home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 17.09.2019 жыл

 

Өтінішті көшіру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

            Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 E-R-3 106359 142815

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында             бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі; санаты Е-R-3; 1 бірлік (№04-05-3)

            Қызметтік міндеттері:

Секторға жалпы басшылық жасайды, олардың жұмысына бағыт береді және жұмыс қабілетін қорытып, қадағалау жасайды. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет қаулыларын жүзеге асырып аудан Әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындалуына бақылау жасайды. Тұрғын үй, отын сатып алу, атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақыларының тағайындалуы мен төленуін заң шеңберінде қарап, бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе білім саласындағы.

Мамандығы: әлеуметтану немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе  жобалық басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе әлеуметтік жұмыс немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi  ішкі конкурс өткізу туралы барландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                      «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс  күні  ішінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,     Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта