home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА

Т.Рысқұлов  ауданы бойынша   жеке және заңды  тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

       2009 жылғы 29 мамырдағы «Аудан көлемінде заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмыстардың іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» № 257 қаулысы қабылданып, бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін әзірлеу мақсатында аудан әкімдігінің бөлімдері және ауылдық округ әкімдері аппараттары ұсынатын мемлекеттік қызметтерге зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бойынша   аудан әкімдігінің бөлімдері және ауылдық округтер әкімдіктері 78 мемлекеттік қызмет түрі бойынша ай сайын және тоқсан сайын мәлімет беріп тұрады.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында «е-әкімдік», «мекен-жай регистрі», «е-собес» «е-рынок труда» ақпараттық жүйелері және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі қолданылады.

2015 жылда жергілікті атқарушы органдармен барлығы 86 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылды. Соның ішінде, мемлекеттік органда  қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны — 4435, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген саны -32378, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -3880, электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -675.

2015 жылда  Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік органдарда көрсетілген қызметтердің жалпы саны —  41368.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 179 Қаулысын орындау мақсатында «е-әкімдік» ақпараттық жүйесінің толық қанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен жүзеге асырылатын техникалық сүйемелдеу қызметтеріне келісім-шарт  жасауға 2015 жылға  3 млн. 171 мың теңге қаржы   аударылды.

Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша күту орындары орындықтармен, үстелмен, стендтерде қажетті ақпараттар мен өтініш үлгілері ілініп, қамтамасыз етілген. Көрсетілетін қызметтін, сапасын анықтау үшін тұтынушылардың пікірлері салынатын арнайы сауалнама жәшігі орнатылған.

Сонымен қатар жауапты мамандардың аты-жөні, қабылдау күндері, уақыты көрсетіліп ілінген.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі бөлімдері бойынша мемлекеттік қызметкерлердің функционалдық міндеттерінде мемлекеттік қызмет көрсету міндеттері енгізілген, бөлім басшысымен бекітілген. Мемлекеттік қызмет атқаратын қызметкерлер өз функционалдық  міндеттерімен таныстырылған, негізгі қызметкерлер жоқ болған жағдайда басқа қызметкерлерге жүктелген.

Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде бөлім қызметкерлері насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

2015 жылдың 12 ақпан күні Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөліміндерінің жауапты қызметкерлерінің қатысумен мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелер туралы  және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне   байланысты  дөңгелек үстел өткізілді.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша ИСО-9001,14000 сериялы халықаралық менеджмент  сапасына көшу барысында  аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, қаржы бөлімі, «Құлан жолдары» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС сертификаттарын алып,  халықаралық  менеджмент сапасына өтті.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім, жер, кәсіпкерлік  және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс  бөлімдері мен  ауылдық округ әкімдіктерінде  көрсетілетін   қызмет түрі бойынша келіп түскен  өтініштерді  қарап, олар негізінен қанағаттандырылуда.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі бөлімдері бойынша  2015 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына және уақыттылығына шағымдарды талдау және оларды жою жөніндегі көрсеткіштерді жақсарту, қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері бойынша  іс-шаралар жоспары жасалып, барлық бөлімдеріне және ауыл әкімдеріне таратылған.

2015 жылдың  ішінде аудандық «Құлан таңы» газетінде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім және басқа да бөлімдер  тарапынан 51 мақала  жарияланды.

Ауданда былтыр 15 ауылдық округ бойынша жеке қосалқы шаруашылық  электронды реестрі құрылған, жауапты қызметкерлер  ретінде  ауыл әкімдері белгіленген.  Облыс әкімі аппаратының  мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингін дамыту бөліміне электрондық тізімі толық жіберілген.

2015 жылдың  желтоқсан айында барлық ауылдық округтер жеке  қосалқы шаруашылық  бойынша электрондық үкімет Порталында egov.kz ақпаратты толтыру және өзектілеу жұмыстарын бітірді.

Барлық ауыл әкімдерінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  арнайы электронды сандық қолдары алынды.

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы — А.Ихиева  2015 жылдың 7-11 қыркүйек   күндері  аралығында  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тиісті бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарында ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, бірнеше кемшіліктерді  көрсетіп ашты.

Анықтама барлық   аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарына таратылып,  анықталған кемшіліктерді жою және қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы жазбаша мәліметтерді алып, қосымша өзіміздің тарапмыздан  тексеру жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім басшыларын және ауылдық округ әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарап, облыс  әкімі аппаратына атқарылған жұмыстар туралы   ақпарат берілді.

Яғни, Ақыртөбе  ауылдық округ  әкімі М.Тасыбаевқа, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің  бас маманы А.Аблаеваға, аудан әкімдігінің  білім бөлімінің бас маманы Т.Естемесоваға, Құлан ауылдық округ  әкімі аппаратының бас маманы С.Иманкуловаға,  Ақбұлақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Джаманкуловаға ескерту түрінде  тәртіптік жаза қолданылды.

Төрт бөлімге орнатылған «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің жұмыс істемегені үшін яғни, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, аудан әкімдігінің  сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімі, аудан әкімдігінің  ауыл шаруашылық бөлімі  және аудан әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  бір де бірін жүйеге енгізбеген.

Осы жұмыстардың орындалмағаны үшін аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің  басшысы Б.Башанов, аудан әкімдігінің  сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Абдирахманов, аудан әкімдігінің  ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы К.Ауталипов және аудан әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Т.Айғаскаевқа ескерту түрінде  тәртіптік жаза қолданылды.

Техникалық ақауға байланысты жұмыс істемей тұрған «Е-лицензиялау»  ақпараттық жүйесін орнату үшін арнайы мамандар шақырылып, тиісті маманның компьютеріне орнатылды.   Кәзіргі уақытта «Е-лицензиялау»  ақпараттық жүйесі толығымен жұмысқа дайын және қазан айынан бастап көрсетілген қызметтер жүйеге енгізілуде.

 

    Т.Рысқұлов  аудан  әкімінің

            аппарат  басшысы                        М.Өмірзақов

 

Орындаушы:З.Алимова

Тел.2-25-25


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта