home
home home

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл мәселері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облыстық маслихат

аппаратының басшысы

Б.Күзембековке

 

 

Т.Рысқұлов ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша 2018 жылдың  12 айында атқарылған шаралары туралы ақпарат

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы №128 қаулысына сай тиісті жұмыстар жүргізілуде.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

Мемлекеттік қызметшілердің табысы және мүлкі туралы декларацияны уақтылы тапсыру ұдайы бақылауда.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Ережесі мен Жастар ресурстық орталығының Жарғысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс-шараларын жүзеге асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі тарапынан үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру» бағытындағы шараларды ұйымдастыру тақырыбына 500,0 мың теңге қаржы қарастырылып «Құлан Нұры» қоғамдық бірлестігі лотты ұтып, «Қазіргі қоғамның дерті» тақырыбында 3 кездесу, «Жемқорлық нәтижелері» тақырыбында 4 семинар өткізілді.

Жастардың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау» «Заң және жастар» атты тақырыбында аудан басшыларының, құқық қорғау органдарының қатысуымен оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу мақсатында 5 дөңгелек үстел, 8 кездесу, 5 акция, 1 семинар кеңестері өткізілді.

«Адал жол» марафонының негізгі міндеттеріне сәйкес 2018 жылдың 8 -26 қазан арлағында Т.Рысқұлов ауданында өткізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралары ретінде іс-шара жоспарына сәйкес аудан аумағындағы 15 ауылдық округ толығымен қамтылып, 50 ге жуық іс-шара ұйымдастырылып,  2100 адам жұмылдырылды.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 22 мақалала жарияланды.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Назар аудар, есіңде сақта!», «Егер сізден пара талап етсе!?», «Пара алу-бұл қылмыс» және «Пара беру-бұл қылмыс» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынама ілінген.

Аудан орталығының Жібек Жолы көшесінің бойында 3, Луговой ауылы орталығында 1, Абай ауылы Сатпаев көшесінің бойында 1, Ақбұлақ ауылында 1, «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

Жер телімдері Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 43, 44 баптарына сай аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссия отырысында қаралып, оң қорытынды алған жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Конкурстық, аукциондық негізінде жер телімдері берілген кезде ашық түрде алдын ала республикалық және аудандық газетерге жарияланады. Азаматтарға жер телімдеріне қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  4 кезекті отырысы өткізіліп, 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖТ бөлімі, Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма, Луговой  ауылдық округі әкімі, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімдері басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тудыратын негізгі сала мемлекеттік сатып алу болып табылатындықтан, мемлекеттік сатып алу процессінде құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен барлық мекеме басшыларына 2 дәріс оқылды. Аудандық прокуратура тарапынан «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің жолдары» атты 3 кездесу өтті.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі барлық қызметкерлермен сақталады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аудан әкімі аппаратында  2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда және тоқсанына бір рет аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланып тұрады.

Аудандық мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарында бірінші басшыларды қабылдау кестесі көрнекі жерлерге орналастырылған.

Сонымен қатар аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған.

Аудан әкімдігінің аппаратында азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

 

 

Аппарат басшысы                                                          Н.Алкереев

 

 

 

 

орындаған: С.Нүрпеисов

Тел:22066

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының 2018 жылдың 12 айында орындалуы  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі  Заңына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрылған.

2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық комиссиясының «кезекті 4 отырысы өткізіліп» тиісті шаралар қабылданды.

Қылмыстардың алдын-алу мәселесі аудандық ведомствоаралық комиссияда қаралды. Қоғамдық орындарда полицияның кешенді күштерін барынша көбейту, патрульдеу жұмыстарын күшейту, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, оның ішінде жасөспірімдерді анықтап, оларды есепке қою, алдын-алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру тапсырылды.

Ауданда жалпы қылмыстарды азайту алдын алу алу бойынша Комиссияның құрамына аудандағы құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссия құрамына енгізіліп, бірлескен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Т.Рысқұлов  АІІБ  жергілікті  полиция  қызметінің  штаттық  саны  бойынша  жалпы  штат  бойынша  –  43   қызметкер, 21 учаскелік полиция инспекторлары, 1  көмекшісі барлығы 22 штат.

Қылмыстардың алдын-алу мәселесі аудандық ведомствоаралық комиссияда қаралды. Қоғамдық орындарда полицияның кешенді күштерін барынша көбейту, патрульдеу жұмыстарын күшейту, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, оның ішінде жасөспірімдерді анықтап, оларды  есепке қою, алдын-алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру тапсырылды.

 

 «Қауіпсіз аймақ» жобасының іске асырылу барысы туралы.

Т.Рысқұлов ауданы аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  2017-2019 жылдарға арналған «Қауіпсіз Құлан» бағдарламасын іске асыру жоспары «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу  профилактикасын жаңғырту жобасы» құзырлы органдармен келісіліп бекітіліп бақылауға алынды.

Әр ауыл аймақтарда тоқсан сайын учаскелік полиция инспекторлары халық алдында есеп беру жиындарын өткізіп, қылмыстың алдын-алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, онда көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынады.

Есеп беру жиындарына атқарушы органның өкілдері, ішкі істер бөлімінің ЖПҚ басшысы, ауылдық округ әкімдері қатысуда.

Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2018 жылы 1 қызметтік автокөлік (Нива 21214) 3600,0 мың теңгеге алынып берілді.

Жергілікті бюджеттен 15 ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторларына 15 дана компьютер, 15 дана сканер, 15 дана стилус, 15 дана камера алуға    4875,0 мың теңге,  аудандық ішкі істер бөліміне 2 дана компьютер,  2 дана сканер, 2 дана стилус, 2 дана камера алуға 650,0 мың теңге қаржы қарастырылды, барлығы 5525,0 мың теңгені құрап алынып берілді.

2017 жылы  «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында бюджеттен 13,874 млн тенге бөлініп Құлан ауылы орталық Жібек Жолы көшесінің бойындағы 4 бағдаршамға 8 бейнебақылау камералары орнатылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы бюджеттен 10 млн. теңге қаржы бөлініп, халық көп шоғырланатын Құлан» орталық базары мен Құлан ауылшаруашылық коледжінің маңына бейне бақылау камералары орнатылып, ішкі істер бөлімінің желісіне қосылды. Жасөпірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында аудандағы 40 мектептің барлығына  аудандық бюджеттен 11 млн 700 мың теңге бөлініп, бейне бақылау камералары орнатылды.

Ағымды жылы қосымша бейне бақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.

            Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында сабақтан тыс бос уақытта жалпы білім беретін мектептердің спорт нысандарын кеңінен пайдалану үшін аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен ауылдық округ әкімдері арасында тиісті шара қабылданған. Жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарға кесте жасалынып аудандық  «Құлан таңы»  газетіне  хабарлама  берілген.

Халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын мақсатында Құлан ауылында облыстық бюджеттен 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенесі соғылып, үстіміздегі жылдың шілде айында  пайдалануға берілді.

Түнгі мезгілде заңды тұлғалардың қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешкі сағат 22-00 ден 24-00 дейін «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуын алдын алу»  мақсатында рейдтер өткізіліп тұрады.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне, кәсіпкерлік палатасымен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп,  аудан аумағында орналасқан түнгі ойын сауық мекемелерінің иелерімен жұмыс уақтысын, спирттік ішімдіктерді сатуды реттеу, күзет жұмысының тәртібін, цифрлы бейне бақылау құралдарын қою және тағы басқа мәселелер туралы меморандум жасасу мәселесі бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық комиссияның ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық Балалар құқықтарын қорғау департаментінің сенім телефондары аудандағы барлық мектептер мен аудандық білім беру  бөлімінің  ғимаратында  ілінген. Сонымен қатар барлық мектептерде «Сенім» жәшігі бар. «Сенім» жәшігі бойынша ата – аналар мен оқушыларға көмек көрсетіледі.

Аудандық білім бөлімінде  2-14-78, жастар орталығында 4-04-83, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысында 2-20-66 «Сенім» телефондары жұмыс істейді.  Комиссия мүдделі органдармен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар арасында қылмысты, құқық бұзушылық, қараусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыстар жүргізілуде.

«Құқық бұзушылық прафилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта