home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 28.11.2017 жыл

Өтінішті көшіру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

            Е-R-1 санаты үшін: білімі – жоғары;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,  C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық  лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Е-R-3 санаты үшін: білімі – жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі   немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       Е-G-3 санаты үшін: білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге деін
1 Е-R-1 142 412 192 382
2 E-R-3 96 607 129 920
3 Е-G-3 69 957 94 109

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 220, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, 21381, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы; санаты Е-R-1, 1 бірлік (№ 04-3-1)

            Функционалдық міндеттері: Саяси партиялар мен қозғалыстар, кәсіподақ пен жастар ұйымы және діни бірлестіктер жұмысына бағыт-бағдар береді. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Аудан көлемінде стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру. Мемлекеттік саясатты, ҚР Президентінің Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру, насихаттау жұмыстарының орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – философия немесе филология немесе дінтану немесе білім саласындағы (жалпы) немесе саясаттану немесе журналистика немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің секторының меңгерушісі; санаты Е-R-3, 1 бірлік (№ 04-02-1)

            Функционалдық міндеттері: Білім мекемелеріне шалғайдағы елдімекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау жұмысын бақылайды, аралық және қорытынды аттестаттаулар, аралық және мемлекеттік емтихандарының жұмысын бақылайды, мектеп директорларымен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырады және әдістемелік-ақпараттық көмек береді, білім ұйымдарында ҰБТ-ге  мен ОЖСБ-ға дайындық шаралары аясындағы іс-шараларды жүзеге асыруды үйлестіреді, ҰБТӨП – мен байланыс орнатады, есеп-мәліметтерге талдау, сараптама жүргізеді, аудан мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімінің деңгейіне мониторингтік талдау жасау, рейтингілеу жұмыстарын ұйымдастырады, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға қатысады, мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың орындалуы мен жүзеге асырылуы бойынша есеп-мәліметтер, ақпараттар дайындайды және жұмыстардың жүргізілуіне басшылық жасайды. Аудандық білім бөлімінің мамандары мен әдістемелік кабинет қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, қадағалайды. Орта білім беру жүйесіне арналған Заңдық күші бар құжаттар мен нормативтік актілердің орындалуын бақылайды. Облыстық білім басқармасының т.б. жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды. Білім беру мекемелеріндегі оқу бағдарламалары мен жоспарлау үрдісін, базистік оқу жоспарының негізгі және қосымша бөліктерінің жүзеге асырылуына бақылау жасайды. Аудандық білім бөлімінің алқасы мен басшы алдындағы  кеңесіне шығарылатын мәселелерді қадағалайды және алқа шешімдері мен тиісті құжаттардың орындалуына бақылау жасайды. Мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуына, мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту шараларының орындалуы, осы бағыттағы статистикалық есеп- мәліметтердің жүргізілуіне, ОШ–1 стастикалық есептерінің уақытылы өткізілуіне жалпы басшылық жасайды. Мектеп директорлары секциясының жұмысына басшылық жасайды. Ресурстық және магниттік мектептер жұмысын үйлестіреді, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, материалдық-техникалық базасының нығайтылуын бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – философия немесе филиология немесе дінтану немесе саясаттану немесе журналистика немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит  немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1 бірлік, №05-02-6 (уақытша, негізгі қызметшінің 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындау. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Бекітілген учаскелерінде  сайлаушылардың  тізімін жасау, сондай-ақ сайлаушылар туралы  деректердің дұрыстығы үшін жауап беру. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді, ауыл жиындары мен көше жиындарының хаттамаларының дайындалуын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заң аясында жүргізілуін ұйымдастырады. Ауыл әкімінің өкімдерін, шешімдерін заң аясында орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы.

Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы  (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе мәдениеттану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік, №05-06-05 (уақытша, негізгі қызметшінің 2019 жылдың 1 наурызына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне)

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің  жұмыстарын орындайды.   Көріктендіру,      санитарлық  тазалық  жұмыстарын  жүргізеді және  сайлаушылар  тізімін  жасайды. Ауызша және жазбаша келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу және орындалу мерзімін қадағалайды, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның орындалуын және арыз шағымдардың уақытылы бақылаудан алынуын жүргізеді. (№1-ОЛ есебін жүргізеді). «Айқын» бағдарламасына мәліметтерді енгізу жұмыстарын орындайды. Ауыл әкімінің  қосымша жүктелген  тапсырмаларының   орындалуын  үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – құқық саласындағы.

Мамандығы – құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланғаннан келесі жұмыс күнінен  бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта