home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды 30.09.2020 ЖЫЛ

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет

өткерген жылдарын есептегенде

 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 E-R-4 95210 128834
2 E-G-4 81229 109367

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

(080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-Жолы көшесі №75 үй, каб.№221, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_kadr@mail.ru

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2021 жылдың 18 тамызына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) санаты E-R-4, 1 бірлік(№04-6-5)

            Қызметтік міндеттері:

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мекемелердің, кәсіпорындардың тапсырыстарын қабылдап, қаржыландыруға ұсынады, бюджеттік өтінімдеріне және бюджеттің орындалуына талдаулар жасайды. Жергілікті бюджет жобасын дайындауға және оны маслихатқа ұсынуға, ауданның даму бюджетінің бюджеттік бағдарламалардың инвестициялық жобалары және бағдарламалары бойынша жұмыстарды үйлестіруге қатысады. Бюджеттік мекемелердің, кәсіпорындардың штаттық сан лимиттері бойынша статистикалық есептерін жинақтап, талдаулар жасау жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің, кәсіпорындардың  ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және даму бюджетінің шығындарының белгіленген лимиттерінің, орындалуына бақылау жүргізіп, ұсыныстар береді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе математика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық саясат секторының бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2022 жылдың 06 қаңтарына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) санаты E-R-4, 1 бірлік (№04-6-4)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі аудан әкімінің іс-шаралар жоспарын, экономиканың барлық саласы бойынша ауданның әлеуметтік дамуының индикативтік жоспарларын (өнеркәсіп, ауылшаруашылық және де басқа инфрақұрылымдар бойынша) жасайды. Инвестициялық жобаларды дайындап,  жоғарғы тиісті органдарға қарауға ұсынады. Ауданның паспортын және тиісті мәжілістерге, кеңестерге құжаттар дайындайды. Ауыл аймақ әкімдерімен бірлесе жұмысты үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларының шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қадағалайды.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе математика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы; санаты E-G-4, 1 бірлік, 05-1-10)

Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған жұмыстарын орындау. Ауыл аймағындағы тұрғын үй иелерінен жиналатын жер,  мүлік салықтарының өзіне бекітілген аймақта жиналуын қамтамассыз етеді, аудандық салық комитетінде жиналған салықтардың есебін береді. Шаруашылық және алфавиттік іс кітаптарын жүргізу, толтыру, және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауап беру. Жеке азаматтардан және заңды  тұлғалардан келіп түскен арыз шағымдарды  тексеру және анықтау, мезгілінде жауап беру. Бекітілген учаскелерінде жайластыру, көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Бекітілген учаскелерінде  сайлаушылардың  тізімін жасау, сондай-ақ сайлаушылар туралы  деректердің дұрыстығы үшін жауап беру. Құлан ауыл тұрғындарына  бекітілген учаскесі бойынша  анықтама беру, шығу, келу парақтарымен жұмыс атқару.  Көп балалы аналарды күміс және алтын алқаға аудан әкімдігіне ұсынады, мәліметін береді және марапатталатын мамандар тізбесін жүргізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі, №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының                             оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта