home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 02.09.2019 жыл

Өтінішті көшіру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

            Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 E-R-3 106359 142815

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында             бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің егін шаруашылығы секторының меңгерушісі; санаты Е-R-3; 1 бірлік (№04-7-4)

            Қызметтік міндеттері:

ҚР Президентінің Жарлықтарын және ҚР Үкіметінің Қаулылары мен нормативтік актілерін, ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігінің  Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасының  бұйрықтарын және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Тұқым шаруашылығы жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу және өндіру, дайындау, өңдеу,  сақтау,  тасымалдау, пайдалану  жұмыстарын мемлекет тарапынан ұйымдастыру. Жерді тиімді пайдалану мен агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізілуін бақылау. Егін себу қорытындысы және егін жинау қорытындысы туралы есепті тапсырушылардың  мерзімінде тапсыруын бақылау. Ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдық (зертхана) және сорттық (апробация) бақылауын жасайды. Астық  мониторингісінің есебін шаруашылықтардан жинақтап, талдау жасау. Тұқым, өсімдік қорғау мекемелері, су шаруашылығы мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Егін шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында жұмыстарды ұйымдастырады. Ауылшаруашылық объектілерін өрттен қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын ұйымдастыру. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі: ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы: ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе биотехнология немесе немесе тамақ өнімдерінің технологиясы немесе өңдеу өнеркәсібінің технологиясы немесе технологиялық машиналар және құралдар (сала бойынша) немесе инженер-механик немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi  ішкі конкурс өткізу туралы барландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                      «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс  күні  ішінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,     Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны: ___________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

 

________                                                        ___________________________________

(қолы)                                                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта