home
home home

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидат Турсумбаев Нурсултан Муратұлының ӨМІРБАЯНЫ

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 12 сайлау округі

бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидат

Турсумбаев Нурсултан Муратұлының ӨМІРБАЯНЫ

 

 

Турсумбаев Нурсултан Муратұлы 1992 жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Үйленбеген.

2017 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылдың тамыз айында  Жамбыл облыстық Қазақ драма театрында сценалық машинисті болып бастаған.

2017 жылдың 3-ші қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін

                         Т.Рысқұлов аудандық «Сұлутөр» кинотеатрының киномеханигі.

 

ТУРСУМБАЕВ НУРСУЛТАН МУРАТҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

            Мен,  Тәуелсіз елімінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне араласуды өзіме мақсат ете отырып, өз кандидатурамды Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына үміткер ретінде ұсынуды жөн санадым.

Мен, №12 сайлау округі бойынша 2018 жылдың 25 наурыздағы сайлауда Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті тұрғындарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға барынша ықпал етемін.

Қазақ елі бүгінде әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуді алға мақсат етіп қойғаны баршамызға мәлім. Сол межеге жету үшін, өз үлесін қосу әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін. Еліміздің соңғы жылдардағы жетістіктерінің кепілі болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатына қолдау білдіріп, оның жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етемін.

Алдағы сайлауда аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған жағдайда, Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының көкейтесті мәселелерін назарда ұстап, оның шешілуіне ықпал етуді өзіме мақсат тұтамын. Мақсаттарға жету жолында төмендегі шараларды жүзеге асыруға бар күшімді саламын:

  1. Жалпы жұмыссыздықты азайту мәселелеріне көңіл бөле отырып:
  • Жұмыс орындарын қысқартпауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар, жұмыскерлерге еңбек ақыларын уақытылы төлеуге;
  • Жұмыс істеп жүрген зейнет жасындағы азаматтардың орнына біздің болашағымыз жастарды жұмысқа тартуға;
  • Жергілікті кәсіпкерлерді қолдай отырып, оларға мемлекет тарапынан беріліп жүрген қолдауларды кеңінен насихаттауға ықпал жасаймын.
  1. Халықтың осал топтарына жататын азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында:
  • Тұрмысы төмен отбасылардың жәрдемақысын уақытылы төлеуге;
  • Аз қамтамасыз етілген отбасыларының ішіндегі еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту;
  • Халықты әлеуметтік қорғаудың негізі дамуымыздың басты шарты және адамзат мүмкіншілігі қорын іске асырудың жолы, қоғамдық байлықтың өсуі мен өмір сүру сапасын өсіру шарасы болып табылады.
  1. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлердің қолдауымен мектеп жасына дейінгі балаларға саналы тәрбие беру үшін, мемлекеттік-жеке әріптестік арқасында жаңа балабақшалар ашуға ықпал етемін.
  2. Мемлекеттік жастар саясатын қолдау мақсатында оқу бітіріп келген жас мамандардың жұмысқа орналасуына және мамандығы жоқ жас азаматтарды оқытып, білім алуына ат салысамын.

Қадірменді сайлаушылар! Алдағы уақытта сіздер менің кандидатурамды қолдасаңыздар, жоғарыда аталған мәселелерді орындау мақсатында өз білімім мен жинақтаған тәжірибемді туған Отаным мен халқымның өмірінің жақсаруына жұмсаймын.

Менің мақсатым Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың егемен елімізді өркендету жолында ұсынған мемлекеттік реформалар мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға барынша белсенді қатысу және орындалуына атсалысу.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта