home
home home

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына  кандидат ДОСКОЖАЕВ ӘЛИХАН ЕРЖАНАТҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 12 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына  кандидат

ДОСКОЖАЕВ ӘЛИХАН ЕРЖАНАТҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

 

Доскожаев Әлихан Ержанатұлы 1992 жылы 24 қаңтар күні Т.Рысқұлов  ауданы,  Құмарық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Үйленбеген.

2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік универстиетін  «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 2014-2017 жылы Құмарық ауылындағы «Төрт сарай» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Құмарық ауылы бойынша жастар инспекторы.

 

 

ДОСКОЖАЕВ ӘЛИХАН ЕРЖАНАТҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен 2018 жылдың 25 наурызда өтетін мәслихат сайлауындағы  №12-ші сайлау округінен Т.Рысқұлов аудандық  мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына өз кандидатурамды ұсынып отырмын

Егер мен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған жағдайда бар білімім мен өмірлік тәжірибемді Т.Рысқұлов ауданының өркендеп, дамуы жолына арнаймын.

Аудандық мәслихат депутаттығына Сіздердің сайлаған өкілі бола қалсам аудан тұрғындары арасында ұлтаралық достық пен ынтымақты, бірлік пен өзара түсіністікті және жастардың арасында еңбек дәстүрін кеңінен насихаттауға атсалысамын.

Аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған жағдайда, мен алдыма қойған төмендегі мақсаттарды орындау жолында аянбай еңбек етемін.

  1. Достық, ұлтаралық келісім, демократиялық қағидалар мен адам құқықтарын негіз тұта отырып біздің қоғамымыздың әлеуметтік және саяси тұрақтылығын нығайтуға;
  2. Жергілікті билік органдары басшыларына азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында олардың жауапкершілігін арттыруға;
  3. Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарына коммуналдық салада, денсаулық сақтау мен білім беру саласында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру;

Мен еркін кәсіпкерлік принципіне жауап бере алатын демократиялық, әлеуметтік болжамды нарықтық экономиканың дамуын қолдаймын.

Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестің жүйелі дамуын жақтаймын. Сол себептен де ауыл мен елді мекендерді гүлдендіру жөніндегі бағдарламаның жүзеге асуына атсалысатын боламын.

Жастар саясатын іске асыру барысында жастардың, оның ішінде ауыл жастарының алдында тұрған проблемалардың дұрыс шешілуін, жас жанұяларды мемлекеттік тұрғыдан қолдауды, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуды,  жас мамандар жұмысқа тұратын кезде оларға тұрғын үй жағдайын жасауды, жастардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді сіңіруге және еңбекке баулуды қажет деп санаймын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында ұлттың рухани жаңғыру мәселесін биік қойып отыр. Ең бастысы мен Елбасының еліміздің бірлігі мен берекелі тірлігін сақтаудағы және Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы саясатын қолдай отырып, сол жолда аянбай еңбек етемін деп өз сайлаушыларымды сендіремін.

Алдағы сайлауда Сіздер менің кандидатурамды қолдап, маған дауыс берсеңіздер Т.Рысқұлов аудандық әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта