home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 15.10.2018 жыл

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

            Е-G-3 санаты үшін: білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

           

            Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-G-3 69 957 94 109

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

 

  1. Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік (№ 05-03-02)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау үшін өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес жұмыс жүргізу. Көкарық ауылының Қ.Сатпаев көшесінің оңтүстік бөлігі мен Жастар көшелерінің тазалығын, осы көше тұрғындарының міндетті салықтарды уақытылы төлеуін қадағалап, аталған көшелердің шаруашылық кітабын жүргізуге жауап береді. Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, көріктендіру, көгалдандыру, түнгі жарықтандыру, санитарлық тазалық экологияға қатысты жұмыстарды ұйымдастырады.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға заң шеңберінде жауап беріп, «1-ОЛ», «Айқын»  бағдарламасы бойынша есеп өткізіп, өкім-шешім жобаларын дайындайды. Еңбек ақы табелін жүргізіп, еңбек тәртібін бұзушылар бойынша ұсыныстар береді. Ауыл әкімі болмаған кезде міндеттерін қосымша атқарады. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, ТҮКШАЖ, жер, төтенше жағдайлар, құрылыс, ветеринария, ветинспекция бөлімдеріне және СЭС, статистика басқармаларынан келіп түскен хаттарға уақытылы жауап беріп, есептерін өткізеді. Ауылдық округ аумағындағы тұрғын үй құрылысы бойынша бос жер телімдерін анықтау, ауыл аумағында және ТҮҚ аумағының шекарасын айқындау  жұмыстарын тиісті мекемемелермен үйлестіреді. Меншік түріне қарамастан кәсіпкерлік ұжымдардың, шаруа қожалықтарының, ауыл тұрғындарының мал, құстары бойынша есеп мәліметін дайындап, ауыл шаруашылығы саласына арналған барлық есептерге жауап береді. Көктемгі, күзгі егін егу жұмыстарының барысын қадағалап, есебін өткізеді. Әскери міндеттілік шараларын ұйымдастырып, әскерге шақырушыларымен жұмыс жүргізеді.  Әкімдіктің бас маманы болмаған кезде міндеттерін қосымша атқарады. Барлық шаруашылық кітаптардың тиісті талаптарға сәйкес жүргізілуіне жауап береді. Қоғамдық партиялармен, барлық қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік рәміздердің тиісті талаптарға сай қолданылуы уақытылы жойылуы бойынша жұмыстарға жауапты.            ҚР Президентінің жолдаулары мен басқа да халыққа арналған бағдарламалық тапсырмалары бойынша жұмыстар ұйымдастырады. Мерекелік іс-шаралар мен басқа да атаулы күндерге арналған шараларды ұйымдастырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729 бабында көзделген ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындалуын үйлестіреді, қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғалымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе өнер саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ветеринария саласындағы.

Мамандығы – ауылшаруашылық ғалымдары саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе өнер саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланғаннан келесі жұмыс күнінен  бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта