home
home home

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидат БАЗАРҚҰЛОВ НҰРДОС ЖЕКСЕНҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 12 сайлау округі

бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидат

БАЗАРҚҰЛОВ НҰРДОС ЖЕКСЕНҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Базарқұлов Нұрдос Жексенұлы 1984 жылы 24 шілдесінде Жамбыл облысы Луговой ауданы Қорағаты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Үйленген, 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде. Үлгілі отбасының иесі.

2005-2009 жылдары Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының бакалавры біліктілігін аяқтаған. 2008  жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қаңтар айына дейін Т.Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің қызметкері болып бастаған. 2008-2011 жылдары аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі.

2011 жылдың 13-ші қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарып келеді.

2016 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығында облыстық мәдениет саласына қосқан үлесі үшін және   «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуіне белсенді қатысқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер  және құжатама басқармасының «Құрмет» грамоталарымен, аудандық мәдениет саласындағы табысты еңбегі үшін  аудан Әкімінің «Құрмет Грамотасымен», 2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекесіне орай аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.

 

БАЗАРҚҰЛОВ НҰРДОС ЖЕКСЕНҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

            Мен,  Тәуелсіз елімінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне араласуды өзіме мақсат ете отырып, өз кандидатурамды Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына үміткер ретінде ұсынуды жөн санадым.

Бүгінде Егемен елімізде татулық пен бірлікті ту етіп, Қазақстанды мекендеген көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдері – бір үйдің баласындай бір шаңырақ астында күн кешеуде.

Осындай игілікті істердің басында қай кезде болса да партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси қолдаушысы «Нұр Отан» партиясы тұрғандығын баршаңызға белгілі.

Мен төрағасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болып табылатын елімізде жалпыхалықтық сенімге ие болған «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түскелі отырмын. Бұл шешімнің үлкен жауапкершілік екендігін түсінемін.   Партияластарым маған қолдау білдіріп, аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланатын болсам, ауылда өсіп, қазақ атты халықтың асыл тәлім тәрбиесіне бөленіп өскендігімді, өз бойымдағы білімім мен біліктілігім арқылы ауылымызды дамытуға, халықтың тұрмыс тіршілігін көтеруге арналған әрекеттеріммен дәлелдейтін боламын. Осы ұстанымым аясында өзімнің сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын:

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен мемлекеттік бағдарламаларын және басқа да реформаларын өз денгейде іске асыруға атсалысу;
  2. «Нұр Отан» партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалы мен бастауыш партия ұйымдарымен байланыса отырып, алға қойған мақсаттарды бірлесе шешуге ықпал ету;
  3. «Нұр Отан» партиясының «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға және бос жұмыс орындарына жастардың орналасуына барынша көмек көрсету;
  4. «Нұр Отан» партиясының партиялық жобаларын жүзеге асыру барысын қолға алып, ондағы атқарылатын шараларды өз деңгейінде орындалуын назарға алу;
  5. Мәдениет және спорт кешендерін қолға алып, тұрғындардың өмір сүру мәдениетінің қалыптасуына және салауатты өмір салтын ұстануына үлес қосу;
  6. Білім беру және балабақша, денсаулық сақтау мен мәдениет салаларына қолдау көрсетіп, мәселелер туындаған жағдайда оң шешімін табуына, тиісті мемлекеттік органдар алдында мәселелер көтеру;
  7. «Дені саудың – жаны сау». Ауыл жастарының саламатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спорттың дамуына қолда бар спорт нысандарын тиімді пайдаланып, қолжетімділігін артыру.
  8. Аудан аумағында ауыз су, елді мекендерді газдандыру, көшелерге жөндеу және көше бойларын жарықтаныру ауылдарының инфрақұрылымын талапқа сай қалыпқа келуіне ықпал жасау.

Елбасы жолдауында айтылғандай, алдағы мақсат айқын – ол қазақстандықтардың әл – ауқатын жақсартып, өмір сапасын күшейту. Еліміздің көркейіп, қарыштап дамып, әлемдегі алпауыт елдермен тереземізді теңестіру үшін «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл жолда баршамыз бірігіп, бірлесе күш жұмсауымыз қажет. Елімнің патриот азаматы ретінде менде елімнің даму  жолдында барынша өз күш жігерімді жұмсаймын.

Құрметті сайлушылар!

Ел қалаулысы болу мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, үлкен міндеттер жүктейтінін жан-тәніммен сеземін. Көп жылдардан бері ел сеніміне ие болып, жүргізіп отырған экономикалық  әлеуметтік саясатты қолдап, ел бірлігіне ұйтқы болып отырған «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде жергілікті өкілетті органдарға берілген үлкен құқықты өз деңгейінде пайдалана отырып, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе қимылдап, жұртшылықтың талаптары мен тілектерін, мұң-мұқтаждарын атқарушы билікке жеткізіп, табандылық көрсету арқылы күрмеулі мәселелерді бірігіп шешуге, билік пен халықты Елбасы ұсынып отырған демократиялық үрдістердің  салтанат құруына үндеп, жаңа кезеңнің жаңа талаптарына сай еңбек ету – басты мақсатым деп санаймын.

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта