home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды 12.11.2018 жыл

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

    персоналды басқару қызметі жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

       Е-R-4 санаты үшін: білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Е-G-4 санаты үшін: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

            Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-R4 73 288 99 106
2 Е-G-4 62 461 84 115

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

(080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-Жолы көшесі №75 үй, каб.№221, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2019 жылдың 01 маусымына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) (санаты E-R-4, 1 бірлік (№04-6-6)

            Қызметтік міндеттері:

Бөлімнің бухгалтерлік есептерін жүргізеді, тиісті органдарға өткізеді, нормативтік актілерді, бұйрықтарды және де басқа құқықтық құжаттардың жобаларын дайындайды. Бөлімнің іс қағаздарын және қызметкерлердің жеке іс құжаттарын жүргізеді, қаржылық банктік іс қағаздарын дайындайды, есеп береді. Бөлім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеруді, бөлім қызметкерлерін іріктеуді үйлестіруге қатысады. Бөлім қызметкерлерінің еңбекақысын есептейді, жабдықтар мен материалдық, статистикалық, салықтық есептерінің уақытылы және сапалы жүргізілуін қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе математика.

Қазақстан  Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2019 жылдың 01 қазанына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) (санаты E-R-4, 1 бірлік (№04-02-4)

            Қызметтік міндеттері:

Білім мекемелерінде пәндердің тереңдетіліп оқытылуын және пән олимпиадасын өткізуді ұйымдастырады. Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстары  және мектеп жанындағы интернаттар жұмыстарын қадағалайды. Білім мекемелеріндегі  медициналық қызметтің жүргізілуін қадағалайды, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының дәрігерлік тексерістен өткізілуін бақылайды. Мектепке дейінгі мекеме басшыларының қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру  шараларына жауапкершілікте болады. Мекеменің Заңдық күші бар актілерінің талапқа сай орындалуына жауаптылықта болады, мекеме басшысының тапсырмалары мен нұсқауларын орындауға жауаптылықта болады, мекеменің іс жүргізу, құжаттар айналымының талапқа сай жүргізілуін қадағалап, мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды бақылайды. Мемлекеттік қызмет стандарттарының талапқа сай орындалуына бақылау, басшылық жасап, есеп-мәліметтерін өткізеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – білім саласындағы.

Мамандығы – білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан  Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы; санаты Е-G-4, 1 бірлік, №05-06-06

Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің өздеріне бекітілген  аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын  орындайды. Жер, мүлік, көлік салықтарын жинап, оның есебін жүргізеді, аймақтағы су бойынша есебін жүргізеді, әскери стол есебін және жұмыстарын жүргізеді. Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу жұмыстарын жүргізеді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді, сайлаушылар тізімін жасайды, анықтама береді. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Абай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы; санаты Е-G-4, 1 бірлік, №05-03-05

Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау үшін өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес жұмыс жүргізілін ұйымдастырады. Еңбекші ауылының Қ.Сатпаев көшесінің солтүстік бөлігіне дейін   көше тазалығын, осы көше тұрғындарының міндетті салықтарды уақытылы төлеуін қадағалап, аталған көшелердің шаруашылық кітабын жүргізуге жауап береді. Фирмалық бланкілерге байланысты және ауылдық округ әкімдігінің кіріс пен шығыс журналдарының тиісті талаптарға сай жүргізілуіне жауап береді. Ауылдық округ бойынша дін саласы мен діни экстремизм, терроризмге қарсы жұмыстарды тиісті мекемелермен мәлімет алмасады, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесімен ішкі істер бөлімі, ішкі саясат, денсаулық, білім, мәдениет және аудан әкімдігінің аппарат бөлімшелерімен қатысты жұмыстарды үйлестіреді, мәлімет алмасады. Әкімшіліктің бас маманы болмаған кезде міндеттерін қосымша атқарады. Нашақорлыққа және адам саудасына қарсы іс-шара өткізуге және мәліметін беруге жауапты. Аудандық құқық бөлімшесімен және аудандық прокуратурамен ұйымдастырылған жұмыстарға, мекемелерге өкімдер мен шешімдер т.б. ай сайынғы, тоқсандық мәліметтер беруге жауап береді. БАҚ өкілдеріне заң шеңберінде мәлімет беру және мақалалармен хабарландырулар жариялауға жауапты. Көп балалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау жұмыстарын және құжаттарын дайындайды. Іс-номенклатурасына және құжаттардың тиісті талаптармен рәсімдейді. Мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады. Елді мекендегі көше атаулары мен көше үйлерінің реттік тақталарын орналастыруға байланысты жұмыстар атқарады. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындалуын үйлестіреді, қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)                          2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (2-қосымшасы нысандағы үлгісі Т.Рысқұлов ауданы әкімінің ресми сайтына (http://ryskulov.adm.zhambyl.gov.kz) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында (http://kyzmet.gov.kz) орналасқан);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (3-қосымшасы нысандағы үлгісі Т.Рысқұлов ауданы әкімінің ресми сайтына (http://ryskulov.adm.zhambyl.gov.kz) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында (http://kyzmet.gov.kz) орналасқан);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Үшінші бағдарлама E-R-4 және Е-G-4  санаттарына арналған тестілеу келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                   29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер. Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми интернет-ресурсы: www.kyzmet.gov.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта                    не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта