home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды 30.09.2020 ЖЫЛ

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасындағы

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі            бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет

өткерген жылдарын есептегенде

 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-3 112729 152017
2 E-R-3 106359 142815

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасындағы

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды.

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_kadr@mail.ru

 

  1. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас инспекторы; санаты Е-3, 1 бірлік (№01-2-8)

Қызметтік міндеттері:  

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің жеке құрамының есебін жүргізеді, жеке істерін қалыптастырады. Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің арнайы тексеруден өтуі үшін құжаттарын  дайындайды. Тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің жыл сайынғы қызметінің тиімділігін бағалаудан өткізу комиссиясының жұмысын жоспарлап оның отырысын тұрақты өткізіп отырады. Тәлімгерліктен, тағылымдамадан өтулерін ұйымдастырады. Тәртіптік комиссия жұмысының хатшылығын жүргізеді. Ауылдық округтер әкімдерінің аппараты қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен нұсқаулықтарын құруды ұйымдастыруды. Кадрлық құжаттарды «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарын жүргізу. «Мемлекеттік наградалар» ақпараттық жүйесінің «Наградтау» модулінің жұмысын қамтамасыз ету.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мамандығы – құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе информатика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы; санаты Е-3, 1 бірлік (№01-2-9)

 

Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiру. Мемлекеттiк органда және құқық қорғау органдарымен құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі Бағдарламаның орындалуын үйлестіреді. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен Адам құқықтарының сақталуы, оған байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі  іс-шаралар жоспарының орындалуын талдайды, үйлестіреді. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімімен (нашақорлық және есірткі бизнесіне қатысты), әділет органдарымен (құқықтық насихат жұмысы), сот (алқабилер, медиация мәселелері), прокуратура органдарымен бірлесе жұмыс жасайды. Құқық бұзушылық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру, отырыстарын өткізуді қамтамасыз ету және хаттамасын әзірлейді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мамандығы – құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Аудан әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімшесінің бас инспекторы-аудан әкімінің кеңесшісі; санаты Е-3, 1 бірлік, (№01-2-10)

Қызметтік міндеттері:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарымен жұмыс жүргізеді. Тіркелген өтініштерді мазмұнына қарай сараптама жасайды және қарауға өз салалары бойынша қажет болған жағдайда орындаушыларға жіберуді ұйымдастырады. Бақылау картотекасын жүргізеді, бақылауға алынған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жүзеге асырады және құжаттың бақылаудан алынуын рәсімдейді.     ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде «Азаматтардың жүгінулері туралы» №1-ОЛ нысанындағы есебін ай сайын жасауды және оның ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық-статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасына белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.    

Мамандығы – құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар  саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есеп және қаржы секторының меңгерушісі; санаты Е-R-3, 1 бірлік (№ 04-05-6)

Қызметтік міндеттері:

Секторға қатысты жұмыстарды орындап, басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет қаулыларын   жүзеге   асырып,  аудан Әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындалуына бақылау жасайды. Кассалық, банктік операциялардың есебін жүргізу, жалақы тағайындау, мүліктерді инвентаризациялау және мекеменің барлық   есеп- қисап жұмыстарын жүргізеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі; санаты ER-3; 1 бірлік (№04-10-02)

Қызметтік міндеттері:

ҚР Президентінің  Жарлықтарын және ҚР Үкіметінің Қаулылары мен нормативтік актілерін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, аудан әкімінің бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, құрылыс бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.      Сектор жұмысын ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерін және облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауға бағыттайды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз шағымдармен жұмыс жасау және өз мерзімінде жауаптарын дайындау,           өз саласы бойынша іс-қағаздарын нұсқаулыққа сәйкес жүргізу, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылап оны жүргізу. Ауыз су және газдандыру құрылыс нысандарына құрылыс жүргізу тәртібін түсіндіреді, дайындалатын құжаттар тізбесін ұсынады. Құрылыс мекемелерімен тығыз қатынаста жұмыс істеп,олардан түскен хабарламалар бойынша мәлімет дайындау. Құрылысы жүріп жатқан нысандарға мониторинг жүргізу. Ауыз су және газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттардың сапалығын бақылауды ұйымдастыру. Құрылыс саласындағы әрі жобалық құжаттарға, құрылыс жұмыстарының көлемінің нақтылығын қадағалау, заңдылығын анықтау. Құрылыс жұмыстарының жүруін және сапалығын бақылау.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – техникалық ғылымдар  және технологиялар саласындағы, немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мамандығы – жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) немесе құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобалық басқару немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                      «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс  күні  ішінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,     Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны: ___________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

________                                                        ___________________________________

(қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

«___»__________20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта