home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды 28.10.2020 жыл

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

    персоналды басқару қызметі жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде

тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-4 100695 136443
2 E-4 100695 136443

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

(080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-Жолы көшесі №75 үй, каб.№221, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_kadr@mail.ru

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас маманы; санаты Е-4, 1 бірлік (№01-3-2)

            Қызметтік міндеттері:

Бос мемлекеттік әкімшілік орындарға конкурстар жариялайды, конкурсқа  үміткерлердің  құжаттарын дайындайды, көтермелеу мен марапаттауға ұсыныстар әзірлейді, аттестациялық комиссияның отырысына құжаттарды дайындайды, мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу, оларды уәкілетті органмен келісе отырып бекітілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жетілдіруіне мониторинг жүргізу, оларды оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Аудан әкімдігінің бөлімдері қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен нұсқаулықтарын құруды ұйымдастыруды. Кадрлық құжаттарды «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарын жүргізу. «Мемлекеттік наградалар» ақпараттық жүйесінің «Наградтау» модулінің жұмысын қамтамасыз ету.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы – құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 2. Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімшесінің бас маманы; санаты Е-4, 1 бірлік, (№01-3-4)

            Қызметтік міндеттері:

Аудан әкімі аппаратының кіріс-шығыс хат-хабарларын қабылдау және бастапқы тарату, кіріс хат-хабарларын компьютерде тіркеу, қызметтік хат-хабарлардың ауылдық округ әкімдеріне және әкімдік бөлімдерінің басшыларына  жедел жіберілуін қамтамасыз етеді. Құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін дайындайды. Орындалған және бақылаудан алынған құжаттардың істерін қалыптастырады және күнтізбелік жылдың соңында мұрағатқа сақтауға өткізеді. Бақылауда тұрған құжаттарға берілетін жауапты белгілі себептермен мерзімінде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, оны бақылауға қойған мемлекеттік органдар немесе лауазым иесіне орындау мерзімін ұзарту жөнінде келісімін алу жұмысын   ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе ауылшаруашылығы саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы – құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы)  немесе білім саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылығы саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы)  немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі, №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта