыстар жүргізу, аударылатын қаржыларды тікелей қадағалап мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзбау қатаң тапсырылысы;

— атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

— комиссияның хаттамалық шешімдерін мүлтіксіз орындауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

— сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

— орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуін;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі тұлғаны тиісті жауапқа тартуды;

сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдап, осы саладағы жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Ж.Айтақов         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                                13.06.2016 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №2                                       сағат: 18.00

 

Төрағалық еткен Ж.Айтақов — аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары.

 

Күн тәртібі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 1 тоқсанында ауданда орындалуы туралы

Ж.Айтақов, А.Серікбаев, Е.Еспенов, И.Омаров

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. 1. Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы А.Серікбаев, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Е.Еспенов, Абай ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы И.Омаровтың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындауда орын алған кемшіліктері назарларына жеткізіліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдап, тұрақты талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне мәлімет ұсынылсын.

—  әр мекеме басшысы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі               № 312 қаулысымен қабылданған Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуы бойынша тікелей өз бақылауына алып, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына мерзімінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

— профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқаруды;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі қызметкерлерді тиісті жауапқа тартуды;

— мемлекеттік органдардағы ішкі бақылау жұмысын жандандыруды;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жандандыру мақсатында орын алған кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта қолданыстағы заңнама нормаларын   сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындалуына қатаң бақылау жүргізілуін қамтамассыз етсін;

-жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

— қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайғанына назар бөліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдап, үнемді талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

— атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

— комиссияның хаттамалық шешімдерін мүлтіксіз орындауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі және ауыл шаруашылығы бөлімі, ауыл округ әкімдерімен бірлесіп «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» және «Агробизнес-2020» бағдарламаларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, оның нәтижелеріне маниторинг жүргізу тапсырылсын.
  2. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

— сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

— орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуін;

— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелерінде «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестермен , өзге де қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды күшейтуге;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі тұлғаны тиісті жауапқа тартуды;

— Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдарда семинар, брифинг, лекция, «дөңгелек үстел» отырыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                             


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта