home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 21.08.2019 жыл

Өтінішті көшіру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

E-G-3  мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

            жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

            жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

            Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 E-G-3 90963 122463

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында             бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

 

  1. Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік (№05-02-3)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау үшін өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес жұмыс жүргізу. Округ көлемінде ауылдық округ әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдармен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастырады. Әскери міндеттілердің нақты есебін, әскерге шақырылған әскери міндеттілердің  уақтылы және толық келуін қамтамасыз етіп ұйымдастырады. Мемлекеттік жәрдемақы алушылардың құжаттарын, ақылы қоғамдық жұмысшылардың жұмыстарын қадағалау, табелін жүргізіп аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізеді.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

 

  1. Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік (№05-11-03)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау үшін өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес жұмыс жүргізу. Жәрмеңке, кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүргізеді. Округ аумақтарында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімінде орындау, елді мекен аймақтарында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындалуын қадағалап, үйлестіреді.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік (№05-08-02)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын  қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Мемлекеттік стандарттар қызметі бойынша жұмыстар атқару. Ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдері жобасын дайындау, кіріс–шығыс журналдарын жүргізу, уақытылы тіркеу. Шаруашылық кітаптарының жүргізілуін бақылау. Ауыл жиындары мен көше жиындарының хаттамаларының дайындалуын ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi  ішкі конкурс өткізу туралы барландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                      «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс  күні  ішінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,     Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны: ___________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

________                                                        ___________________________________

(қолы)                                                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта