home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы (29.09.2019 ж.)

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру

 кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

2018 ж 14.02 №94 қаулы (01.01.2019 ж)

 

Іс-шаралар Орындалуына жауаптылар Орындалу

мерзімі

Орындалуы
1 Теренөзек ауылындағы Сатқұлов  көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.

маусым

Ағымды 2018 жылы Тереңөзек ауылы, Ж.Сәтқұлов ұзындығы 0,560 шақырым көше жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5990,9 млн тенге бөлініп, автомобиль жолына мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылды, женімпазы анықталды, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.Орындалды.
2 Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов орталық көшесінің жарық шамдарын  жаңа жарық шамдарға ауыстыру туралы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі

 

2018 ж.

Қазан

Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып, жеке кәсіпкер  «Ауыл Береке 2016» жеңімпаз болып анықталып, Т.Рысқұлов орталық көшесінің жарық шамдары ауыстырылды. Орындалды.
3 Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты   жекеменшік иесінен мемлекеттік меншікке сатып алу  туралы Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі,Өрнек ауылдық округінің  әкімі 2018 ж.

мамыр

Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты сатып алу үшін  жергілікті бюджеттен 20000,0 теңге бөлініп,  жеке меншік иесінен ауылдық округ әкімдігінін меншігіне берілді. Орындалды.
4 Құмарық ауылының  ауыз су құбырын жүргізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі 2019-2020 ж Құмарық ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы нысаны бойынша 2018 жылы жобалау сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы (№19-0315/18 09.10.2018 ж) алынды. Жалпы сметалық құны 734734,0 мың теңгені құрайды.2019-2020 жылдары республикалық   бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда құрылыс-құрастыру  жұмыстары жүргізіледі деп кутілуде. Бугінгі күнге бағдарлама әкімшісі Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс басқармасына өтінім жобасы тапсырылыап, экономикалық қорытынды алу жұмыстары жүргізілуде.
5 Құлан ауылына  дренаждар қазу  туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

Құлан ауылдық округінің  әкімі

2018 ж.

Қараша

Есепті мерзімде Құлан ауылының дренаждары зерделеніп «Казавтожол» ЖШС мекемесімен келісім шарт жасалып 7 шақырым дренажды тазалау жұмыстарына 17239,00 мың теңге бөлініп 5 сәуір күні басталып жұмыстар 01 маусымда аяқталды. Орындалды.
6 Көкдөнен ауылындағы орталыққа бағдаршамды орнату туралы

 

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.

Мамыр

Көкдөнен ауылындағы орталық көшесі бойында, яғни «А.Байтұрсынов» орта мектебіне өтетін автокөлік жолындағы  бағдаршамға тиісті құрал жабдықтар орнатылды. Орындалды.
7 Жаңатұрмыс ауылына    газ құбырын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Өтпелі кезең Газ құбыры тартылмаған елді мекендердің жалпы саны 14 елді мекен, соның ішінде Жаңатұрмыс ауылыда бар. Газдандыруға Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы Ақыртөбе ауылының төменгі жағынан орналасқан «Интергаз» АҚ-ның Ақыртөбе «Автоматтандырылған  газ тарату стансасы» (АГРС) 1995 жылы салынған. Қуаттылығы – 6000 м³/сағ), қосымша нысандардың қосылуына, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге қуаттылығы жетпейтін. Сондықтан жаңа, қуаттылығы – 20000 м³/сағ газ тарату стансасы салынып ағымды жылы іске қосылуда. Ары қарай «Фирма Ақ Қар-2009» ЖШС тарапынан ауыл тұрғындарымен келісім бойынша газдандыру жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғанда Жаңатұрмыс ауылына дейін  газ құбырын тарту, көшеге және әр бір үйдін ауласына дейін  газ кіргізу жұмыстары  жүргізіледі. Ары қарай газ құбырын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмағандықтан қаражат есебінен лицензиясы бар мекемелерге немесе жеке кәсіпкерлерге қайырылып газ құбыры тартылады.
8 Құлан ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Өтпелі кезең Құлан ауылы Т.Рысқұлов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жұргізуге ағымды жылы ақау (дефектный) актісі жасалып, жобалау-сметалық құжаттамасы ЖСК дайындалады, нәтижесінде ЖСК-ға сәйкес көшеге тас төгіп тегістеп асфальт төсеу жұмыстары келесі 2019 жылы жүргізіледі.

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы (29.09.2017 ж.)  2017 ж 17.02 №42 қаулы

Іс-шаралар Орындалуына жауаптылар Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындалуы
1 Жалпақсаз-Тасшолақ автомобиль жолына  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жөндеу жұмыстарын іске қосу қыркүйек

2017 жыл

Ағымды 2017 жылы аудандық маңызы бар «Жалпақсаз-Тасшолақ» барлығы 57,982 млн тенге, ұзындығы 8,2 шақырым автомобиль жолына мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылып, женімпазы «Құлан жолдары» ЖШС,орташа жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Орындалды.
2 Мамай ауылында медициналық пункт құрылысын жүргізу туралы Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Аудандық орталық ауруханасы

Құрылысын бітіру Өтпелі

2017-2018 жылдары

Мамай ауылындағы мед.пунктінің құрылысы болжамды – 2018 жыл, сметалық  құны 1 млн 92 мың 332 теңге, мердігер:«КДМ-project» ЖШС, Қазіргі таңда сметалық-жобалық құжаттары дайындалуда. Орындалу үстінде.
3 Абай ауылына фельдшерлік-амбулаториялық пункт  салу туралы Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Аудандық орталық ауруханасы

Құрылысын бітіру сәуір-қазан

2017 жыл

Абай ауылындағы 10 келушіге арналған ФАП құрылысы 2017 жылдың наурыз айының 25-нен басталды, сметалық  құны 62 млн 903 мың 332 теңге, мердігер: «Құрылыс -Жаңатұрмыс» ЖШС,басшысы Таубалдиев Е.Ж. Нысанның құрылысы аяқталды, пайдалануға беріледі.Орындалды.
4 Юбилейное ауылының  су іркуіш имаратына резервтегі ұнғыманы қосып су құбыры құрылысын салу туралы Аудан әкімдігінің құрылыс  бөлімі

 

Құрылысты аяқтау желтоқсан

2017 жыл

Юбилейное ауылының су іркуіш имаратына резервтегі ұнғыманы  қосып су құбыры құрылысын салу » нысаны, жалпы сметалық құны  48,190 млн тенге, мердігері «Севолана» ЖШС-гі, құрылыс нысаны  2017 жылдың сәуір айында басталып  №58 бағдарламасы бойынша жұмыс іске асырылды.

Облыстық бюджеттен 48,190 мың тенге бөлініп  45,0 млн  тенге толығымен игеріліп, нысан  2017 жылдың 19-шы маусым пайдалануға тапсырылды. Орындалды.

5 Құмарық ауылының Қанаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жөндеу жұмыстарын іске қосу наурыз-тамыз

2017 жыл

Аудан аумағындағы 2017 жылы орташа жөндеуден өткізуге облыстық бюджет субвенсия есебінен 13 елді мекеннің 24 көше жолдарына 173,3 млн.теңге теңгеге өтінімдер өткізіліп мемлекеттік сатып алу конкурстары ойнатылуда, женімпаздар анықталды. Соның ішінде Құмарық ауылының Д.Қонаев 0,890 шақырым көшесіне 10,548 млн.теңге бөлініп орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.
6 Өрнек ауылы Темірбеков көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жөндеу жұмыстарын іске қосу тамыз

2017 жыл

Аудан аумағындағы 2017 жылы орташа жөндеуден өткізуге облыстық бюджет субвенсия есебінен 13 елді мекеннің 24 көше жолдарына 173,3 млн.теңге теңгеге өтінімдер өткізіліп мемлекеттік сатып алу конкурстары ойнатылып, женімпаз анықталды.. Соның ішінде Өрнек ауылының Темірбеков 0,750 шақырым көшесіне 8,453 млн.теңге бөлініп  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

 

                       

                       Т.Рысқұлов ауданы әкімінің

                        аппарат басшысы                                                                                          М.Өмірзақов

 

Орын.Р.Кохаева

тел.8 (72631) 2-13-50

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта