home
home home

Т.Рысқұлов ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша 2017 жылдың атқарылған шаралары туралы ақпарат

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл жұмыстар Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  3 кезекті отырысы өткізіліп, 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша,Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі, Луговой  ауылдық округі әкімі, Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық Әділет басқармасы, ауылшаруашылығы, ветеринария бөлімдері басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Құқықтық мәдениеттi және құқықтық ақпараттандыруды арттыру, заңдылықты, құқықтық тәртiптi нығайту мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңын түсіндіру бойынша құқық қорғау органдарының қатысуымен 3 дәріс оқылды. Аудандық прокуратура тарапынан «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің жолдары» атты  1 кездесу өтті.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі тарапынан үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына қаржы қарастырылып, «Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қоры лотты ұтып, «Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарында жастармен 5  кездесу, сондай-ақ «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбында 1 дөңгелек үстел 3 семинар, 1 пікірталас, 1 конференция өтткізілді.

«Парыз», «Құлан нұры» үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті», «Жемқорлық жетер түбімізге» тақырыбындағы жастармен 18 кездесу, сондай-ақ «Жемқорлық тақырыбында» 14 дөңгелек үстел отырысын өтткізді.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 16 мақалала жарияланды.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Назар аудар, есіңде сақта!», «Егер сізден пара талап етсе!?», «Пара алу-бұл қылмыс» және «Пара беру-бұл қылмыс» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынама ілінген.

Аудан орталығының Жібек Жолы көшесінің бойында 3, Луговой ауылы орталығында 1, Абай ауылы Сатпаев көшесінің бойында 1, Ақбұлақ ауылында 1, «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

2017 жылдың 30 қазан күні аудандық білім бөлімінің базасында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» атты шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудан бойынша байқауға 32 үміткер қатысты. Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді ( шығарма, эссе, әңгіме, өлең) жеңімпаздар анықталып облыстық байқауға жолдама берілді. Сонымен қатар 2017 жылдың 8 қараша күні білім бөлімінің базасында «Жемқорлыққа жол жоқ» үздік беинероликтер және «Адалдық-ардың ісі» үздік суреттер байқауы өткізілді.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі барлық қызметкерлермен сақталады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аудан әкімі аппаратында  2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда және тоқсанына бір рет аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланып тұрады.

Аудандық мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарында бірінші басшыларды қабылдау кестесі көрнекі жерлерге орналастырылған.

Сонымен қатар аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған.

Қабылдау кестесіне сәйкес жыл   басынан   әр    түрлі   сұрақтар   бойынша   аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы 124 азаматты қабылдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік берілді. Қабылдауға келген  барлық азаматтың өтініштері бойынша нақты шаралар қолданылып, уақтылы жауаптары берілген.

Аудан әкімдігінің аппаратында азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған.

Т.Рысқұлов аудан әкімінің аппаратында 2017 жылдың 10 айында 979 арыз-шағым тіркелген (оның ішінде жеке тұлғалардан 595, заңды тұлғадан 384 өтініш).

Тіркелген  979 арыз шағымның 950 өтініш, 29 арыз. Оның 88 қанағаттандырылды, 248 қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілсе, 642-і бағынышты органдарға жолданды, 1-і өз өтініші негізінде қараусыз қалдырылған.

Негізінен арыздар жер телімдерін беру, жол жөндеу,  материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әр түрлі коммуналдық  сұрақтарға байланысты. Барлық өтініштер заңмен көрсетілген мерзімде қарастырылды.

Жоспар кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. 2016 жылы біліктілігін арттыру бойынша 39, қайта даярлау бойынша 23. Ағымдағы жылы біліктілігін арттыру бойынша -29, қайта даярлау бойынша – 3 мемлекеттік қызметкерлер оқудан өтті:

Мемлекеттік қызметшілердің табысы және мүлікі туралы декларацияны уақтылы тапсыру ұдайы бақылауда.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілер және мемлекетік фукциясын атқаруға уәкілетті тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ, ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаудың 3 фактісі орын алды.

Атап айтқанда:

         1.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Шолпанқұлов 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғабас ауылы Амангелді көшесі №70 және №72 үйдегі мал бордақылау орнына жол және электр желісін жүргізу» нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау барысында лауазымды адам бола тұра лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы іс-жүзінде атқарылмаған жұмыстарды қабылдағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес рақымшылық жасау актісі бойынша қысқартылған. М.Шолпанқұлов 2014 жылдың 20 наурызында қызметінен босатылған.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бөлімінің бұрынғы басшысы Д.Садырбеков 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Луговой ауылындағы А.Болыс көшесінің бойында орналасқан қонақ үйді сумен қамтамасыз ету және суды алыстату сыртқы желілері құрылысын салу» жұмыстарын қабылдау барысында лауазымды адам бола тұра лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы іс-жүзінде атқарылмаған жұмыстарды қабылдау арқылы мемлекетке 2 765 437 теңге залал келітргені үшін қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес рақымшылық жасау актісі бойынша қысқартылған. Д.Садырбеков 2013 жылдың 27 желтоқсанында жұмыстан босатылған.
  2. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры Абитаева Бахытхан Багдатхановна А.Б.Колкомбаеваны жұмысқа қабылдағаны үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде пара алуына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қылмысытық іс қозғалып, ҚРҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, параның 50(елу) еселенген сомасы яғни 5000 000 (бес миллион) теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалған.

2016 жылдың 10 айында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Мауытбаеваға қатысты 1 тұлғаға қатысты 45 қылмыстық іс, қозғалған.

Атап айтқанда:

 

Бұл бойынша сот процесі жүргізіліп мүлкі тәркіленіп 7 жыл 6 алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

         2017 жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.

Сондықтан , аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша 2017 жылдың

11 айында атқарылған шаралары туралы ақпарат

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл жұмыстар Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  3 кезекті отырысы өткізіліп, 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша,Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі, Луговой  ауылдық округі әкімі, Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық Әділет басқармасы, ауылшаруашылығы, ветеринария бөлімдері басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Құқықтық мәдениеттi және құқықтық ақпараттандыруды арттыру, заңдылықты, құқықтық тәртiптi нығайту мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңын түсіндіру бойынша құқық қорғау органдарының қатысуымен 3 дәріс оқылды. Аудандық прокуратура тарапынан «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің жолдары» атты  1 кездесу өтті.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі тарапынан үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына қаржы қарастырылып, «Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қоры лотты ұтып, «Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарында жастармен 5  кездесу, «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбында 1 дөңгелек үстел 3 семинар, 1 пікірталас, 1 конференция өтткізілді.

«Парыз», «Құлан нұры» үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті», «Жемқорлық жетер түбімізге» тақырыбындағы жастармен 18 кездесу, сондай-ақ «Жемқорлық тақырыбында» 14 дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 16 мақалала жарияланды.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Назар аудар, есіңде сақта!», «Егер сізден пара талап етсе!?», «Пара алу-бұл қылмыс» және «Пара беру-бұл қылмыс» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынама ілінген.

Аудан орталығының Жібек Жолы көшесінің бойында 3, Луговой ауылы орталығында 1, Абай ауылы Сатпаев көшесінің бойында 1, Ақбұлақ ауылында 1, «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

2017 жылдың 30 қазан күні аудандық білім бөлімінің базасында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» атты шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудан бойынша байқауға 32 үміткер қатысты. Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді ( шығарма, эссе, әңгіме, өлең) жеңімпаздар анықталып облыстық байқауға жолдама берілді. Сонымен қатар 2017 жылдың 8 қараша күні білім бөлімінің базасында «Жемқорлыққа жол жоқ» үздік беинероликтер және «Адалдық-ардың ісі» үздік суреттер байқауы өткізілді.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі барлық қызметкерлермен сақталады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аудан әкімі аппаратында  2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда және тоқсанына бір рет аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланып тұрады.

Аудандық мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарында бірінші басшыларды қабылдау кестесі көрнекі жерлерге орналастырылған.

Сонымен қатар аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған.

Қабылдау кестесіне сәйкес жыл   басынан   әр    түрлі   сұрақтар   бойынша   аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы 165 азаматты қабылдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік берілді. Қабылдауға келген  барлық азаматтың өтініштері бойынша нақты шаралар қолданылып, уақтылы жауаптары берілген.

Аудан әкімдігінің аппаратында азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған.

Т.Рысқұлов аудан әкімінің аппаратында 2017 жылдың 11 айында 1068 арыз-шағым тіркелген (оның ішінде жеке тұлғалардан 644, заңды тұлғадан 424 өтініш).

Тіркелген  1068 арыз шағымның 1036 өтініш, 32 арыз. Оның 96 қанағаттандырылды, 273 қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілсе, 698-і бағынышты органдарға жолданды, 1-і өз өтініші негізінде қараусыз қалдырылған.

Негізінен арыздар жер телімдерін беру, жол жөндеу,  материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әр түрлі коммуналдық  сұрақтарға байланысты. Барлық өтініштер заңмен көрсетілген мерзімде қарастырылды.

Жоспар кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. 2016 жылы біліктілігін арттыру бойынша 39, қайта даярлау бойынша 23. Ағымдағы жылы біліктілігін арттыру бойынша -29, қайта даярлау бойынша – 3 мемлекеттік қызметкерлер оқудан өтті:

Мемлекеттік қызметшілердің табысы және мүлікі туралы декларацияны уақтылы тапсыру ұдайы бақылауда.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілер және мемлекетік фукциясын атқаруға уәкілетті тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ, ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаудың 3 фактісі орын алды.

Атап айтқанда:

            1.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Шолпанқұлов 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғабас ауылы Амангелді көшесі №70 және №72 үйдегі мал бордақылау орнына жол және электр желісін жүргізу» нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау барысында лауазымды адам бола тұра лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы іс-жүзінде атқарылмаған жұмыстарды қабылдағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес рақымшылық жасау актісі бойынша қысқартылған. М.Шолпанқұлов 2014 жылдың 20 наурызында қызметінен босатылған.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бөлімінің бұрынғы басшысы Д.Садырбеков 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Луговой ауылындағы А.Болыс көшесінің бойында орналасқан қонақ үйді сумен қамтамасыз ету және суды алыстату сыртқы желілері құрылысын салу» жұмыстарын қабылдау барысында лауазымды адам бола тұра лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы іс-жүзінде атқарылмаған жұмыстарды қабылдау арқылы мемлекетке 2 765 437 теңге залал келітргені үшін қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес рақымшылық жасау актісі бойынша қысқартылған. Д.Садырбеков 2013 жылдың 27 желтоқсанында жұмыстан босатылған.
  2. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры Абитаева Бахытхан Багдатхановна А.Б.Колкомбаеваны жұмысқа қабылдағаны үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде пара алуына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қылмысытық іс қозғалып, ҚРҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, параның 50(елу) еселенген сомасы яғни 5000 000 (бес миллион) теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалған. Білім бөлімінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №31 бұйрығымен жұмыстан босатылған.

2016 жылдың 11 айында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Мауытбаеваға қатысты 1 тұлғаға қатысты 45 қылмыстық іс, қозғалған.

Атап айтқанда:

Бұл бойынша сот процесі жүргізіліп мүлкі тәркіленіп 7 жыл 6 алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

         2017 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.

Сондықтан , аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта