home
home home

31.07.2020 жыл Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

А 1–3 санаты бойынша Біліктілікке қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе өнер саласындағы әлуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы  жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім. Мәдениеттану немесе кітапханашы немесе қазақ тілі және әдебиеті немесе өнертану немесе журналистика немесе әлеуметтану немесе  мәдени-тынығу жұмысы. Жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе мәдениет саласында  бейініне сәйкес қызмет атқаруы немесе басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының лауазымдық жалақысы

 

Санаты Лауазымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде
Теңгеден Теңгеге дейін
1  А 1–3 164549 199512

Конкурс хабарландыру жариялаған күннен 15 күнтізбелік күн ішінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде өткізіледі.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі № 94 үй, мекен жайында орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің директоры (санаты А 1–3) – 1 бірлік

           Функционалдық міндеттері: Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.  Жұмыс жоспарын бағдарламалармен жұмыс жоспарларын бекітеді. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, кітапхана қызметіне қабылданған шешімнің зардаптарына, сондай-ақ, оның қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілік ала отырып басшылық жасайды. Кітапхананың басшылық құрылымын анықтайды. Кітапхананың мүліктері мен қаражатына басшылық жасайды, кітап қорын есепке алу, сақтау және толықтыруды қамтамасыз етеді, ұйымның жұмыс тәртібін сақтайды.

Жұмыстың келешектегі және жылдық жоспарын дайындауды және бекітуді ұйымдастырады. Басқа да кітапханашылармен, мүдделі ұйымдармен іскерлік байланыс орнатады және қолдайды. Қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайын жасайды, олардың өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғану ережелерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғану ережелерін сақтауын бақылайды. Кәсіптік білікті мамандармен қамтамасыз ету олардың білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану және дамытуды қамтамасыз ету, моральдық және материалдық ынталандыру шараларын қабылдайды. Кітапхананы мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді, қажетті есепті дайындау және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын,  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы мәдениет және өнерді дамытуға басымдылық беретін шығармашылық – өндірістік және қыржылық – экономикалық қызметтегі ұйымдардың, мемлекеттік органдардың актілерін, келешегі мен стратегиясын, ережелерін, кітапхана ісінің теориясы мен тәжірибесін, отандық және шет елдік кітапханалардың озық тәжірибесін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникаларын, экономика және қаржы негіздерін, қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысу үшін, конкурсқа қатысушы үміткерлерге: Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефонын көрсетумен қоса өтініш, жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі, білім туралы құжат көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырылған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ, бар жазалар мен көтермелеуді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме, бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі, медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат, сотты болмағандығы туралы анықтама ұсыну қажет.

Төмендегі мекен жай бойынша конкурс жергілікті Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінде ресми түрде жарияланған соң 15 күнтізбелік күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін өткізіледі. (080900. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі, №94 үй, анықтама үшін телефон: 8 (72631) 2-27-51 факс 2-27-51)    


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта