home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Ел астанасы-Нұр-Сұлтан» атты Елорда күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Ел астанасы-Нұр-Сұлтан » атты Елорда күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт -насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына белсенді қатысқаны үшін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Мәнжуовтың Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу барысында ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Аудан әкімінің алғыс хатымен ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары мерекеге жиылған халыққа концерттік бағдарламаларын ұсынды. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй, әсем биден қуат алған аудан жұртшылығы көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта